2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 148-1-баппен толықтырылды
148-1-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары
Мыналар:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамдарының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары;
2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынмен орындалмаған мәмілелері бар заңды тұлғаның лауазымды адамы;
3) мыналардың:
осы баптың 1) тармақшасында аталған адам өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды адамы өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзіне қатысты құрылтайшы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғалары болып табылады.
149-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің өкілеттіктері
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
2) даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекітеді;
3) демеушілік, қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылау үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстар енгізеді;
5) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ұсыныстарын келіседі;
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
8) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
9) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар тұжырымдайды;
10) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
11) тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде айқындалған өкілеттіктерден басқа денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің мынадай өкілеттіктері бар:
1) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының немесе алқалы атқарушы орган басшысының бос лауазымына конкурс өткізеді;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) конкурс нәтижелері бойынша атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшы немесе алқалы атқарушы органның басшысы етіп тағайындауға кандидатураны тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) ұсынады;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшымен немесе алқалы атқарушы органның басшысымен еңбек шартын бұзу туралы тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) шешімін келіседі;
3) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы болады, ішкі аудит кызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің еңбекақысы мен сыйақы беру мөлшерін және шарттарын айқындайды;
4) қаржылық есептілік аудиті үшін аудиторлық ұйым көрсететін қызметтерге ақы төлеу мөлшерін айқындайды;
5) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;
6) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметі туралы ақпаратты айқындайды;
7) осы Заңда және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделген, тиісті сала уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) айрықша құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Байқау кеңесінің осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген өкілеттіктерін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органына беруге жол берілмейді.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері байқау кеңесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беруге міндетті.
150-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстары қажет болуына қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның), байқау кеңесі мүшесінің немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысының талап етуі бойынша шақыруы мүмкін.
3. Байқау кеңесі туралы ережені, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырыстарын шақыру және өткізу тәртібін тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекітеді.
4. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің отырысы, егер шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің барлық мүшелері оның өтетін уақыты мен орны туралы хабардар етілсе және отырысқа шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе өзге жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
6. Байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оларға байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 150-1-баппен толықтырылды
150-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы
1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ағымдағы қызметіне басшылықты атқарушы орган жүзеге асырады. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган байқау кеңесіне есеп береді.
Атқарушы орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және байқау кеңесінің шешімін орындауға міндетті.
Атқарушы орган осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысымен денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басқа да органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Алқалы атқарушы органның шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған атқарушы органның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қоюға және онда дауыс беруге қойылған мәселелер, алқалы атқарушы органның әр мүшесінің әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижесі көрсетіліп, бұлар бойынша дауыс беру қорытындысы қамтылуға тиіс.
Атқарушы орган мүшесінің дауыс беру құқығын өзге адамға, оның ішінде атқарушы органның басқа мүшесіне беруге жол берілмейді.
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшыны немесе алқалы атқарушы органның басшысын байқау кеңесінің ұсынуы бойынша лауазымға тағайындайды және оның алдын ала келісімі бойынша лауазымнан босатады.
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша алқалы атқарушы органның мүшесін лауазымға сайлайды және лауазымнан босатады.
Атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшыны, алқалы атқарушы органның басшысын тағайындаудың, кандидатурасын келісудің және аттестаттаудан өткізудің осы Заңның 139-бабының 3-тармағында белгіленген тәртібі денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қатысты қолданылмайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) алқалы атқарушы органның басшысымен еңбек шартын жасасады.
3. Атқарушы органның басшысы:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және байқау кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын атынан әрекет етеді;
3) банктік шоттар ашады, барлық жұмыскерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
4) үшінші тұлғалармен қатынастарда денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;
5) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жұмыскерлерін қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
6) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
7) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер саласын және жауапкершілікті бөледі;
8) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4. Атқарушы органның мүшесі байқау кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Алқалы атқарушы органның басшысы мен мүшелері немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адам басқа заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға құқылы емес.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аталған адаммен жасайтын еңбек шартында айқындалады.
2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 150-2-баппен толықтырылды
150-2-бап. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ішкі аудит қызметі
1. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне мониторингті жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін.
2. Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлері байқау кеңесінің және атқарушы органның құрамына сайлана алмайды.
3. Ішкі аудит қызметі байқау кеңесіне тікелей бағынады және оның алдында өз жұмысы туралы есеп береді.
151-бап. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті
1. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізуге міндетті.
2. Байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның аудиті байқау кеңесінің, мемлекеттік кәсіпорын басшысының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) бастамасы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
152-бап. Мүдделер қайшылығы
Байқау кеңесінің мүшесі шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелеріне шешімдер қабылдаған кезде өзінің жеке мүддесін көздеуіне, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның коммерциялық мүмкіндіктерін жеке мақсатында пайдалануына тыйым салынады.
5-параграф. Қазыналық кәсiпорын
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 153-бап өзгертілді
153-бап. Қазыналық кәсiпорынның мүлкiне билік ету
Қазыналық кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы.
Қазыналық кәсіпорын негізгі құралдарға жатпайтын, өзіне жедел басқару құқығында бекітіліп берілген жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 154-бап жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
154-бап. Қазыналық кәсіпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу құқығы
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімнің аппараты қазыналық кәсіпорынға бекітіп берілген мүлікті алып қоюға не оны өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.
2. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты қазыналық кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерін белгілеуге құқылы.
155-бап. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi
1. Қазыналық кәсiпорынның шаруашылық қызметi жарғыда бекітілген оның мақсаттарымен және мiндеттерiмен айқындалады.
2. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.
156-бап. Қазыналық кәсiпорын өндiретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
1. Республикалық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органы белгiлейдi.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын қазыналық кәсіпорындарды қоса алғанда, қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы
Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.
158-бап. Қазыналық кәсіпорынның жауаптылығы
1. Қазыналық кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билігіндегі ақшамен жауап бередi.
Қазыналық кәсiпорынды тарату жағдайларын қоспағанда, осы заңды тұлғаның қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
2. Қазыналық кәсiпорын мемлекеттің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
3. Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.
6-параграф. Мемлекеттік мекеме
159-бап. Мемлекеттік мекемені құру
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Республикалық мемлекеттік мекемені - Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі, коммуналдық мемлекеттік мекемені - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, сондай-ақ аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты құрады.
2. Мемлекеттің жеке тұлғалармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен бірлесіп мемлекеттік мекеме құруына жол берілмейді.
3. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемені құрудың ерекшеліктері мен мемлекеттік органдардың мүліктік айналымға қатысуын құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы Заңның 163 және 164-баптарында белгіленеді.
160-бап. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты бюджеттен қаржыландырады не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелерге басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асырудан бөлек, табыс әкелетін қызметті (ақылы қызметтер көрсету) жүзеге асыру құқығы берілуі мүмкін.
161-бап. Мемлекеттік мекеменің мүліктік құқықтарды іске асыруы
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мемлекеттік мекемелерінің мүлікті мемлекеттік орган шегінде мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның шешімі негізінде беруге және қайта бөлуге құқығы бар.
Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлуге құқылы.
2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.30.06. № 80-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді