41-24) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларын бекітеді;
41-25) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-26) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-27) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41-28) авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидаларын бекітеді;
41-29) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-30) Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-31) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-32) пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
41-33) жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
41-34) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41-35) аэроклубтар туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-36) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекітеді;
41-37) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында бортсеріктердің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-38) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекітеді;
41-39) азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларын бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-40) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-40) азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына сәйкестігін бағалау әдістемесін бекітеді;
41-41) азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-42) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-42) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-43) Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлік қызметінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-44) азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-45) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнаулы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларын бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-46) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-46) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуына құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару қағидаларын бекітеді;
41-47) Қазақстан Республикасының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;
41-48) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекітеді;
41-49) Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару тұрғысынан қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
41-50) авиатасымалдауды ұйымдастыру қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-51) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
41-52) азаматтық авиация ұйымдарының өндірістік-диспетчерлік қызметі туралы үлгілік ережені бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-53) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-53) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-54) әуе кемелерін ұшу алдында және арнайы жете тексеру қағидаларын бекітеді;
41-55) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесін, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
41-56) азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-57) авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-58) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттық талаптарды бекітеді;
41-59) азаматтық әуе кемелерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптарды бекiтедi;
41-60) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-61) авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекітеді;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 41-62), 41-63) және 41-64) тармақшалармен толықтырылды; 2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 41-62) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-62) Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау мен өңдеу жөніндегі бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекітеді;
41-63) электрондық авиажүкқұжатының нысанын бекітеді;
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 41-64) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41-64) әуе көлігімен багажды, пошта жөнелтiлімдерiн және жүктерді тасымалдау және өңдеу кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын бекітеді;
41-65) - 41-67) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 41-68), 41-69), 41-70) және 41-71) тармақшалармен толықтырылды
41-68) авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекітеді;
41-69) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-70) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекітеді;
41-71) азаматтық авиацияда жолаушыларға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекітеді;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 41-72) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-72) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-72) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларын бекітеді;
2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен 41-73) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-73) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41-73) әуежай (әуеайлақ) аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-74) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-74) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылына екі жүз мың жолаушыдан аз жолаушылар легімен операциялық шығындарды жабу үшін кірістердің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін коммуналдық меншіктегі әуежайларды субсидиялау тәртібін бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-75) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-75) әуе кемесін жерде мұз қатуға қарсы қорғау жөніндегі қағидаларды бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-76) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
41-76) азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-77) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
41-77) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерін бекітеді;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 41-78) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
41-78) монополияға қарсы органмен келісу бойынша инфрақұрылымдық алымдарды есептеу әдістемесін бекітеді;
42) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомствосы өз құзыреті шегінде осы Заңның 16-6-бабы 2-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
15-бап. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы құзыреті
Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) әуе кеңістігін пайдалану мен мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) әуе кеңістігін пайдалану және мемлекеттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
3) әуе шабуылына тойтарыс беру немесе әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бұзуды болғызбау және (немесе) тоқтату жөнінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының егемендігіне, аумақтық тұтастығына және қауіпсіздігіне қарсы күш қолдануды немесе күш қолдану қатерін жою жөнінде шаралар қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзудың жолын кеседі;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтардың тізбесін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен, ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға арналған режимдерді және қысқа мерзімді шектеулерді белгілейді;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсаттар береді;
8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге арнайы бөлінген дәліздерден тыс шет мемлекеттердің әуе кемелерінің әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындауына рұқсаттар береді;
9) шет мемлекеттердің мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің халықаралық ұшуды орындауына арналған рұқсаттарды келіседі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;
11) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекітеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясында ұшу жұмысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаларды болғызбау жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
13) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
15) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркелім және қосымша танылым белгілерін салу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
16) әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығының нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарды бекітеді;
17) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдалану қағидаларын бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекітеді;
19) мемлекеттік авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы туралы қорытынды береді;
20) мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігі талаптарының бұзылуын есепке алуды жүргізеді, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді сыныптауды, мемлекеттік органдардың мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерге тексеру жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 21) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады жəне жүргізеді;
22) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
23-1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын объективті түрде бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
2023.16.10. № 33-VIII ҚР Заңымен 23-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 28 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиация персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
24) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
25) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын медициналық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
26) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
27) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын орнитологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;
28) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларын бекітеді;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 28-1), 28-2), 28-3), 28-4), 28-5) жəне 28-6) тармақшалармен толықтырылды
28-1) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автомобиль жəне электр-газ техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-2) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарында (тікұшақ айлақтарында) автокөліктің, ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының жəне жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-3) мемлекеттік авиацияның ұшуын əуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының атқарым нормаларын (қызмет ету мерзімдерін) əзірлейді жəне бекітеді;
28-4) Мемлекеттік авиацияның əуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын, ұшуды қамтамасыз ету жəне басқару құралдарын бірлесіп пайдалану туралы нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-5) Мемлекеттік авиацияда авиациялық жанар-жағармай материалдарының жəне арнайы сұйықтықтардың сапасын қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты əзірлейді жəне бекітеді;
28-6) Мемлекеттік авиацияда əуе тасымалдарын ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;
29) Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды
29-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;
30) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-1-баппен толықтырылды; 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 15-1-бап өзгертілді (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15-1-бап. Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті
Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
3) - 31) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 15-2-баппен толықтырылды
15-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты құзыреті
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады;
4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектiлерiнiң тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың алдағы өсуі туралы хабарламаларын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзеді;
6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда, iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
8) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкiмшiлiк жазалар қолданады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді; 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген пайдаланушылардың және азаматтық авиация ұйымдарының, әуе кемелерінің, пилотсыз авиациялық жүйелердің, әуеайлақтардың және авиациялық көрсетілетін қызметтердің сәйкестігі расталады.
2. Адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, мемлекет мүдделерін қорғау, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономиканың, жеке және заңды тұлғалардың сапалы авиациялық көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру сертификаттаудың мақсаттары болып табылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесінде және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде айқындалған тәртіппен және мөлшерлерде азаматтық авиация саласындағы төлемдер алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген төлемдер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарына қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестікке сертификаттық зерттеп-қарауды нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ өзінің қаржылық-экономикалық жағдайын және құқық қабілеттілігін көрсетуге міндетті.
Сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелері өтініш берушілерге танысу үшін ұсынылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өтініш беруші сертификаттау талаптарына сәйкес келген және ол сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететін сәйкессіздіктерді жойған кезде өтініш берушіге сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) береді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей болып үш деңгейге бөлінеді.
1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жойылуға тиісті сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді