3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалатын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
4. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Соттың шешімі бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 226-бабына сәйкес ресімделген сот шешімі негізінде жүзеге асырады.
8. 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде орталық депозитарий, номиналды ұстаушы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша өз бетінше жазбалар енгізуге құқылы емес.
10. Жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша жазбалар енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақтауға жатады.
11. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты құқықтарды есепке алу мен растау ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ банктер қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы) кепіл беруші және кепіл ұстаушының бұйрықтары негізінде жүзеге асырады.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын беруге жол беріледі.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы эмиссиялық бағалы қағаздардың ауыртпалығына байланысты операцияларға қатысты кепіл беруші мен кепіл ұстаушының бұйрықтарын орындау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында айқындалады.
3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-2, 61-4, 61-11 және 61-12-баптарында көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепілін тіркеу кепілге берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар көрсетіле отырып, ауыртпалық алынбастан, кепіл ұстаушының осы мәмілені тіркеу үшін қажет барлық мәліметтер қамтылған бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Депонент пен оның клиенті арасында есеп айырысуларды жүзеге асыру кезінде депонентке кепілге берілген және маржиналдық мәміле бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бағалы қағаздар кепілін және осы бағалы қағаздарға меншік құқығының ауысуын тіркеу кепіл ұстаушының бұйрығы және маржиналдық мәмілелерді жасау шарттары қамтылған брокерлік қызметтерді көрсету туралы шарт негізінде жүзеге асырылады.
5. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан депонентті айырған немесе депонент лицензияны өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, орталық депозитарий ауыртпалық салынған депоненттің клиентіне тиесілі бағалы қағаздарды орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген тәртіппен ауыртпалықты алмастан, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде осы клиенттің шотына аударуды жүзеге асырады.
2014.19.03. № 179-V ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды; 2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 37-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-1-бап. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде кепіл затын ауыстыру және акциялар бойынша құқықтар кепілін тіркеу
1. Банктерді біріктіру нысанында қайта ұйымдастыру кезінде біріктірілетін банктің олар бойынша құқықтары кепіл заты болып табылатын акцияларына (кепіл беруші болып табылатын) акционердің меншік құқығы өзімен біріктіру жүзеге асырылатын банктің осы акцияларды сатып алуы негізі бойынша тоқтатылады.
2. Біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл беруші болып табылатын) акционерлеріне акциялар орналастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға ауыстырылады және кепіл құқығы қайта ұйымдастырылатын банктердің акциялары бойынша құқықтар кепілі оларды қамтамасыз ету болып табылатын қайта ұйымдастырылатын банктердің (кепіл берушілер болып табылатын) акционерлерінің тиісті міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін орналастырылатын акциялар бойынша құқықтарға қолданылады.
3. Қайта ұйымдастырылатын банктердің акцияларымен және қайта ұйымдастыру процесінде орналастырылатын акциялармен әрекеттер кепіл ұстаушының келісімінсіз жасалады.
4. Банктер біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың акциялары бойынша құқықтар кепілін тіркеудің ерекшеліктері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр. ред. қара)
38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлғаның жеке шотынан үзінді көшірмені беру арқылы жүзеге асырылады.
Үзінді көшірмені берудің талаптары мен тәртібі осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесіндегі жеке шоттан үзіндіде көрсеткен бағалы қағаздардың саны, түрлері туралы мәліметтер номиналды ұстаушының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жеке шоты (номиналды ұстаушы клиентінің қосалқы шоты) бойынша мәліметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қамтылған мәліметтер басымдыққа ие болады.
Тіркелген тұлғаларға жеке шоттардың бірыңғай жүйесінен ақпарат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеушінің лицензиясы уақытша тоқтатыла тұрған не одан айырған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
39-бап. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 41-тармақ жаңа редакцияда; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпия
Эмитенттің ірі акционерлері және осы эмитенттің өздеріне тиесілі акцияларының саны туралы, эмитент және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі және (немесе) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу және сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды есепке алу бойынша эмитенттің жеке шоттарындағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары туралы мәліметтерді қоспағанда, орталық депозитарийдің және номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының бар-жоғы, қалдықтары, қозғалысы және иелері туралы ақпарат бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайды.
42-бап. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны ашу
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы бапта белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.
Қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны жария ету болып табылмайды.
2. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-1. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді уәкілетті орган осы Заңның 55-1-бабы 9-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес аудиторлық ұйымға ұсынуы мүмкін.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер:
1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;
2016.28.12. № 36-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
1-1) прокурордың санкциясымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Мемлекеттік күзет қызметіне барлау және (немесе) нұқсан келтіру акцияларының алдын алу, оларды әшкерелеу және жолын кесу үшін қажет болатын ақпаратты беру туралы олардың талап етуі бойынша;
2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;
3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 3-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.21.06. № 19-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3-1) тармақша өзгертілді
3-1) «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсатта және тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 4) тармақша жаңа редакцияда; 2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара)
4) мемлекеттік мен жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) тек салықтық әкімшілендіру мақсатында ғана:
тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен астам, туындаған күнінен бастап төрт ай ішінде өтелмеген салық берешегі бар тұлғаға қатысты;
өзіне қатысты банкрот деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар борышкерге қатысты мемлекеттік кіріс органдарына;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне олардың сұрау салулары бойынша;
7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылды; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: оның эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша нысанда берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің және (немесе) номиналды ұстау жүйесінде ұстаушы үшін ашылған жеке шот бойынша оның сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;
10) эмитентке: өзі эмиссиялаған бағалы қағаздарға қатысты;
11) лицензиаттың бас ұйымына: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда пруденциялық нормативтерді есептеу, сондай-ақ тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін қалыптастыру мақсаттары үшін;
12) қор биржасына: оның ішкі құжаттарында айқындалған көлемде;
13) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымға, оның өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде;
14) өзінің пайдасына эмиссиялық бағалы қағаздардың немесе басқа да қаржы құралдарының ауыртпалығы, оның ішінде кепіл тіркелген тұлғаға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша оның құқықтарына қатысты ұсынылады.
Коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесі және мұндай мәліметтерді осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға ұсыну тәртібі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Бейрезидент жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:
1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынылады.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi және инсайдерлік ақпаратты сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.
9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру тәртібі
45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы
1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) брокерлiк;
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) дилерлiк;
2) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) инвестициялық портфельдi басқару;
4) 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5) кастодиандық;
6) трансфер-агенттiк;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі;
7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 2-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Осы баптың 1-тармағының 1), 1-1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет, сондай-ақ депозитарийлік қызмет, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет және бірыңғай оператордың мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілері) тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды жүзеге асыру жөніндегі қызметі бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет болып табылады.
Бірыңғай оператор мемлекетке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстауды уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Орталық депозитарий бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің мынадай түрлерін:
1) депозитарийлік қызметті;
2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті;
3) тармақша 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызметті;
4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн ұйым құрады.
4. Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыру тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен, кәсіптік ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарымен белгiленедi.
Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертiлдi
4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;
операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;
лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;
Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың басқару органы бекітуге тиіс.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 5-тармақ өзгертiлдi; 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы клиенттерінің, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың, қор биржасы мүшелерінің қаржы құралдарын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы өз меншігіндегі активтерінен бөлек есепке алады және ол банкрот болған жағдайда, мүліктік массаға және (немесе) таратылған кезде оның мүлкінің құрамына енгізілмейді.