1) Қазақстан Республикасының Президентімен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, Үкіметімен, өзге де орталық мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттер өкілдерімен қатынастарда астананың атынан өкілдік етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тікелей астана мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын келіседі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына астананың жұмыс істеуі мен оны дамыту мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және басқа да ұсыныстар енгізеді;
4) астанада жалпымемлекеттік және халықаралық сипаттағы іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді шешуге қатысады;
5) тиісті мемлекеттік органдарға астана аумағында орналасқан республикалық меншіктегі, қаланың астана функцияларын орындауын қамтамасыз ету үшін зор маңызы бар объектілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру туралы ұсыныстар енгізеді.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Астананың коммуналдық меншігі
Астананың коммуналдық меншігі Қазақстан Республикасы мемлекеттік меншігінің құрамдас бөлігі болып табылады және мыналардан:
1) жеке меншіктегі жер учаскелерін қоспағанда, астана аумағындағы жер учаскелеріне меншіктен;
2) астана әкімдігі акционері (қатысушысы) ретінде болатын акционерлік қоғамдардағы акцияларға, жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестеріне меншік құқықтарынан;
3) астана көшелерінен, жылжымайтын мүлікке меншіктен;
4) астана әкімдігі меншік иесі ретінде болатын мемлекеттік мекемелердің және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкінен;
5) өзге де мүлік пен құқықтардан, оның ішінде мүліктік құқықтардан, активтерден тұрады.
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспары, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
2. 2017.05.05. № 59-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.
Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.
Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.
Астананың қала құрылысы кеңесі:
1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;
2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;
3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді.
Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды.
Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы:
уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы;
мердігер ұйымды таңдау туралы;
астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады.
Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады.
Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды.
Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді.
Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға:
1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру;
2) мыналармен:
кондоминиум объектісін басқару органымен;
мердігер ұйыммен шарттар жасасу;
3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген.
13-бап. Астананың инфрақұрылымы
Астананың инфрақұрылымы:
1) инженерлік инфрақұрылымды;
2) көліктік инфрақұрылымды;
3) тұрғын үй қорын, денсаулық сақтау, білім беру және ішкі сауда объектілерін инженерлік қамтамасыз ету, пайдалану және жөндеу жүйесін;
4) абаттандыру және көгалдандыру жүйесін;
5) астананың жұмыс істеуі үшін қажетті басқа да объектілер мен жүйелерді қамтиды.
2023.01.01. № 182-VІІ ҚР Заңымен 13-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
13-1-бап. Астана бюджеті
Үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау кезінде бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлеміне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен арттыру коэффициенті қолданылады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Қорытынды ережелер
14-бап. 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 20 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №7-8, 79-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228, 229-құжаттар; 2002 ж., № 6, 75-құжат; 2003 ж. №24, 178-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 296-ІІІ ҚРЗ