Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау, бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағалау стандартына сәйкес жүргізіледі.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің меншік иесінің немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушының атқарушы органға жіберілетін талабы бойынша мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын мүліктің өтем төлеу күнгі құнына бағалау жүргізілуге тиіс.
3. Өтемді ақшадан өзгеше мүлікпен ұсыну кезінде оны бағалау осы Заңның 203 және 204-баптарының қағидалары бойынша жүргізілуге тиіс.
209-бап. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүлікті бағалау ерекшеліктері
1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне берілетін мемлекеттік мүліктің құнын бағалаушы растауға тиіс.
2. Мүлікті пайдалану құқығын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғам акцияларының төлеміне беру кезінде осы салымның мөлшері немесе акциялар төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 59-бабы 1-тармағының қағидалары бойынша және «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары бойынша осындай мүлікті пайдаланғаны үшін төлеммен айқындалады.
17-тарау. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті
есепке алу және пайдалану ерекшеліктері
210-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу ерекшеліктері
1. Осы тарауда көзделген мүлікті есепке алу ерекшеліктері мынадай:
1) тәркілеу;
2) сот актілерінің негізінде заттай айғақтарды мемлекет кірісіне айналдыру;
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді табу;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік қызметшілердің және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген сыйлықтарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға беруі;
5) республикалық мүліктің құрамына - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын өтеусіз беру;
6) коммуналдық меншікке түскен жылжымайтын затты соттың иесі жоқ деп тануы;
7) өсиет бойынша мұрагерлік;
8) иесіз қалған мүліктің мемлекетке өтуі;
9) олжаның мемлекетке өтуі;
10) қараусыз қалған жануарлардың мемлекетке өтуі;
11) мүлікті коммуналдық меншік құрамына өтеусіз беру (сыйға тарту);
12) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын көмбелерді табу негіздері бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүліктерге қолданылады.
2. Осы Заңның 15-тарауының қағидалары, осы мүлік дереу жойылуға немесе өткізілуге жататын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуға қолданылады. Мұндай жағдайларда осы мүлік туралы мәліметтер есепке алынуға жатады, бірақ мемлекеттік мүліктің тізіліміне ұсынылмайды.
211-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын органдар
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган республикалық меншiкке айналдырылған (түскен) мынадай мүлiкті:
1) тәркіленген мүлікті;
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды;
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді;
2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 216-бабының 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызметшілер және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері берген сыйлықтарды;
5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның iшiнде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiнде ресiмделген тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мынадай мүлікті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған;
2) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, сондай-ақ иесіз қалған мүлікті;
3) олжаларды;
4) қараусыз қалған жануарларды;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін);
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) тәркіленген;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) сот актілері негізінде мемлекеттің кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары оларға қатысты есепке алуды, сақтауды және одан әрі пайдалануды жүзеге асыратын, жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлік түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша түскен мүлікті одан әрі пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны өткізу арқылы жүзеге асырылады.
4. Осы бапта көрсетілген негіздер бойынша мемлекет алған мүлікті заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруге тыйым салынады.
212-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті есепке алу және сақтау қағидалары
1. Мүлiктi есепке алу:
1) тиiстi сот актілерi;
2) нотариус беретiн, мемлекеттiң мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiк;
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимiне сәйкес мәлiмделген кедендік жүк декларациясы;
4) мемлекеттің меншiк құқығы туындағанын растайтын өзге де құжаттар негiзінде жүзеге асырылады.
2. Мүлiк тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi негiзiнде беріледi. Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актiсi онда көрсетiлген тараптардың санына қарай жасалады.
3. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу үшін актілерді есепке алу кітабы жүргізіледі. Актілерді есепке алу кітабында мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі. Жекелеген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен мүлікті есепке алуды жүргізу тәртібін, мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерінің және актілерді есепке алу кітабының нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Осы баптың қағидалары бойынша мемлекетке түскен мүлікті сақтау осы Заңның 211 және 213-баптарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
213-бап. Мемлекеттік мүліктің құрамына жекелеген негіздер бойынша түскен мүлікті өткізу
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіп сақтала отырып жүргізіледі:
1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақталу) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсіп тауарлары (көлік құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық нәтижелері бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.
Ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті пайдалану және жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Осы баптың қағидалары бөлшектелген көлiк құралдарына, өнеркәсiптік және өзге де жабдықтар объектілеріне, аяқталмаған құрылысқа не мәнi жағынан ұқсас басқа мүлiкке пайдаланылады. Көрсетілген мүлік қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары немесе қара және түсті металдардың сынықтары ретiнде бағаланады және өткізіледі.
3. Осы бапта көрсетілген мүлiктi өткізуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
4. Мүлiктi есепке алуға, бағалауға, сақтауға, жөнелтіп жiберуге, оны сатуды ұйымдастыруға және одан әрi пайдалану жөніндегі өзге де шығындарға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Сот мүлiктің мемлекет меншiгiне түсуіне негіз болған актiнің күшін жойған (тиiстi бөлiгін өзгерткен) жағдайда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар мүлiктi заттай қайтаруды жүргiзедi. Егер мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізілген болса, оның құнын өтеу оны өткізуден алынған қаражат шегiнде жүргiзіледi.
Залалдар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 9-бабының 4-тармағына сәйкес өтелуге жатады.
214-бап. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлікке құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
2020.02.11. № 370-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікті «Мәдениет туралы» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссия және ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі жөніндегі сараптама комиссиясы қарайды.
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлiк тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусiз берiлуі мүмкін.
215-бап. Ақшаға, бағалы металдарға, асыл тастарға және олардан жасалған бұйымдарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Ақша түрiндегі мүлiк бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады.
Шетел валютасы операция жасалған күнi белгiленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары арқылы бюджет кiрiсiнің есебіне жатқызылады. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған, айырбасталмайтын шетел валютасын қабылдау, сақтау, өткізу тәртібін, сондай-ақ оларды өткізуден түскен ақшаны бюджет есебіне жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
2. Ақша түріндегі мүлiктi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және олардың филиалдарына берудi осындай мүлiктi алған орган мүлiктiң сомасы, берілу уақыты және алушысы көрсетілген беру туралы хабарламаны уәкiлетті органға жiбере отырып жүргiзедi.
3. Мемлекеттік меншіктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер номиналды түрде толық көлемінде бюджеттің кiрiсiне аударады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жiберiледi және тапсырылады.
Мемлекет меншiгіне жекелеген негiздер бойынша айналдырылған (түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдау, қабылдау, есепке алу, бағалау, сақтау және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің келісімі бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган белгiлейді.
Бағалы металдардан жасалған сыйлықтарды сараптауды және оларды өткізгенге дейін сақтауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
2016.09.04. № 496-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы баптың қағидалары лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша ақшалай ұтыс түрiндегі мүлікке қолданылады. Лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар бойынша заттай ұтыстың құнын лотерея операторы болып табылатын тұлға бюджет кірісінің есебіне жатқызады.
Лотерея билеттерін, түбіртектерді немесе өзге де құжаттарды беру тізімдеме актісі бойынша жүргізіледі, онда лотереяның атауы, лотерея операторының атауы, тираждың нөмірі немесе атауы (болған кезде), жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні және орны (болған кезде), лотерея билетінің, түбіртектің немесе өзге де құжаттың нөмірі және ұтыс мөлшері көрсетіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.06.10. № 365-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 216-бап жаңа редакцияда
216-бап. Сыйлықтарға құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
1. Мемлекеттік қызметшілер немесе «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері сыйға тартушының пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтар, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етсе не аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелері хабардар етілмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ жұмыстағы жетістіктері және басқа да сіңірген еңбегі үшін табыс етілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (табыс етілген) сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде оларды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз беру арқылы мемлекеттік мүліктің құрамына түседі.
2. Сыйлықты мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берген адам жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы.
3. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты өткізуге құқылы.
4. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.31.12. № 100-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 217-бап өзгертілді
217-бап. Сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикізатына, тамақ өнімдеріне және өзге де мүлікке құқықтарды тоқтату ерекшеліктері
Сапасы мен қауiпсiздiгiне нормативтiк құжаттарда қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін азық-түлiк шикiзатын, тағамдық өнiмдерді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейтiн, сәйкестендіру құралдарынсыз өткізілетін темекi бұйымдарын және шығарылған елi белгісіз құрамында темекi бар басқа да бұйымдарды, сондай-ақ тасымалдауға, сақтауға, өткізуге, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мен сертификаттауды жүргiзуге байланысты шығындары өздерінің бағалау құнынан асып түсетiн тауарлардың шамалы партияларын және өзге де мүлiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар құратын комиссия жояды.
Қажет болған жағдайларда комиссияның құрамына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң қызметкерлерi және жергiлiктi атқарушы органдар мен басқа да мүдделi ұйымдардың өзге де мамандары тартылуы мүмкін.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 218-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
218-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлерге құқықтарды жүзеге асыру ерекшеліктері
Осы Заңның 19-бабында көрсетілген жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорына енгізіледі.
Мемлекет меншігіне жекелеген негіздер бойынша түскен тұрғын үйлерді одан әрі пайдаланудың тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
18-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
219-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін екі жыл өткен соң қолданысқа енгізілетін 15-тарауды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 71-құжат; 2004 ж., № 11-12, 65-құжат; 2006 ж., № 12, 71-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 33-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 86-құжат; № 23, 112-құжат);
2) «Жекешелендіру туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 6-құжат; № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат).
3. Тіркеуші органдар осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін мүліктік кешендер ретінде жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тоқтатылуы туралы жазбаны осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік мүліктің сатушысы табыс еткен, мүлікті сатып алу-сату шарты және беру актісі негізінде енгізеді.
4. Орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, өз қызметін 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жүзеге асыра алатын мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған, өздерінің қызмет түрлері осы Заңда көзделмеген мемлекеттік кәсіпорындар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуға, қайта құрылуға немесе жекешелендірілуге тиіс.
220-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік мүлік бойынша қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай мерзімде осы Заңға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл ішінде мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі мен мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін және осы іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы 1 наурыз
№ 413-ІV ҚРЗ