2-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режиміне өтуді жүзеге асыратын тұлғалар үшін - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін таңдау күні;
3) тармақшаның қолданысы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 мамырға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 57-15-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
3) қалған жағдайларда - егер осы баптың 8-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынылған айдан кейінгі айдың 1-і күні.
2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 мамырға дейін қолданылады)
8-1. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын және 2023 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынған салық төлеушілер қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама берілген күннен бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.
9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес арнаулы салық режимiне көшкен кезде арнаулы салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртiбін қолдану - салық салудың қолданылатын режимі туралы тиiстi хабарлама берiлген айдың соңғы күнiнен бастап тоқтатылады.
10. Арнаулы салық режимiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн жағдайлар туындаған кезде салық төлеушіні арнаулы салық режимінен салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібіне көшіру (ауыстыру) кезінде салық салудың жалпыға бірдей белгiленген тәртібін қолданудың басталу күні осындай жағдайлар туындаған айдың 1-күні болып табылады.
77-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ БОЙЫНША ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-параграф. Жалпы ережелер
680-бап. Жалпы ережелер
1. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін:
1) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданған кезде - жеке табыс салығын (төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді;
2) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын;
3) арнаулы салық режимiн тіркелген шегерімді пайдалана отырып қолданған кезде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептiлiкті есептеу, төлеу және табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықты есептеу, ұстап қалу және оны аудару бойынша салық агентінің міндеттемелерін осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
Патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 681-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
681-бап. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимдерiн қолданған кезде кірістерді айқындау тәртiбi
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектiсi салықтық кезең үшiн алынған кіріс болып табылады.
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер осы баптың 2-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн айқындалатын кіріс Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алуға жататын) кірістердің мынадай түрлерінен (осы баптың 6-тармағына сәйкес жүргізілген түзетулерді ескере отырып):
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түскен кірістен, оның ішінде мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан түскен кірістен;
2) мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетiн кірістен;
3) талап ету құқықтарын беруден түсетін кірістен;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түскен кірістен;
5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдардан, өсімпұлдан және басқа да санкция түрлерінен (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұстап қалып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
6) шығындарды жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен алынған сомалардан;
7) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуынан;
8) кәсiпкерлiк мақсаттарда пайдалануға арналған өтеусiз алынған мүлiк түрiндегi кірістен (қайырымдылық көмегiнен басқа);
9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуінен;
10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есепке жатқызылатын, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарынан тұрады.
2023.06.02. № 196-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның кірісі осы Кодекстің 227-1-бабында көзделген тәртіппен айқындалады.
3. Шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген кіріс мөлшерін:
1) заңды тұлға - жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 7-бөліміне және осы бабының 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес;
2) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды (бұдан әрі - бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасау) жүзеге асырмайтын дара кәсiпкер - осы Кодекстің 24-тарауына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес;
3) бухгалтерлiк есеп жүргізу мен қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асыратын дара кәсiпкер - осы Кодекстiң 226 - 240-баптарына және осы баптың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес айқындайды.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушілер осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірісті алған кезде осы Кодекске сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен тиісті салықтарды есептеуді, төлеуді және олар бойынша салықтық есептілік ұсынуды жүргізеді.
5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiнiң кірісі ретінде салық салу мақсатында:
1) осындай мүлікті беретін салық төлеуші үшін - өтеусіз берілген мүлiктiң құны;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алынатын активтерді өткізу;
3) егер осындай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда, дара кәсіпкер өтеусіз алған, оған жарнамалау мақсатында (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны;
4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның, егер көрсетілген шығыстар мыналарға:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған жалға алу төлемақысына қосылмайтын болса, тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде шеккен шығыстары;
2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұл мен айыппұлдардың сомасы қаралмайды.
6) 2022.11.07. № 135-VІІ ҚР Заңымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
6. Осы тараудың мақсаттары үшін бұрын танылған кіріс сомасы шегінде есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салықтық кезеңнің кіріс мөлшерін азайту түзету деп танылады.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағалар, өтемақылар өзгертілген;
4) баға шегерістері, сату шегерістері;
5) шарт талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төлеуге жататын сомалар өзгертілген;
6) заңды тұлғадан, дара кәсіпкерден, Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келмеген қызметті филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның филиалынан, өкілдігінен талапты есептен шығарған жағдайларда түзетуге жатады.
Осы тармақшада көзделген кірісті түзету:
дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне кредитор салық төлеуші талап қоймаған;
заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.
Осы тармақшада көзделген түзету талаптың туындағанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) - 5) тармақшаларында көзделген түзету осындай түзетуді жүзеге асыру үшін жағдайлардың басталғанын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде жүргізіледі.
Кірістерді түзету осы бапта көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Осы бапта көзделген жағдайлар басталған кезеңде кіріс болмаған немесе сол кезеңде мөлшерін төмендету жағына түзетуді жүзеге асыру үшін оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын кіріс түзетуге жатады деп танылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
7. Егер нақ сол кірістер кірістердің бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда, көрсетілген кірістер кіріске бір рет қосылады.
Салық салу мақсаттары үшін кірісті тану күні осы тараудың ережелеріне сәйкес айқындалады.
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Егер осы баптың 5-тармағында өзгеше белгіленбесе, патент, оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер:
1) осы Кодекстiң 330, 331, 332, 333 және 334-баптарына сәйкес - мүлiктік кірістің;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген:
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкер - осы Кодекстің осы бабының 5, 6 және 7-тармақтарына және 682-бабына сәйкес;
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асыратын дара кәсіпкер - осы Кодекстің осы бабының 5, 6 және 7-тармақтарына және 226 - 240-баптарына сәйкес;
3) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес - осы тармақтың бірінші бөлімінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілмеген жеке тұлғалардың өзге де кірістерінің мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте тиісті салықтарды есептеу және төлеу, олар бойынша салықтық есептілікті табыс ету:
1) осы Кодекстің 8-бөліміне сәйкес - осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген кірістер бойынша жүргізіледі;
2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналар бойынша:
осы тараудың 2 және 2-1-параграфтарына сәйкес - патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер;
осы тараудың 3-параграфына сәйкес оңайлатылған декларация негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген кірістер бойынша жүргізеді.
682-бап. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлердiң кірістерін салықтық есепке алуда тану ерекшелiктерi
1. Осы баптың ережелерін «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер қолданады.
2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кіріс дара кәсіпкер ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктердің сомасын ескере отырып, алынған немесе алынуға жататын құн бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кірістің сомасы дара кәсіпкер мен сатып алушы немесе активті пайдаланушы арасында жасалған шарт негізінде де айқындалады.
3. Тауарларды өткізуден түсетін кіріс төменде санамаланған барлық талаптар қанағаттандырылған кезде:
1) дара кәсіпкер сатып алушыға тауарға меншік құқығымен байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақылар берсе;
2) дара кәсіпкер әдетте меншік құқығымен ұштасатын дәрежеде бұдан әрі басқаруға қатыспаса және сатылған тауарларды бақыламаса;
3) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
4) операциямен байланысты экономикалық пайданың дара кәсіпкерге түсу ықтималдығы болса;
5) операциямен байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенетін болса, кіріс деп танылады.
4. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін кіріс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжат негізінде танылады. Жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыс орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне немесе жұмыстардың орындалу, қызметтердің көрсетілу фактісін растайтын өзге де құжатқа қол қойылған кезеңде танылады.
5. Міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін кіріске:
1) кредитордың салық төлеуші міндеттемелерін есептен шығаруы;
2) дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған кезде кредитор талап етпеген міндеттемелер;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талап қою мерзімінің өтуіне байланысты міндеттемелерді есептен шығару;
4) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша міндеттемелерді есептен шығару жатады.
Мiндеттемелердi есептен шығарудан түсетін кіріс сомасы:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті ұсынған;
2) қалған жағдайларда есептен шығарылған күні дара кәсіпкердiң бастапқы құжаттарына сәйкес төленуге жататын мiндеттемелер сомасына (қосылған құн салығының сомасын қоспағанда) тең болады.
Міндеттемелерді есептен шығарудан түскен кіріс:
1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда кредитор міндеттемені есептен шығарған;
2) осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда салық органына таратудың салықтық есептілігі ұсынылған;
3) осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда талап қою мерзімі өткен;
4) осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда сот шешімі заңды күшіне енген есепті салықтық кезеңде танылады.
6. Түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артық шығуы түріндегі кіріс түгендеу аяқталған және осындай артық шығу фактісін көрсете отырып, түгендеу актісі жасалған салықтық кезеңде танылады. Дара кәсіпкер артық шығу құнын Қазақстан Республикасында қолданылатын бағалар мен тарифтер негізінде дербес айқындайды.
7. Айыппұлдар, өсімпұл, тұрақсыздық айыбы және басқа да санкциялар түріндегі кіріс сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе оларды борышкер деп таныған салықтық кезеңде танылады.
8. Дара кәсіпкердің тауарлары, жұмыстары немесе қызмет көрсетуі басқа тұлғаның тауарларына, жұмыстарына немесе көрсетілетін қызметтеріне айырбасталатын операцияларды дара кәсіпкер жүзеге асырған кезде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетуді қабылдап алу-тапсыру актісі жасалуға тиіс. Қабылдап алу-тапсыру актісінде берілген және алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны көрсетілуге тиіс. Мұндай операциядан түсетін кіріс қабылдап алу-тапсыру актісінде көрсетілуге жататын алынған тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің құны мен тапсырылған тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
9. Салықтық кезең үшін алуға жататын (алынған) кіріс есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады
10. Талап ету құқығын беруден түсетін кіріс:
1) талап ету құқығын иеленетін дара кәсіпкер үшін - негізгі борышты талап ету бойынша борышкерден алынуға жататын сома, оның ішінде талап ету құқығы берілген күнгі негізгі борыштан тыс сома мен талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырма. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай кіріс сатып алынған талапты борышкер өтеген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады;
2) талап ету құқығын берген дара кәсіпкер үшін - салық төлеушінің бастапқы құжаттарына сәйкес беру жүргізілген талап ету құқығының құны мен талап ету құқығын беру күні борышкерден алынуға жататын талап ету құны арасындағы оң айырма болып табылады. Талап ету құқығын беруден түсетін мұндай кіріс беру жүргізілген салықтық кезеңнің кірісі болып табылады.
11. Дара кәсіпкер меншігіне өтеусіз алған мүлік құны, егер дара кәсіпкер мұндай мүлікті осы мүлік алынған салықтық кезеңде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланса, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс болып табылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік пен көлік құралдарын қоспағанда, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай мүлік алынған салықтық кезеңде танылады.
Кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған жылжымайтын мүлік (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай мүлікке меншік құқығын тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Мемлекеттік тіркеуге жататын, кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған көлік құралы (қайырымдылық көмекті қоспағанда) түріндегі кіріс мұндай көлік құралын мемлекеттік тіркеу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, осы мүлікке меншік құқығы туындаған күнгі осы мүліктің нарықтық құны дара кәсіпкер меншікке өтеусіз алған мүліктің құны болып табылады.
12. Жалға алушының жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын өтеуі түріндегі кіріс мұндай өтем алынған салықтық кезеңде танылады.
Жалға алу шарты бойынша төлем есебіне жатқызылатын, жалға алынған мүлікті күтіп-ұстауға және жөндеуге арналған жалға алушының шығыстары түріндегі жалға беруші дара кәсіпкердің кірісі осындай есепке жатқызу жүргізілген салықтық кезеңде танылады.
683-бап. Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерiне арналған арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мен Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
2. Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:
оңайлатылған декларация негізінде - 30 адамнан;
тіркелген шегерімді пайдаланумен - 50 адамнан аспайтын;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.24.06. № 53-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) арнаулы салық режимі үшін салықтық кезеңдегі кірісі:
патент негізінде немесе арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 3 528 еселенген мөлшерінен;
оңайлатылған декларация негізінде - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 038 еселенген мөлшерінен;
тіркелген шегерімді пайдаланумен - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 144 184 еселенген мөлшерінен аспайтын;
Бұл ретте осы тармақшаның бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген кіріске дара кәсіпкердің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 70 048 еселенген мөлшері шегіндегі, үш құрамдасты интеграцияланған жүйені міндетті түрде қолдана отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы алған кірістері қосылмайды.
2021.20.12. № 85-VII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.21.12. № 165-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мынадай қызмет түрлерін:
акцизделетін тауарларды өндіруді;
акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткізуді;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін - бензинді, дизель отынын және мазутты өткізуді;
лотереялар өткізуді;
683-баптың 2-тармағының 3) тармақшасының алтыншы абзацының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 46-1-бабының редакциясында қолданылады (бұр.ред.қара)
жер қойнауын пайдалануды (кен іздеушілікке арналған лицензия негізінде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметті қоспағанда);
шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;
түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді;
консультациялық және (немесе) маркетингтік көрсетілетін қызметтерді;
бухгалтерлік есепке алу немесе аудит саласындағы қызметті;
сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;
құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;
сауда базарын жалға алуды және пайдалануды;
Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарларына, 1, 2 және 3-санаттағы стационарлық сауда объектілеріне жататын сауда объектілерін, сондай-ақ олардың аумағындағы сауда орындарын, сауда объектілерін және қоғамдық тамақтану объектілерін қосалқы жалға беруді;
екі және одан көп салық төлеушілердің бір қонақүйдің немесе қонақүй қызметтері көрсетілетін жеке тұрған тұрғын емес ғимараттың аумағында осындай қызметтерді көрсету саласындағы қызметін;