Құқық қорғау органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдарының тізбесін, құқық қорғау органдарында конкурс және тағылымдама өткізудің шарттары мен тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4. Лауазымға тағайындау және қызмет бойынша ауыстыру қызметкердің кәсіби құзыреттері және бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ескеріле отырып жүзеге асырылады.
5. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезiнде оларды негiзгi мамандығы бойынша не бар тәжiрибесiне сәйкес пайдалану қамтамасыз етiледi, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиiстi курстарда (жиындарда) қайта даярлықтан өтуге тиiс.
6. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастырылады.
7. Құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадр қызметі құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық болжамды жүзеге асырады.
8. Құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің ұтымды дәрежесіне қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгіленеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
30-бап. Қызмет бабында ауыстыру
1. Қатардағы және кiшi басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бабында өсіру тәртібімен;
2) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарға орналастыру қажет болған не оларды iскерлiк және жеке қасиеттерiн ескере отырып, неғұрлым орынды пайдалану, жаңа мамандыққа даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдайына, денсаулық жағдайы немесе жасына қарай осы адамдардың келісімiмен;
3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;
4) төмен тұрған лауазымдарға:
штаттар қысқарған кезде немесе құқық қорғау органын қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды тең дәрежелi лауазымдарға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және қызметкердің келісімімен;
аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде;
тәртiптiк жаза қолдану тәртібімен;
өз қалауы бойынша жүргiзiледi.
2. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру:
1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бабында өсіру тәртібімен;
2) тең дәрежелi лауазымдарға - ұйымдық-штаттық іс-шаралардың жүргiзiлуiне байланысты, жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып, мамандығына қарай неғұрлым орынды пайдалану үшiн, ротация тәртібімен, атқаратын лауазымының өкілеттіктері мерзімінің аяқталуына байланысты, сондай-ақ олардың тiкелей және уәкілетті басшыларының келісімiмен өз қалауы бойынша;
2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуiне, мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуына байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босатыла отырып, сондай-ақ білім беру ұйымын бiтiргеннен кейін лауазымға тағайындалған кезде;
4) төмен тұрған лауазымдарға:
штатты қысқарту немесе құқық қорғау органдарын қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды дәрежесi тең лауазымда пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келісімiмен;
денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде;
өз қалауы бойынша;
аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталғандай, қызметiне сәйкес келмеген кезде;
тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;
5) мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапармен бару тәртібімен жүргiзiледi.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымына басшылыққа және арнайы пәндер бойынша педагогтік қызметке тағайындалған кезде олардың білім беру ұйымына тағайындалғанға дейiнгi негiзгi соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы сақталады. Әрбiр нақты жағдайда лауазымдық айлықақыны сақтау туралы шешiмдi лауазымға тағайындалғанға дейiн білім беру ұйымы басшылығының ұсынуы және құқық қорғау органы орталық аппаратының кадр қызметінің қорытындысы бойынша құқық қорғау органының басшысы қабылдайды.
Сақталған лауазымдық айлықақыны төлеу лауазымы төмендетiлген кезде тоқтатылады.
4. Төмен тұрған лауазымдарға ауыстырылған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар, осы Заңның талаптары ескеріле отырып, кейiннен қызмет бабында өсе алады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдарды басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге ауыстыру қажет болған кезде бұл туралы шешімді осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжірибесін, сондай-ақ олардың және олардың отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдердің болмауын ескере отырып, олардың келісімімен тиісті уәкілетті басшылар қабылдайды.
5. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдарды қызмет бабында ауыстыру туралы шешiм, ауыстыру негiздемесi көрсетiле отырып, құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
6. Қызмет бабында ауыстырылған орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында немесе емделуде жүрген жағдайларын қоспағанда, iстерді тапсырғаннан кейiн, бірақ бұйрықты алған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жаңа қызмет орнына iссапарға жiберiлуге тиiс.
7. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған кезде қызметкер ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңға сәйкес жұмыстан шығарылуға тиіс.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Ротация
1. Құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезінде кәсіби әлеуетін анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын қызметкерлерін ротациялау жүзеге асырылады.
Басшылық лауазымдардың тізбесін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органының басшылық лауазымдарын атқаратын, ротацияланатын қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде жекешелендіру құқығынсыз қызметтік тұрғын үй беріледі.
2. Ротация құқық қорғау органы басшысының шешімімен жоспарлы негізде бес жылда бір рет жүзеге асырылады. Қабылданған шешім бұйрықпен ресімделеді. Қызметке басқа жерге ротацияға - қызметкердің жазбаша келісімімен, ал қызмет мүддесі үшін - лауазымда болу мерзіміне қарамастан және қызметкердің келісімінсіз жол беріледі.
Ротация мынадай схемалардың бірі бойынша жүргізіледі:
1) деңгейаралық («орталық-өңір», «өңір-орталық»);
2) өңіраралық («өңір-өңір»);
3) сектораралық («орталық-орталық»).
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мүгедектігі бар балалары, оның ішінде асырап алған балалары (қорғаншы болып табылатын) немесе асырауында қарт ата-анасы не онымен тұрақты бірге тұратын және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отбасы мүшелері бар лауазымды адамдар басқа жерге көшумен байланысты ротацияға жатпайды. Көрсетілген мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.
4. Ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Құқық қорғау қызметiнiң жоғары тұрған, тең дәрежелi немесе төмен тұрған лауазымдары
1. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына қарағанда неғұрлым жоғары шектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы көзделген болса, ал, арнаулы атақтары, сыныптық шендерi немесе біліктілік сыныптары тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым жоғары айлықақы көзделген жағдайда, ол жоғары тұрған лауазым болып есептеледi.
2. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған арнаулы атағы, сыныптық шенi немесе біліктілік сыныбы және құқық қорғау қызметiндегi лауазымы бойынша айлықақысы құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына және айлықақысына тең көзделген болса, тең дәрежелi лауазым болып есептеледi.
3. Құқық қорғау қызметiнiң лауазымы, егер оған құқық қорғау қызметiндегi бұрынғы лауазымы бойынша арнаулы атағына, сыныптық шенiне немесе біліктілік сыныбына қарағанда неғұрлым төмен шектi арнаулы атақ, сыныптық шен немесе біліктілік сыныбы көзделген болса, ал арнаулы атақтары, сыныптық шендері немесе біліктілік сыныптары тең дәрежелі болғанда - құқық қорғау қызметiнiң лауазымы бойынша неғұрлым төмен айлықақы көзделген болса, ол төмен тұрған лауазым болып есептеледi.
33-бап. Қызмет бабында өсіру
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру кадр резервінде тұрған қызметкерлер қатарынан не конкурстық негізде, олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ іскерлік және жеке қасиеттері, қызметтік жұмыс нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Жоғары тұрған басшы лауазымға арналған конкурсқа құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуға құқылы.
Құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде конкурс өткізіледі, оған басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсты барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
2. Кадр резервіне қойылған басшы құрамдағы адамдардың кәсiби даярлығын жетiлдiру жөніндегі жұмыс құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды; 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 33-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-1-бап. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві
1. Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резерві құқық қорғау органдарының жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына орналастыру үшін қызметкерлерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібін және оның лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
2. Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұратын қызметкерлер прокуратураның білім беру ұйымында кәсіби қайта даярлықтан өтеді және біліктілігін арттырады.
34-бап. Кадр резерві
1. Құқық қорғау органының кадр құрамын қалыптастыру, лауазымдардың жасақталуын қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау органында кадр резерві жасалады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Құқық қорғау органының кадр резерві кейіннен бос басшы лауазымдарға орналастыру үшін жоспарлы негізде қалыптастырылады.
3. Кадр резерві аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға немесе ауқымды жұмыстарға жоғарылатуға ұсынылған қызметкерлерден, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан адамдардан қалыптастырылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Бос басшы лауазымға құқық қорғау органының кадр резервінде тұрған адам құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының шешімі бойынша орналастырылады. Кадр резервінде тұрған қызметкерлер ұсынылған лауазымнан бас тартқан кезде, бос лауазымға аттестаттау нәтижесі бойынша немесе кадрларды іріктеу арқылы басқа қызметкер орналастырылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру жауапкершілігі құқық қорғау органының басшысына немесе уәкiлеттi басшыға және кадр қызметіне жүктеледі. Құқық қорғау органдарында кадр резерві кадрлардың сапалық құрамы және тиісті лауазымдарға орналастыру қажеттілігі ескеріле отырып қалыптастырылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Кадр резервіне қоюды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін ескере отырып жүзеге асырады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған жағдайларда, ол кадр резервінен алып тасталады. Қызметкер өзін кадр резервінен алып тастау туралы шешіммен келіспеген кезде ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
8. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс. Кадр резервіне қойылып, бірақ кадр резервінде болған кезеңде олар үшін жоспарланған лауазымға тағайындалмаған адамдар, кадр резервіне жалпы негіздерде жаңадан қойылуы мүмкін.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Құқық қорғау органының кадр қызметі кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін және ведомстволық деректер банкін жүргізеді.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Кадр резервін қалыптастыру тәртібін, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмысты құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері
Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмыс істеу міндеттері:
1) қызметкерлерді қызмет бабында өсіруді жоспарлау тетігін реттеу;
2) басшы кадрларды даярлаудың тиімділігін арттыру;
3) басшы құрам лауазымдарына неғұрлым білікті қызметкерлерді орналастыру;
4) басшы кадрларды нығайту және тұрақтандыру, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету;
5) құқық қорғау органдарында кадр мәселелерін шешуде демократиялық негіздерді күшейту болып табылады.
36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары
1. Құқық қорғау органында кадр құрамын қалыптастыру:
1) қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру;
2) құқық қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін және іскерлік қасиеттерін ескере отырып тағайындау;
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берудің немесе біліктілік сыныптарын белгілеудің реттілігі негізінде қамтамасыз етіледі.
2. Құқық қорғау қызметінің кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары:
1) құқық қорғау қызметі лауазымдарының барлық санаттары үшін кадрларды жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
2) қызметкерлердің кәсіби және лауазымдық өсуі үшін жағдайлар жасау;
3) аттестаттау өткізу арқылы қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады.
3. Қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында қызметкерлердің құқық қорғау органдарындағы қызметін өткеру орны бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыру қызметкерлердің қосымша кәсіптік білімі болып табылады. Қосымша кәсіптік білім алу қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін үзіліспен, ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді кадр резервіне қоюға немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ, басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны және жүзеге асырылу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
6. Қызметкер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде қосымша кәсіптік білім ала алады.
37-бап. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу қызметкерлердің жеке басының және кәсіби қасиеттерін, олардың қызметінің нәтижелерін зерделеу және бағалау, сондай-ақ аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
Кадр резервіне қою үшін кандидаттардың кәсіби қасиеттерін бағалау бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші ескеріле отырып жүргізіледі.
2. Кадр резервіне қою үшін үміткерлерді іріктеу кезінде:
1) болжанған лауазымға орналастыру көзделген мамандықтар бойынша қызметкердің білімінің сәйкестігі;
2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
4) денсаулық жағдайы;
5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттырудың қорытындысы ескеріледі.
3. Егер ұсыну басқа мекенге қызмет атқаруға ауыстыруды қарастырса, онда қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің ол жерде денсаулық жағдайы бойынша тұра алу мүмкіндігі ескеріледі.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кадр резервіне қоюға кандидаттарды іріктеуді кадр қызметтері жүзеге асырады. Кадр резервіне қойылғандардың тізімін құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы бекітеді және ол ведомстволық деректер банкіне енгізіледі. Тиісті лауазымға ұсыну үшін кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің саны екі адамнан кем болмауға тиіс.
38-бап. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан уақытша шеттету
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметкерді лауазымдық міндеттерін атқарудан мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық заңнамасында белгiленген тәртiппен - қылмыстық процесті жүргізуші орган ақшалай қаражатты сақтамай, мұндай шараның қажеттігі болмағанға дейін;
2) қызметтік тергеу жүргізілген жағдайда - құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы жауапкершілік туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ ақшалай қаражатты сақтай отырып, бір айдан аспайтын мерзімге уақытша шеттетуі мүмкін.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығы шығарылады. Қызметкер қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей таныстырылуға тиіс. Бұйрықпен танысуы қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.
Қызметкерді қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықпен жеке таныстыру мүмкін болмаған жағдайда, құқық қорғау органының кадр қызметі оған тұрғылықты жері бойынша қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттету туралы бұйрықтың көшірмесін хабарламасы бар хатпен жіберуге міндетті.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген немесе қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған жағдайда қызметкер осы Заңда белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қылмыстық iс ақталатын негiздер бойынша қысқартылған, ақтау үкiмi заңды күшiне енген жағдайда қызметкердiң лауазымы, арнаулы немесе әскери атағы, сыныптық шенi, біліктілік сыныбы қалпына келтiрiледi.
Адамның қызметiн (лауазымын, атағын, сыныптық шенін немесе біліктілік сыныбын) қалпына келтiру, егер ол адам ақтау үкiмi күшiне енген не қылмыстық iстi ақталатын негiздер бойынша қысқарту туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай iшiнде орын алса, ол өтініш жасалған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
5. Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты құқық қорғау органдарынан шығарылған, ал кейiннен ақталған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы немесе сыныптық шені қалпына келтірілген қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыты үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен ақшалай үлесі өтеледi.
39-бап. Құқық қорғау қызметінің лауазымы бойынша міндеттерді уақытша атқару
1. Қызметтік қажеттілікке байланысты қызметкерге атқаратын (негізгі) лауазымынан босатпай, жоғары тұрған лауазымның міндеттерін атқару уақытша жүктелуі мүмкін.