Тіркеуші қағидаларының жинағын сақтау тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағын директорлар кеңесі бекітеді.
Бірыңғай тіркеуші қағидалар жинағы бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органды растатйтын құжаттарды қоса бере отырып хабардар етеді.
3. Бірыңғай тіркеуші қағидаларының жинағы:
1) эмиссиялық бағалы қағаздармен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерімен, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарымен жасалатын мәмілелерді тіркеу қағидаларын;
2) эмиссиялық бағалы қағаздарды, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, сондай-ақ осы Заңда белгіленген жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттердің міндеттемелері жөніндегі талап ету құқықтарын есепке алу қағидаларын;
3) эмиссиялық бағалы қағаздарды сақтау және материалсыздандыру қағидаларын;
4) бірыңғай тіркеушінің клиенттеріне есептілік табыс ету қағидаларын;
5) бағалы қағаздар рыногы субъектілерімен өзара іс-қимыл тәртібін;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелерді қамтуға тиіс.
12-тарау. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет
07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 69-бап тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде және (немесе) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымының инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушылардың қызметі «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет қызметтің мынадай кіші түрлерін:
1) ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
2) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды.
3. Инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi қызмет клиенттiң мүдделерiн көздеп табыс табу мақсатында жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың басқаруындағы қаржы құралдарына қатысты құқықтарын номиналды ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес ескереді.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 70-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
70-бап. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары
1. Инвестициялық портфельдi басқарушылардың функциялары:
1) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;
2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсаттарында инвестициялық портфельдi басқару процесiнде бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;
3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және өздерінің iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердi есепке алуды жүргiзу;
4) инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарттың талаптарын орындау болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығы бар инвестициялық портфельді басқарушы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
«Өмірді сақтандыру» саласындағы қызметті және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағында көзделген функциялардан басқа, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген функцияларды жүзеге асырады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi басқарушылар басқаруындағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөнiндегi құқықтарын жүзеге асыруға құқылы.
71-бап. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 72-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 72-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
72-бап. Инвестициялық комитеттің қызметі. Инвестициялық комитет мүшелеріне қойылатын талаптар
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының меншікті активтеріне және (немесе) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы (инвестициялық портфельді басқарушы) инвестициялық басқаруға қабылдаған активтерге қатысты инвестициялық шешімдер қабылдауды құрамында кемінде үш адам болуға тиіс инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы өздерін кәсіби қатысушының басшы қызметкерлеріне тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының басшы қызметкерлері болуға тиіс.
Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банкке және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
2. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органы жүзеге асырады.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына осы инвестициялық портфельді басқарушының қызметкерлері болып табылмайтын адамдар кірмеуге тиіс.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен жасалған шартқа сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық комитетінің құрамына қойылатын қосымша талаптар белгіленеді.
4. Инвестициялық комитеттің отырысы инвестициялық комитеттің сайланған мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы, бірақ инвестициялық комитеттің кемінде үш мүшесі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысатын мүшелердің көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.
5. Инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық шешімдерді қабылдау бөлігінде өзіне жүктелген функцияларды орындауды өзге тұлғаларға беруге құқылы емес.
6. Инвестициялық комитет мүшелері осы инвестициялық комитет мүшесінің мүдделері мен бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының және (немесе) оған активтері инвестициялық басқаруға берілген клиенттердің мүдделері бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты мән-жайлардың болуы туралы ақпаратты бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізуге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар басталған кезде инвестициялық комитет мүшесі инвестициялық комитеттің отырысына қатысуға және инвестициялық комитет қабылдайтын шешімдерге қандай да бір ықпал етуге құқылы емес.
7. Инвестициялық комитет отырысының қорытындылары бойынша хаттама жасалады, оған инвестициялық комитеттің төрағасы мен инвестициялық комитеттің отырысына қатысушы барлық мүшелері қол қояды және онда инвестициялық комитеттің әрбір мүшесінің пікірі мен қабылданған шешімнің негіздемесі қамтылады.
8. Инвестициялық комитет бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының өз активтері не клиенттерінің бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының инвестициялық басқаруына берілген активтері есебінен мәмілелер жасау туралы, осы активтерді мақсатқа сай емес пайдалану, Қазақстан Республикасы заңнамасының, инвестициялық декларацияның талаптарын бұзу көзделетін шешімдерді жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осындай шешімдердің қабылдануы үшін дауыс берген адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
Уәкілетті органның адамды не адамдарды инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы хабарламасы бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушының атқарушы органының назарына жеткізіледі, ол мұны уәкілетті органның хабарламасын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшелерінің міндеттерін орындаудан шеттеткен адамдардың назарына жеткізуге міндетті.
9. Уәкілетті органның осы баптың 8-тармағында көрсетілген хабарламасы инвестициялық комитет мүшесінің назарына жеткізілген кезден бастап осы адам инвестициялық комитеттің жұмысына қатысуға құқылы емес және уәкілетті орган инвестициялық комитет мүшесінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш жыл ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген ұйымдардың инвестициялық комитетінің құрамына сайлана алмайды.
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 72-1-баппен толықтырылды
72-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы
1. Бірде-бір тұлға дербес өзі немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене, пайдалана және (немесе) оған билік ете алмайды, сондай-ақ уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмастан инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде инвестициялық портфельді басқарушының қабылдайтын шешімдеріне бақылау жасай алмайды немесе оларға ықпал ету мүмкіндігі болмайды.
Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі болған кезде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алуы мүмкін. Талап етілетін ең төменгі рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызын жанама иеленуді немесе инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызын тікелей иеленетін немесе талап етілетін ең төменгі рейтингі бар инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен дауыс беру мүмкіндігі бар, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену (дауыс беру) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он немесе одан көп пайызымен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға үшін көрсетілген рейтингтің болуы талап етілмейді.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) немесе дауыс беретін акцияларының жиынтығында он немесе одан көп пайызы тиесілі болатын және мынадай:
1) акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы қуыныммен сотқа жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелерді енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) инвестициялық портфельді басқарушының аудитін өз есебінен жүргізу мәселелері бойынша олардың шешім қабылдауын көздейтін, өздерінің арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін акционерлер инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болып табылмайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу бойынша талаптар мемлекетке, сондай-ақ мыналардың:
көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесі бар басқа қаржы ұйымының;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 5-1-тармағына сәйкес ірі қатысушы мәртебесін иеленуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейтін басқа заңды тұлғаның акцияларды иеленуі (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын жанама иеленуші (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) деп танылатын тұлғаға қолданылмайды.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру, оны кері қайтарып алу қағидаларын, көрсетілген келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы болуға ниет білдірген тұлға келісім алу үшін осы баптың 6 - 10-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену туралы өтініш беруге міндетті.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына өздеріне меншік құқығында тиесілі мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде ақы төлейді. Бұл ретте мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының құнын шегергенде) инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген және иеленетін акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс.
6. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды табыс етеді:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) акцияларды сатып алу тәртібі мен шарттарын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Мыналар:
кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақы төленетін қызметтен түскен табыстар;
өтініш берушінің құжаттамамен расталған ақшалай жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін пайдаланылатын қаражат көзі болып табылады.
Сыйға тарту, ұтыс, өтеусіз алынған мүлікті сатудан түскен табыс түрінде алынған, инвестициялық портфельді басқарушының иемденетін акциялары құнының жиырма бес пайызынан аспайтын мөлшердегі ақша инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену үшін осы тармақшаның екінші бөлігінде көрсетілген қаражат көздеріне қосымша пайдаланылуы мүмкін.
Өтініш беруші сыйға тарту түрінде алынған мүлік есебінен инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденген кезде сыйға тартушы және көрсетілген мүліктің сыйға тартушыда пайда болу көздері туралы мәліметтерді ұсынады;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалар жөнінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген нысан бойынша мәліметтер;
4) осы қордың немесе ұйымның қаржы жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандыру жоспары;
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
6) кірістер мен мүлік туралы мәліметтер, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысанға сәйкес өтініш берушінің барлық міндеттемелері бойынша орын алған берешек туралы ақпарат, ал Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғасы сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденіп алу туралы өтінішті уәкілетті органға берген күннің алдындағы күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынылған, нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияның көшірмесі және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған, кірістер мен мүлік туралы декларацияның нотариат куәландырған немесе мемлекеттік кіріс органы растаған көшірмесі.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы мәліметтер активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
7) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректер. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасы резиденті-инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сатып алуға осы елдің заңнамасында рұқсат етілгені туралы не мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы жазбаша растамасы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1. Егер жеке тұлға уәкілетті органның алдын ала жазбаша келісімін алмай, сыйға тарту шарты негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының белгілеріне сәйкес келген жағдайда, ол осы баптың 14-тармағында белгіленген талапқа сәйкес тиісті мәртебені иелену туралы өтініш берген кезде мыналарды:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
1) инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сыйға тарту шарттары мен тәртібін растайтын құжаттың көшірмелерін;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) осы баптың 6-тармағының 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды;
3) бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындаған, сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың құны туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
Бұл ретте инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім алу үшін сыйға тарту шарты нәтижесінде инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иеленген жеке тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті беру күніне мына шарттарды орындайды:
1) жеке тұлғаға тиесілі мүліктің құны (инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының құнын шегергенде) сыйға тарту шартының нысанасы болып табылатын акциялардың және ол инвестициялық портфельді басқарушының бұрын иеленген акцияларының жиынтық құнынан кем болмауға тиіс;
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлік, еңбек немесе басқа да ақылы қызметінен алынған кірістер, сондай-ақ оның құжатпен расталған ақша жинақтары инвестициялық портфельді басқарушының сыйға тартылған акцияларының бағалаушы айқындаған құнының кемінде жетпіс бес пайызын құрайды.
7. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) өтініш беруші органының инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемдену туралы шешімінің көшірмесін, сондай-ақ өтініш берушінің үлестес тұлғаларының тізімін (қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында мәліметтер болмаған жағдайда);
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, сондай-ақ шарттың күшіне қарай осы заңды тұлғаның шешімдерін айқындауға не өзгеше түрде бақылауға мүмкіндігі бар тұлғалар (дербес немесе басқа тұлғалармен бірлесіп) туралы мәліметтерді және растайтын құжаттарды;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
3) осы баптың 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
5) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
6) білімі, еңбек қызметі, мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді қоса алғанда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді ұсынады. Бейрезидент-жеке тұлғалар мінсіз іскерлік беделін растау үшін өздері азаматы болып табылатын елдің, ал азаматтығы жоқ адамдар үшін - өздері тұрақты тұратын елдің тиісті мемлекеттік органы берген алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының жоқ екенін растайтын құжатты ұсынады (көрсетілген құжатты беру күні өтініш берілген күннің алдындағы үш айдан аспауға тиіс);
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
7) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтінішті табыс ету алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін ұсынады.
8) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілік орналастырылған жағдайда, өтініш беруші осы есептілікті ұсынбайды.
8. Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім алу үшін мынадай құжаттарды: