10. Өтініш берушінің (лицензиаттың) көрсетілген басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерін (әрекетсіздігін) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келмейді деп тану үшін жеткілікті деректер негізінде уәкілетті орган осы бапта көрсетілген адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:
1) келісім беруге негіз болған мәліметтердің анық еместігі анықталуы;
2) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның осы Заңның 3-5-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шараларын қолдануы;
4) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.
Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттіктерін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Осы баптың талаптары лауазымдық міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты мәселелерге жетекшілік ету кірмейтін, ұлттық компаниялардың басқару органының басшысына және мүшелеріне, атқарушы органының басшысына, сондай-ақ атқарушы органының мүшелеріне қолданылмайды.
55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.
2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 55-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
55-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың және инвестициялық портфельді басқарушылар ірі қатысушыларының аудиті
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудитін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқылы және осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келетін аудиторлық ұйым жүргізеді.
Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы үшін міндетті болып табылады.
Аудиторлық есептің көшірмесі уәкілетті органға көрсетілген құжат алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылуға тиіс.
2. Аудиторлық ұйым:
бағалы қағаздар нарығының тексерілетін кәсіби қатысушысына, оның акционерлеріне және басшы қызметкерлеріне тәуелсіз екенін;
лицензияға сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті және аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келген не резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының лицензиясына сәйкес аудиторлық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті болған жағдайда, аудиторлық есеп жарамды деп танылады.
3. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының жылдық қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының және Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының (ол бар болса) аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.
Өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының жиырма бес пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), Қазақстан Республикасының бейрезиденті-заңды тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін осы Қазақстан Республикасының бейрезидент-ірі қатысушысы орналасқан елде қаржы ұйымдарына аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым растауға тиіс.
Қазақстан Республикасының бейрезидені-заңды тұлғасы болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің және ұсынымдарының көшірмелерін қазақ немесе орыс тілінде ұсынады.
5. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушы ірі қатысушысының аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
6. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді уәкілетті орган айқындаған мерзім ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін:
бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына - қаржылық жағдайды жақсарту және (немесе) тәуекелдерді барынша азайту жөнінде осы Заңның 3-5-бабында көзделген шараларды;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 2-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудиторлық есепте көрсетілген, инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді аталған тұлғалар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган кемшіліктер жойылғанға дейін инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына осы Заңның 72-3-бабының 3-тармағында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
7. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының активтерін және (немесе) міндеттемелерін тану бөлігінде аудиторлық есепте жазылған, қаржылық есептілік және (немесе) қаржылық есептілікке байланысты өзге де ақпарат туралы пікірлер мен тұжырымдардың уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелерінен ауытқуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан осындай ауытқу себептерін түсіндіруді талап етуге құқылы.
8. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметінде тәуекелдер мен кемшіліктерді анықтаған жағдайда, одан тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға, оның ішінде стратегия мен бизнес-моделге қатысты, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялар тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты өзге ақпаратқа аудит (бұдан әрі - өзге ақпарат аудиті) жүргізуді тексеруге жататын мәселелер тізбесін, аудиттелетін кезеңді және аудиторлық ұйымның уәкілетті органға өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды ұсыну мерзімін көрсете отырып, талап етуге құқылы.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша өзге ақпарат аудитін жүргізу бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін міндетті.
Осы баптың 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өзге ақпарат аудитін жылына бір реттен артық жүргізбейді, бір мәселе бойынша өзге ақпарат аудиті үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
Өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, оны аудиторлық ұйымның ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптар, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптар аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
Аудиттің болжамды бағыттары, көлемі, жүргізілу сипаты, аудит жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер мен стандарттардың ерекшеліктері сипатталған өзге ақпарат аудиті бойынша тексеру жоспары аудиторлық ұйымның уәкілетті органмен алдын ала келісуіне жатады.
Аудиторлық ұйым өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны уәкілетті органға ұсынады және ол жариялауға жатпайды.
Өзге ақпарат аудитінің нәтижелерін уәкілетті орган қадағалап ден қою шараларын қолданған кезде ескеруі мүмкін.
9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органмен келісу бойынша аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудит немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы уәкілетті органның алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өтінішхатын уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Өзге ақпарат аудитін жүргізу тәртібіне осы бапта белгіленген талаптар өзге ақпаратқа аудиттен басқа өзге тәсілмен тексеру жүргізу тәртібіне қолданылады.
Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсініктемелерді, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, олардың қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.
Аудиторлық ұйым осы тармақтың бесінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жіберген ақпаратқа міндетті бағалау мен талдау жүргізеді. Аудиторлық ұйым жүргізілген бағалау мен талдау нәтижелерін өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепте немесе аудиторлық қорытындыда қамтылған пікірлер мен тұжырымдарды білдірген кезде пайдаланады.
10. Сот өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны жарамсыз деп таныған жағдайда, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы аудитті және (немесе) өзге ақпарат аудитін қайта жүргізуге міндетті.
11. Уәкілетті орган аудиторлық ұйымнан бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде клиенттер тізбесі жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда, ақпаратты талап етуге құқылы. Клиенттер жөніндегі мәліметтер аудиторлық ұйым клиенттерінің келісуімен беріледі.
12. Осы баптың 8, 9, 10 және 11-тармақтарының талаптары трансфер-агентке және бірыңғай операторға қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 56-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияада (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 56-бап өзгертілді
56-бап. Жосықсыз іс-қимылға тыйым салу. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
1. Бағалы қағаздар нарығы субъектілеріне:
1) бағалы қағаздар нарығының басқа субъектілеріне олардың бағалы қағаздар нарығындағы іс-қимылын өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуге;
2) бағалы қағаздар нарығында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйексіз мәліметтер таратуға;
3) бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмілені жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылықта болады.
Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілені сот мүдделі тұлғалардың талап-арызы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілені бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелерін қарау мақсатында құрылған сараптама комитетінің (бұдан әрі осы бапта - сараптама комитеті) қорытындысын қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырады.
3. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сараптама комитетін құру және оның жұмыс жасау тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді анықтау тұрғысынан мониторинг жүргізуге және талдауға мынадай талаптардың кез келгеніне сәйкес келетін мәмілелер:
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орындалуы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген шарттармен және тәртіппен бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері тараптарындағы осындай бағалы қағаздардың және (немесе) ақшаның мөлшерінің елеулі өзгеруіне алып келмеген осындай мәмілелері;
2) клиент екі немесе одан да көп брокерге беретін бір шығарылымдағы бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтардың негізінде жасалған бір не бірнеше мәміле;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бағалы қағаздар нарығында осындай мәміле жасалғанға дейін қалыптасқан осы бағалы қағаздардың бағаларынан елеулі айырмашылығы бар баға бойынша ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәміле;
4) инсайдерлік ақпаратты пайдаланып жасалған мәміле;
5) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сұраныстың және (немесе) ұсыныстың объективті арақатынасы нәтижесінде белгіленген бағалы қағаздар бағасынан жоғары немесе төмен баға белгілеуге және (немесе) ұстауға немесе бағалы қағазбен сауда-саттық көрінісін жасауға бағытталған мәміле;
6) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған, сараптама комитеті айқындаған қосымша талаптарға сәйкес келетін өзге де мәмілелер жатқызылады.
Өзге қаржы құралдарымен мәмілелер айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жататын шарттар уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танудың тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмілелерді бағалы қағаздар рыногында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тануды уәкілетті орган бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектілерінің ұсынған құжаттарын талдау не бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары нарығы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырады.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 56-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
56-1-бап. Инсайдерлiк ақпаратқа билiк етудi және оны пайдалануды шектеу
1. Эмитенттің ішкі құжаттарында:
1) инсайдерлікке жататын ақпарат тізбесі;
2) инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету тәртібі мен мерзімдері;
3) инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату және инсайдерлердің мұндай ақпаратты заңсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермеу үшін ішкі бақылау қағидалары;
4) инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар тұлғалардың тізімін жүргізу, сайма-сай қалпында ұстау, сондай-ақ оларды тізімнен шығару тәртібі;
5) тұлғаларды осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тізімге енгізген (тізімнен шығарған) жағдайларда оларға хабарлама жіберу, сондай-ақ осы баптың 5-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайда тұлғаларға хабарлау тәртібі мен мерзімдері;
6) осы баптың 3-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың эмитентке өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай эмитенттің инсайдерлік ақпаратына қолжетімділігі бар өз қызметкерлері туралы ақпарат беру тәртібі мен мерзімдері;
7) эмитентке инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыруына мүмкіндік беретін өзге де ережелер белгіленеді.
Эмитенттің осы тармақта көрсетілген ішкі құжаттарын (осы бапта бұдан әрі - ішкі бақылау қағидалары) эмитенттің басқару органы бекітуге тиіс.
2. Мыналар инсайдерлік ақпаратқа жатпайды:
1) инвестициялық шешімдер қабылдау және (немесе) бағалы қағаздармен (туынды қаржы құралдарымен) операцияларды жүзеге асыру туралы ұсынымдар немесе ұсыныстар әзірлеу мақсатында жасалған бағалы қағаз (туынды қаржы құралы) құнына, эмитенттің мүліктік жағдайына қатысты зерттеуді, болжауды және бағалауды қоса алғанда, жалпыға қолжетімді мәліметтер негізінде әзірленген ақпарат;
2) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат;
3) дерек көзі беймәлім, қалың қауымға таралатын, расталмаған ақпарат, сондай-ақ эмитенттің ағымдағы немесе жоспарланған қызметіне қатысты болжамдар.
3. Мына адамдар инсайдерлер болып танылады:
1) өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар эмитент қызметкерлері;
2) эмитенттің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленуіне, пайдалануына және (немесе) оларға билік етуіне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар адамдар;
3) аудиторлық ұйым, бағалаушы, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар және талаптарында инсайдерлік ақпаратты ашып көрсету көзделіп жасалған (оның ішінде ауызша) шартқа сәйкес эмитентке қызметтер көрсететін басқа да адамдар;
4) эмитент шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) оның тізіміне енгізілген сауда-саттықты ұйымдастырушы;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) сауда жүйесінде эмитенттің бағалы қағаздарымен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасалатын қор биржасы директорлар кеңесінің және листинг комиссиясының мүшелері;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) өздеріне берілген функциялар мен өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер;
7) мүшелері эмитенттер болып табылатын қоғамдық бірлестіктер мен кәсіптік ұйымдар және осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, өздеріне берілген өкілеттіктерге қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар ұйымдар;
8) осы тармақтың 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген ұйымдардың өзінің қызметтік жағдайына және еңбек міндеттеріне қарай инсайдерлік ақпаратқа қолжетімділігі бар қызметкерлері;
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында аталған адамдардан инсайдерлік ақпаратты алған адамдар.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
4. Мыналарға:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде инсайдерлік ақпаратты пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты үшінші бір адамдарға беруге немесе үшінші бір адамдар үшін қолжетімді етуге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)