2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен мазмұн 14-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 15) тармақшамен толықтырылды
15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 16) тармақшамен толықтырылды
16) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 17) тармақшамен толықтырылды
17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 7-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
8-бап. Аудитор
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бір аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
2. Аудитор бір аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
9-бап. Аудиторлық ұйым
1. Аудиторлық ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.
3. Шетелдік аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
4, 5-тармақтардың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиіс.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесілі үлес жүз процент болуға тиіс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6. Аудиторлық ұйым басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентінің қатысушысы бола алмайды.
8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының «аудитор» деген біліктілік куәлігі болуы міндетті.
10-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қараңыз
10-бап. Кәсіби ұйымдар
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.
2. Кәсіби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізінде жұмыс істейді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.
Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерінің ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.
5. 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11-бап. Кәсіби ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi
1. Кәсіби ұйымдар:
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аудиторлық ұйымдардың сапасына сыртқы бақылауды жүзеге асыруға;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстарды өткізуге, курстан өткені туралы сертификаттар беруге;
2) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттары талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжірибесін талдауға, қорытуға және таратуға;
4) мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесін білдіруге;
5) өздерінің қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
6) аудиторлық ұйымдардың рейтингін өткізуге және оларды мерзімді баспа басылымдарында жариялауға;
7) бухгалтерлік есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттерді, әдістемелік ұсынымдар мен мерзімді баспа басылымдарын әзірлеуге, шығаруға және таратуға;
9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтің өзге де мәселелері бойынша ұсынымдар беруге;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) сапаға жүргізілген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексін бұзуға жол берген тұлғаларды кәсіби ұйымнан шығаруға;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 11) тармақшамен толықтырылды
11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
2. Кәсіби ұйымдар:
1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құруға;
3) өз мүшелерін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен қамтамасыз етуге;
4) Әдеп кодексін әзірлеуге және оны қабылдауға;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
6) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауға;
9) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға өз қызметі туралы ақпарат беруге міндетті.
12-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қараңыз
12-бап. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру
1. Кәсіби ұйым, егер:
1) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бір жыл ішінде Аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (қатарынан екі реттен артық) бұзса;
5) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) уәкілетті органның ескерту жасаған себебі үш ай ішінде жойылмаса;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 7) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Әдеп кодексі Халықаралық бухгалтерлер федерациясының Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес келмесе;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізбесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.
2. Кәсіби ұйымдар уәкілетті органның шешіміне сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
13-бап. «Аудитор» біліктілігін беруге кандидаттарды аттестаттау
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жіберіледі.
2. Аттестаттаудан өткен адамдар «аудитор» біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін және біліктілік куәлігінің нөмірі, тегі, өз аты, сондай-ақ өзінің қалауымен - әкесінің аты көрсетілген аудитордың жеке мөрін (бұдан әрі - жеке мөр) алады.
«Аудитор» біліктілігін беру туралы шешім Біліктілік комиссиясы айқындайтын мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жарияланады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа реакцияда (бұр.ред.қара)
3. Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
14-баптың қолданысқа енгізу мерзімін 30-баптан қара
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-бап. Біліктілік комиссиялары
1. Біліктілік комиссиясын саны он аудиторлық ұйымнан кем емес оның құрылтайшысы болып табылатын кәсіби ұйым құрады.
2. Біліктілік комиссиясы мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және ол ереженің (жарғының) негізінде жұмыс істейді.
3. Біліктілік комиссиясының филиалдар мен өкілдіктер қүруға қүқығы жоқ.
4. Біліктілік комиссияларының құрамына уәкілетті органнан бір-бір өкілден кіреді.
5. Біліктілік комиссияларының төрағалары болып олардың мүшелерінің қатарынан жай көпшілік дауыспен аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлар үш жыл мерзімге сайланады. Төраға болып бір адам екі рет қатарынан сайлана алмайды.
6. Біліктілік комиссияларының қызметін қаржыландыруды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құрылтайшылар (қатысушылар) өз қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырады.
7. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді және бекітеді, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
8. Біліктілік комиссиялары шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға «аудитор» біліктілігі берілген адамдардың біліктілік куәлігінің нөмірін көрсете отырып, отырыстың хаттамасын және олардың Біліктілік комиссиясына ұсынған құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін беруге міндетті.
9. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізудің тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган біліктілік комиссияларының шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. «Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді; 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шарт
1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетін субъектілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негізінде қалыптасады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аудит жүргізу және (немесе) аудиторлық қызмет бейіні бойынша қызмет көрсету шартында: шарттың нысанасы, мерзімі, ақы төлеу мөлшері мен талаптары, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделеді.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және аудиттелетін субъектінің ілеспе қызметтер жүргізу шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
18-бап. Аудиторлық есеп
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Аудиторлық есеп жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиіс.
Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсіз пікірі қамтылады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Аудиторлық есепке біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекітеді және аудиторлық ұйымның мөрімен расталады.
Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмірі мен берілген күні де көрсетіледі.
Аудитор өзінің жеке мөрін тиісінше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешімімен жарамсыз деп танылады.
18-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды
1. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 18-3-баппен толықтырылды
18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айқындайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.
2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.
19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын сақтауына бағытталған.
2. Сапаны ішкі және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлері болып табылады.
Сапаны ішкі бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым өз мүшелеріне қатысты үш жылда бір рет жүзеге асырады.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Сапаға сыртқы бақылауды жүргiзудiң қағидаларын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті кәсіби ұйымдар әзірлейді.
Сапаны сыртқы бақылауды өз қызметін аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлар ғана жүргізе алады.
4. Аудиторлық ұйым кәсіби ұйымның қорытындысына сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлар:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) кәсіби ұйымға кіруге;
2) аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға;
3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аудиторлар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын сақтауға;
2) коммерциялық құпияны жария етпеуге;
3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.
2009.28.08. № 192-IV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен міндеттерi
1. Аудиторлық ұйымдар:
1) аудит жүргізу әдістерін дербес анықтауға;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) салықтар бойынша аудит , квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтер сұратуға;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)