Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
3. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес өзінің біліктілігін әрбір үш жыл сайын растайды.
5. Мынадай:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;
3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Өзге де мемлекеттік органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін тиісті жекелеген заңнамалық актілерінде көзделуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 42-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42-бап. Уәкілетті орган
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.30.12. № 234-IV (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 43-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 43-бап өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 43-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
2) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдістерін, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат береді;
4) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергенде) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымын құруға, сақтандыру холдингіне заңды тұлғалардың жарғылық капиталына елеулі қатысуға рұқсат береді;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
8) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру тәртібін айқындайды және оны береді;
9) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;
10) жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерлерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
11) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілейді, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
12) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды;
13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
14) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік шығыстардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру брокерлерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (сақтандыру полистерін) және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу тәртібін белгілейді;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;
19) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
20) сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді;
21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің филиалдары мен өкілдіктерінің, актуарийлердің тізілімін жүргізеді;
22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;
23) мыналарға:
ақпараттық процеске;
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;
дерекқордың сақталуына;
үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;
26) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды;
27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына басқа да қатысушылар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
28) сақтандыру қызметі субъектілерін, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерін, сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру топтарын тексеруді жүргізеді;
29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
30) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;
31) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға берілген лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешімдер қабылдайды;
32) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;
33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
34) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесі мен қаржылық жай-күйі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты еншілес ұйымдар немесе оқшауланған бөлімшелер болып табылатын тұлғалар және оның құрылтайшылары туралы мәліметтер алуға құқылы;
35) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардан және олардың бірлестіктерінен, сақтандыру агенттерінен осы Заңға сәйкес өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
36) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді алуға құқылы;
37) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
38) ертерек ден қою шараларын қолданады;
39) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін белгілейді;
40) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға орындалуы міндетті шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөніндегі шараларды қабылдайды;
42) Қазақстан Республикасы қаржы нарығының субъектілерін қадағалайтын басқа да уәкілетті органдармен ынтымақтастықты және қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
43) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілейді;
45) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
46) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері анық емес (толық емес) есептілік ұсынған жағдайда, олардың қаржылық және өзге есептілікті түзетуін талап етуге құқылы;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 313-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 44-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап жаңа редакцияда
44-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді уәкілетті орган дербес не басқа да мемлекеттік органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргізеді.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушылары, сақтандыру брокерлері, сақтандыру холдингтері, сақтандыру топтары, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлер, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары тексеруші органға уәкілетті органның тексеру тапсырмасында көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдарға және қызметкерлерге сауал қою мүмкіндігін және ақпаратты тексеру үшін қажет кез келген дереккөздерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған, сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өкілеттіктер шегінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ірі қатысушыларының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің, сақтандыру топтарының, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлердің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар уәкілетті органға Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға міндетті.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға, сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілері бар тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне мынадай шарттардың бірі орындалған кезде қолданылмайды:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының бейрезидент-тұлғаларының шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төмен талап етілетін рейтингінің болуы. Ең төмен рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
44-1-бап. Уәкілетті органның халықаралық шарттар және құпия ақпарат алмасуды көздейтін өзге де шарттар шеңберінде ақпаратты ашуы
Уәкілетті орган «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйымдарға сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтерді көрсетілген бапта көзделген шарттармен береді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарттарға сәйкес алынған ақпаратты Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына осындай ақпаратты ұсынған тараптың келісімімен ғана береді.
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 46-бап өзгертілді; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 46- бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-бапқа өзгерістерді қараңыз - 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңы (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейден төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша шаралар қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Үшінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Уәкілетті орган осы тармақта көзделген талаптар орындалмаған кезде сақтандыру холдингіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына осы Заңның 53-4-бабында көзделген қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды