4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:
ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз етеді;
ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізеді;
ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізеді;
мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жібереді;
ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізеді;
5) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
6) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
7) 2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
9) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлейді және бекітеді;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 10-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-1) Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру үшін, оның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде құқықтық актілер қабылдайды;
11) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпараттарын тыңдайды;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді
15-бап. Ішкі аудит қызметінің құзыреті
Ішкі аудит қызметі:
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орталық мемлекеттік органның бірінші басшысымен, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімімен келісілген, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін, құрамына осы ішкі аудит қызметі кіретін мемлекеттік органның қаржылық есептілігінің аудитіне қатысады;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
4) бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізеді;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізеді;
6) мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді;
7) тиісті мемлекеттік органдағы тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асырады;
8) ішкі мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу жөніндегі, анықталған кемшіліктерді жою, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдармен бірге ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы есепті мемлекеттік органның басшысына енгізеді;
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайын жібереді;
11) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі үшін жылдық жұмыс жоспарларының орындалу мониторингін жүзеге асырады;
12) орталық мемлекеттік органның басшысы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, сондай-ақ ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның алдында атқарылған жұмыс туралы жыл сайын есеп береді.
2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13) мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың ішкі аудит қызметтері үшін - мемлекеттік органда, оның ведомстволарында, аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері үшін - жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік бағынысты аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде және ведомстволық бағынысты ұйымдарында ақпараттық жүйелердің деректерін талдауды жүзеге асырады.
Егер тиісті объектілер Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссияларының және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілмесе, ішкі аудит қызметтері орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің тапсырмасы бойынша жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізеді.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
16-бап. Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес
Ішкі мемлекеттік аудит шеңберінде мемлекеттік органның қызметін жетілдіру мақсатында мемлекеттік органның бірінші басшысы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі басқаратын консультативтік-кеңесші орган - Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңес құрылады.
Мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңестің негізгі міндеттері, қызметін ұйымдастыру тәртібі ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалады.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІҢ РӘСІМДІК НЕГІЗДЕРІ
17-бап. Мемлекеттік аудитті жүргізу рәсімі
1. Мемлекеттік аудит мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік аудит ұйымдастыруды көздейтін тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке мемлекеттік аудитті жоспарлау және оны жүргізу. Жеке мемлекеттік аудит жоспарланған кезде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабына сәйкес жүргізілетін ағымдағы бақылау нәтижелері ескеріледі;
3) мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау және құжаттар жасау.
2. Мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудиттің типіне, алдағы жұмыстардың көлемдеріне, мемлекеттік аудитпен қамтылатын қаражат көлемдеріне, мемлекеттік аудит объектілерінің санына қарай, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында көзделген шеңберде белгілейді.
3. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының басшысы мемлекеттік аудитордың жазбаша өтінішхаты бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мерзімін ол аяқталғанға дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне тиісті өзгерістер енгізе отырып ұзартуы мүмкін.
4. Мемлекеттік аудит шеңберінде мынадай тексерулер жүргізіледі:
1) үстеме тексеру - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде, негізгі мемлекеттік аудит объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша ғана жүргізілетін, үшінші тұлғаларды тексеру. Үшінші тұлғалар ретінде бюджетке түсетін түсімдерді қалыптастыруға қатысатын және (немесе) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, байланысты гранттарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдаланатын, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару мен пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін;
2) бірлескен тексеру - мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарымен келісілген мерзімдерде бірыңғай бағдарлама және мемлекеттік аудит тобы шеңберінде бірлесіп жүргізілетін тексеру, оның нәтижелері бойынша бірыңғай қорытынды құжат қабылданады;
3) қатар тексеру - кейіннен тексерулер нәтижелерімен алмаса отырып, басқа мемлекеттік органдар, оның ішінде басқа елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдары келісілген мәселелер мен жүргізу мерзімдері бойынша дербес жүргізетін тексеру.
5. Қазақстан Республикасының заңдарында қызметтің жекелеген салаларына тексеруді ұйымдастыру және оны жүргізу тәртібінің ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.
6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде электрондық мемлекеттік аудит жүргізуге жол беріледі.
18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйелері - мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, бұлардың негізінде оларды мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында мемлекеттік аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады.
Тәуекелдерді басқару жүйесі Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп белгілейтін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді.
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің бірінші басшылары бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органның ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда - ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді.
Мыналардың:
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамаларын қоспағанда, Жоғары аудиторлық палатаның;
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және тексеру комиссиясы төрағасының бастамаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары, Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына талдау жасалады, олардың орындылығы мен өзектілігін қарау үшін Жоғары аудиторлық палатаның немесе тиісті тексеру комиссиясының отырысына талқылауға шығарылады.
Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар, прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады.
5. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті:
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша;
2018.11.01. № 135-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;
2018.26.12. № 202-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі.
6. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, есепті жылда олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарын және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарды қамтиды.
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тартуға құқылы.
03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті.
Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді өзара келісуге міндетті.
Жоғары аудиторлық палата бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізілген мемлекеттік аудит объектілерінде осы Заңның 15-бабының және осы баптың 5-тармағының ережелерін қоспағанда, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге жол берілмейді.
10. Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады.
19-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары осы баптың 2 - 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның сапаны бақылауынан өткен ішкі аудит қызметтерінің сәйкестігіне мемлекеттік аудиттің нәтижелерін таниды.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Жоғары аудиторлық палата тексеру комссиялары, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудитінің нәтижелерін тану үшін олардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылау жүргізеді.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган, егер Жоғары аудиторлық палата, ревизиялық комиссиялар және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ревизиялық комиссия, егер Жоғары аудиторлық палата жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.
2020.03.07. № 358-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.12.07. № 23-VІІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Ревизиялық комиссия, егер ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін Жоғары аудиторлық палата мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай емес деп танымаса, оларды таниды.