Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 78, 81-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар, № 11, 67-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
151-баптағы «беру (донациялау)» деген сөздер «донациялау» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат, № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; №12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84; 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
1) Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша «салауаттылығы», «салауаттылық», «салауатты», «салауаттылығының», «салауаттылығын», «салауаттылыққа», «салауаттылығына», «салауаттығы», «Салауатты» деген сөздер тиісінше «саламаттылығы», «саламаттылық», «саламатты», «саламаттылығының», «саламаттылығын», «саламаттылыққа», «саламаттылығына», «саламаттылығы», «Саламатты» деген сөздермен, «принциптер», «принциптері», «принциптеріне», «принциптерін», «принцип», «принциптердің», «принципі», «принциптерімен» деген сөздер тиісінше «қағидаттар», «қағидаттары», «қағидаттарына», «қағидаттарын», «қағидат»,«қағидаттардың», «қағидаты», «қағидаттарымен» деген сөздермен, «тіркеу деректемесіне», «тіркеу деректеріне», «тіркеу деректерінің», «тіркеу деректемесінің», «Тіркеу деректеріне», «тіркеу деректері», «тіркеу деректерінде» деген сөздер тиісінше «тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасының», «Тіркеу дерекнамасына», «тіркеу дерекнамасы», «тіркеу дерекнамасында» деген сөздермен, «тексеріп-қараулардың», «тексеріп- қарау», «тексеріп-қараудың», «тексеріп-қаралуға», «тексеріп-қараудан», «тексеріп-қарауы», «тексеріп-қарауды» «тексеріп-қарауға» деген сөздер тиісінше «қарап-тексерудің», «қарап-тексеру», «қарап-тексерудің» «қарап-тексерілуге», «қарап-тексеруден», «қарап-тексеруі», «қарап-тексеруді», «қарап-тексеруге» деген сөздермен, «көрсетімдер», «айғақтары», «айғақтарсыз», «айғақтар», «айғақтардың» деген сөздер тиісінше «көрсетілімдер», «көрсетілімдері», «көрсетілімдерсіз», «көрсетілімдер», «көрсетілімдердің» деген сөздермен, «өмірді сақтау айғақтары» деген сөздер «тіршілік көрсеткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 7-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті»;
15-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігін аттестаттау»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау және дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»;
мынадай мазмұндағы 22-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«22-1-бап. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»;
24-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары»;
мынадай мазмұндағы 66-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«66-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы»;
72, 74, 76, 77, 80-2, 81 және 84-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Биологиялық активті заттарды, фармакологиялық, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер»;
«74-бап. Фармакологиялық, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы клиникалық зерттеулер»;
«76-бап. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу
77-бап. Бірыңғай дистрибьютор»;
«80-2-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін жеке пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес мақсаттарда әкелу»;
«81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкету тәртібі»;
«84-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға тыйым салу, оны тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу»;
мынадай мазмұндағы 84-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«84-1-бап. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника»;
85, 86, 101, 107, 108, 109, 110 және 111-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингі
86-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника туралы ақпарат»;
«101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тіндерінің донорлығы»;
«107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi
108-бап. Туберкулезбен ауыратын, мәжбүрлеп емделуде жүрген науқастардың құқықтары
109-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда емдеу және ұстау
110-бап. Туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық байқау және емдеу
111-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек»;
мынадай мазмұндағы 135-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету»;
146 және 148-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«146-бап. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдерді мемлекеттік тіркеу»;
«148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар»;
мынадай мазмұндағы 148-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау»;
159-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу»;
27-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«27-тарау. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау»;
169, 170 және 176-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«169-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау және оларды алу шарттары
170-бап. Тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттау тәртібі»;
«176-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау»;
мынадай мазмұндағы 176-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«176-1-бап. Біліктілік санаттарын беру және кері қайтарып алу»;
3) 1-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) авторландырылған генерик - бірегей препаратқа ұқсас, сол бір өндірушінің өзі шығаратын, бірақ саудалық атауымен және бағасымен ерекшеленетін дәрілік препарат;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрi - мекендеу ортасы) - адамның тыныс-тiршiлiгi жағдайын айқындайтын табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы;»;
4) тармақшадағы «(профилактикалық)» деген сөз «және санитариялық-профилактикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3) және 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) биологиялық жолмен алынған дәрілік препараттар - биологиялық заттарды (гормондар, цитокиндер, қанның ұю факторлары, инсулиндер, моноклондық антиденелер, ферменттер, колония ынталандырушы факторлар, тіндер жасушаларының базасында жасалған препараттар және биотехнологиялық әдістердің көмегімен алынған басқалары) қамтитын препараттар;
15-2) биосимиляр - сапасы, қауіпсіздігі, тиімділігі бойынша алғаш өндірілген және бірегей дәрілік препарат патентінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін тіркеуге ұсынылған (бірегей) дәрілік препаратқа ұқсайтын биотехнологиялық дәрілік препарат;
15-3) биотехнологиялық дәрілік препарат - рекомбинанттық дезоксирибонуклеин қышқылы технологиясын, биологиялық активті ақуыздарды өндіруді кодтайтын гендердің бақыланатын экспрессиясы әдісін, гибридтің және моноклондық антиденелер әдісін қолдана отырып, биотехнологиялық процестер арқылы өндірілген биологиялық дәрілік препарат, сондай-ақ гендік-инженерлік түрлендірілген гендік-терапиялық және соматотерапиялық дәрілік заттар;
15-4) біліктілік санатын беру туралы куәлік - тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;»;
16) және 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16) бірегей дәрілік зат - жаңа активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, тиімділігі мен қауіпсіздігі клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің нәтижелерімен расталған және толық дерекнама негізінде тіркелген дәрілік зат;
16-1) бірыңғай дистрибьютор - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің сатып алынуын және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканың сатып алынуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 16-2) және 16-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-2) гемопоэздік дің жасушалары - организмнің ішкі ортасы тінінің бір бөлігі, адамның өмір сүру процесінде сүйек кемігінде, перифериялық қанда (стимуляциядан кейін) және кіндік қанында болатын, полипотенттілігі бар сүйек кемігінің жасушалары;
16-3) гомеопатиялық препараттар - шағын мөлшерде табиғаттан алынатын заттарды қамтитын және арнайы технологиямен дайындалған дәрілік заттар;»;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) дәрілік зат - фармакологиялық активті заттарды білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне өтетін, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар: дәрілік субстанция, дәрілік шикізат, дәрілік заттардың балк-өнімдері, дәрілік препараттар;»;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарты - дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес өндірілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауардың ішкі айналыс үшін шығарылуы туралы сертификаты бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен не дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған халықаралық стандарт талаптарына сәйкес дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісін құруға ниеті бар заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;
18-2) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт - тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;»;
19) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-1), 21-1) 21-2) және 21-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы келісімшарттық өндіру - дәрілік заттарға арналған тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарының және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға арналған халықаралық стандарт талаптарының толық сақталуын қамтамасыз ететін өндірушінің өндірістік қуаттарында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тапсырыспен өндірілуі;»;
«21-1) дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар (бұдан әрі - тиісті фармацевтикалық практикалар) - дәрілік заттардың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы стандарттар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар;
21-2) дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат - уәкілетті органның фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
21-3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі нормативтік құжат - дәрілік заттың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен сапасының бірдей параметрлерін қамтамасыз ететін оны анықтау әдістемелеріне қойылатын талаптар кешенін белгілейтін құжат;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік ережелерге сәйкес жұмыс істейтін дәріхана, алғашқы медициналық-санитариялық және (немесе) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған, дәріханадан ұйымдастырылған жылжымалы дәріхана пункті, дәріхана қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы уақытша сақтау қоймасы, оптика дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру жөніндегі ұйымдар;»;
мынадай мазмұндағы 24-1), 24-2), 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингі - дәрілік препараттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлері туралы хабарламаларды анықтауға, жинауға, бағалауға және талдауға бағытталған іс-шаралар кешені;
24-2) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі - адамның өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіру ықтималдығына байланысты жол беруге болмайтын тәуекелдің болмауы;»;
«25-1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі - профилактикалық, диагностикалық әсерге, емдеу және (немесе) оңалту әсеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін сипаттамалардың жиынтығы;
25-2) дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау - тіркелген дәрілік заттардың қауіпсіздігі туралы ақпаратты байқау, талдау және бағалау жүйесі;»;
26) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) дәрілік заттың немесе медициналық мақсаттағы бұйымның балк-өнімі - соңғы қаптамамен орауды қоспағанда, технологиялық процестің барлық сатысынан өткен, мөлшерленген дайын дәрілік препарат немесе медициналық мақсаттағы дайын бұйым;»;
мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) дәрілік субстанция - шығарылу табиғатына қарамастан, белгілі бір фармакологиялық активтілігі бар, дәрілік препараттарды өндіруге және дайындауға арналған зат немесе заттар қоспасы;
32-2) дәрілік субстанциялардың және олардың қоспаларының стандартты үлгілері - сыналатын дәрілік заттардың сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылатын салыстыру заттары;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) дәрiлiк формуляр - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін жеткілікті мөлшерде болуға міндетті, денсаулық сақтау ұйымдарының бейіні ескеріле отырып қалыптастырған дәрілік заттар тізбесі;»;
мынадай мазмұндағы 33-1), 34-1), 34-2), 37-1), 37-2), 37-3) және 37-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«33-1) дәрілік шикізат - дәрілік заттарды өндіру және дайындау үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, минералдан, жануардан алынатын заттар немесе химия өнеркәсібі өнімдері;»;
«34-1) дезинсекция - адамды, жануарларды, үй-жайлар мен аумақты жәндіктер мен бунақ аяқтылардан қорғау мақсатында оларды жою жөніндегі профилактикалық және қырып-жою іс-шаралар кешені;
34-2) дезинфекция - сыртқы ортада инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жоюға бағытталған арнайы іс-шаралар кешені;»;
«37-1) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік санаты (бұдан әрі - біліктілік санаты) - маманның тиісті медициналық және фармацевтикалық мамандық шеңберіндегі жұмысты орындау үшін қажетті кәсіптік білімінің, шеберлігі мен дағдыларының көлемімен сипатталатын біліктілік деңгейі;
37-2) денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт - денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігі деңгейіне, еңбегінің мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
37-3) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау -медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандыққа сәйкес келуін айқындауға және оларға тиісті маманның сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге арналған міндетті рәсім;
37-4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер процесінің сипаттамасын, нысандарын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт;»;
38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«38) денсаулық сақтау саласындағы сараптама - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау қызметінің әртүрлі салаларындағы құралдардың, әдістердің, технологиялардың, білім беру бағдарламаларының, көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасын белгілеуге бағытталған ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы;»;
41) тармақшадағы «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы,» деген сөздер алып тасталсын;
43-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1) дератизация - кеміргіштерді жоюға немесе олардың санын азайтуға бағытталған профилактикалық және қырып-жою іс-шараларының кешені;»;
мынадай мазмұндағы 43-2) тармақшамен толықтырылсын:
«43-2) детоксикация - адам организмiнен эндоген немесе экзоген текті уытты заттарды шығаруға бағытталған медициналық iс-шаралар кешенi;»;
45), 47) және 50) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«45) диагностикалық реагенттер - медициналық мақсаттағы бұйымдарға жататын, организмнен тыс зерттеуге арналған және диагноз қою немесе пациенттің физиологиялық жай-күйін бағалау мақсатында организмнің параметрлері туралы мәліметтер алуға қызмет ететін реагенттер, реагенттердің жиынтықтары;»;
«47) донор - донорлық қан, оның компоненттері, өзге де донорлық материал (оның ішінде шәует, аналық жасушалар, ұрпақты болу ағзаларының тіндері, жыныс жасушалары, эмбриондар) алу жүргізілетін, сондай-ақ реципиентке транспланттау үшін тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу жүргізілетін адам, адамның мәйіті, жануар;»;
«50) жалған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника - құрамы немесе жинақталуы және (немесе) өндіруші туралы анық емес ақпаратпен және қолдан жасалған заттаңбамен құқыққа қайшы және әдейі жабдықталған, сондай-ақ жасырын шығарылған дәрілік зат, медициналық мақсаттағы бұйым және медициналық техника;»;
51) тармақшадағы «, халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 57-1) және 57-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«52-1) иммундық-биологиялық препараттар - басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлердің иммунологиялық әдістерінің көмегімен инфекциялық және иммундық (аллергиялық ауруларды қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге арналған препараттар, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, қан (алу тәсіліне қарамастан) препараттары, сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттар;
52-2) иммуннологиялық типтеуді жүргізу жүйесі (бұдан әрі - HLA жүйесі) - адам лейкоциттерінде орналасқан және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау кезінде донор мен реципиенттің тіндік үйлесімділігін айқындайтын антигендер жүйесі;»;
«57-1) кезек күттірмейтін медициналық көмек - пациенттің өміріне төнген қауіптің анық белгілері болмағанда, кенеттен болған қатты аурулар, жарақаттар кезіндегі, денсаулық жағдайы күрт нашарлаған, созылмалы аурулары асқынған кездегі медициналық көмек;
57-2) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалы - адам мен жануарлардың клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер жүргізу кезінде алынған және зертханалық зерттеулерге арналған биологиялық сұйықтықтарының, тіндерінің, секреттері мен тіршілік әрекеті өнімдерінің үлгілері, биопсиялық материал, гистологиялық кесінділер, жағындылар, қырындылар, шайындылар;»;
58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«58) клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу - биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерделеу мақсатында оларды эксперименттік фармакологиялық, токсикологиялық және басқа да ғылыми зерттеулер кешені;»;
мынадай мазмұндағы 59-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«59-1) клиникалық хаттама - белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;»;
«61-1) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр - шекті бағалары көрсетіле отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін қалыптастырылған және денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік формулярларды әзірлеу мен бекіту үшін міндетті негіз болып табылатын, клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттардың тізбесі;»;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы - дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар жинағы;»;
мынадай мазмұндағы 62-1) және 64-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«62-1) қайта өндірілген дәрілік зат (генерик) - түрлі өндірушілер шығаратын, активті субстанцияларының құрамы, дәрілік нысаны, сапа, қауіпсіздік, тиімділік көрсеткіштері бойынша бірегей дәрілік затпен бірдей дәрілік препарат;»;