ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы
(2025.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы
4-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қағидаттары
5-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты
5-1-бап. Дактилоскопиялық жəне геномдық тіркеудің негізгі міндеттері
6-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері
7-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар
9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру
9-1-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу түрлері
2-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ
10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар
10-1-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жатпайтын адамдар
11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі
12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер
13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру
14-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинақтау және сақтау
15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімдері
16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану
17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою
3-тарау. ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ
18-бап. Геномдық тіркеуге жататын адамдар
19-бап. Геномдық тіркеуді жүргізу тәртібі
20-бап. Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын және геномдық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтер
21-бап. Биологиялық материалды іріктеу және пайдалану
22-бап. Биологиялық материалды сақтау мерзімдері
23-бап. Биологиялық материал мен геномдық ақпаратты жою
24-бап. Алып тасталды
25-бап. Геномдық ақпаратты алу
26-бап. Геномдық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру
27-бап. Геномдық ақпаратты жинақтау және сақтау
28-бап. Геномдық ақпаратты пайдалану
29-бап. Геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері
30-бап. Алып тасталды
4-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті
32-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті
33-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
34-бап. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
35-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
37-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
38-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық материал - адамның немесе қайтыс болған адам денесінің (сүйегінің) геномдық ақпараты бар тіндері мен шығындылары;
2) биологиялық туыстар - қандас туыстығы бар адамдар: ата-аналар (ата-ана), балалар, ата, әже, немерелер, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек, немере, шөбере аға-інілер мен апа-сіңлілер (қарындастар), нағашы ағалар, нағашы апалар, жиендер;
3) геномдық ақпарат - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның дезоксирибонуклеин қышқылының белгілі бір фрагменттері туралы кодталған ақпарат және осы Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер (ол болған кезде);
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) геномдық тіркеу - дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызмет;
5) дактилоскопиялық ақпарат - адамның немесе танылмаған мәйіттің жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін оның қолдарының саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлері құрылымының ерекшеліктері туралы биометриялық деректер және осы Заңның талаптарына сәйкес дербес деректер;
6) дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ұлттық қауіпсіздік органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
7) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау -дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинауды, жинақтауды, өзгертуді, толықтыруды, пайдалануды, беруді, иесіздендіруді, жоюды уақытша тоқтату жөніндегі әрекеттер;
8) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жою - жасалуы нәтижесінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты қалпына келтіру мүмкін болмайтын әрекеттер;
9) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты иесіздендіру - нәтижесінде дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараттың нақты адамға тиесілі екенін айқындау қосымша ақпаратты пайдаланбай мүмкін болмайтын әрекеттер;
10) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты өңдеу -дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинақтауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, беруге, иесiздендiруге, бұғаттауға және жоюға бағытталған әрекеттер;
11) дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты пайдалану - дактилоскопиялық немесе геномдық тіркеу мақсатына қол жеткізуге бағытталған дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратпен жасалатын әрекеттер;
12) дактилоскопиялық тіркеу - дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың дактилоскопиялық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, адамның жеке басын анықтау немесе растау бойынша жүзеге асыратын қызметі;
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырлды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) жеке басты верификациялау - жеке тұлғаның қол саусақтарының жəне (немесе) алақандарының папиллярлық бедерлерінің оның дактилоскопиялық ақпаратымен сəйкес келуін тексеру арқылы жеке басты растау;
13) материалдық жеткізгіштер - дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар дактилоскопиялық немесе ақпараттық карталар, магниттік, электрондық немесе өзге де жазба түрлерін жеткізгіштер;
14) танылмаған мәйіт - денесі (сүйектері) табылған кезде жеке басы анықталмаған қайтыс болған адамның денесі (сүйектері).
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық және геномдық тіркеуге байланысты қатынастар осы Заңмен реттеледі.
3-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қағидаттары
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу:
1) адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сақтау;
2) заңдылық;
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) еріктілік жəне міндеттілік;
4) ізгілік;
5) құпиялылық;
6) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік;
7) жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына сәйкес жүргізіледі.
5-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу дактилоскопиялық немесе геномдық ақпарат негізінде жеке басын анықтау және (немесе) растау мақсатында жүргізіледі.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-бап. Дактилоскопиялық жəне геномдық тіркеудің негізгі міндеттері
Дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) дактилоскопиялық ақпарат негізінде көші-қон процестерін реттеуді қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонға қарсы күрес;
3) халықты құжаттандыру кезінде дактилоскопиялық тіркелуге жататын адамдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
4) дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге және пайдалануға қойылатын негізгі талаптарды белгілеу;
5) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы мемлекеттік реттеу;
6) қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуды және тергеп-тексеруді қамтамасыз ету;
7) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу қызметін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету.
6-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде дактилоскопиялық ақпаратты жинауға, өңдеуге немесе геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге, қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, сақтауға, пайдалануға және жоюға құқығы бар.
2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және осы Заңға сәйкес дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдануға және сақтауға;
2) осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинау, жинақтау, сақтау, беру, бұғаттау, иесіздендіру, өзгерту, толықтыру, пайдалану, жою жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
7-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезіндегі Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің, сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар қорғаншыларының дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүзеге асыру кезінде:
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өзінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратымен немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратымен танысуға және (немесе) осындай ақпаратты алуға;
7-баптың 2) тармақшасының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өздерінің дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3) дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау, сақтау және пайдалану кезінде оның қорғалуына құқығы бар.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялау және (немесе) биологиялық материалды іріктеу рәсімінен өтуіне құқығы бар.
2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда белгіленген жағдайларда дактилоскопиялау және (немесе) биологиялық материалды іріктеу рәсімінен өтуге міндетті.
8-бап. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға қойылатын негізгі талаптар
1. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге жатады.
2. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу шарттары оны жоғалту, бұрмалау және оған санкцияланбаған қол жеткізу, сол сияқты дактилоскопиялық немесе геномдық ақпараты бар электрондық ақпараттық ресурстарға құқыққа сыйымсыз және (немесе) әдейі жасалмаған қол жеткізу және (немесе) ықпал ету мүмкіндігін болғызбауға тиіс.
3. Дактилоскопиялық және геномдық ақпарат мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады. Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинау және өңдеу оны қорғау қамтамасыз етілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.
Дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты қорғау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы, дербес деректер және оларды қорғау, мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинауды және (немесе) өңдеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оның қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық ақпаратты жинау, өңдеу, қорғау, биологиялық материалды іріктеу, сақтау, пайдалану, жою дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
9-бап. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттау, иесіздендіру, беру
1. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты иесіздендіруді, сондай-ақ иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады.
2. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты жинау, өңдеу шарттарының бұзылуы туралы ақпарат болған жағдайда оны бұғаттауды, сондай-ақ тексеру іс-шаралары жүргізілгеннен және бұзушылықтар жойылғаннан кейін бұғаттауды алып тастауды жүзеге асырады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді, сондай-ақ бұғаттауды және (немесе) иесіздендіруді алып тастауды жүзеге асырады.
4. Дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты соттарға, құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға, атқарушылық іс жүргізу, анықтау, тергеу органдарына беру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жүзеге асырылады.
5. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дактилоскопиялық немесе геномдық ақпаратты шет мемлекеттерге беруі мүмкін.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу түрлері
Осы Заңға сәйкес ерікті немесе міндетті дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізіледі.
2-тарауының қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жататын адамдар
1. Бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және (немесе) паспортын алу үшін, сондай-ақ оларды қалпына келтіру не ауыстыру үшін жүгінген Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің келісімімен дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
2. Міндетті дактилоскопиялық тіркеуге он алты жасқа толған:
1) өздеріне қатысты Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы шешім қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
2) Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
3) бірінші рет шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін немесе оны қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) пана іздеген адам мәртебесін алу туралы өтінішхат берген, бірінші рет босқын куәлігін және (немесе) жол жүру құжатын алу үшін немесе оларды қалпына келтіру, ауыстыру үшін жүгінген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
10-баптың 2-тармағының 6) тармақшасының күші 2025 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бармай, электрондық форматта берілетін визаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жатады.
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар осы баптың 1-тармағында, 2-тармағының 2), 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша қайта жүгінген кезде дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен жеке басты верификациялау рәсімінен өтеді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балалар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алу кезінде осы Заңның 11-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен ерікті негізде дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
5. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Дактилоскопиялық тіркеуге жатпайтын адамдар
1. Он екі жасқа толмаған балалар:
1) дактилоскопиялық тіркеуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімдерінен өтуден босатылады.
2. Қазақстан Республикасының визаларын ресімдеу кезінде дактилоскопиялық тіркеуден өтуден өзаралық қағидат негізге алына отырып, мыналар босатылады:
1) шет мемлекеттердің, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың дипломаттық мәртебеге теңестірілген басшылары және олардың отбасы мүшелері;
2) шет мемлекеттер парламенттерінің, үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың дипломаттық мәртебеге теңестірілген мүшелері және олардың отбасы мүшелері - дипломаттық паспорттардың иелері, сондай-ақ ресми шетелдік делегациялардың мүшелері және оларды ертіп жүретін адамдар - дипломаттық паспорттардың иелері;
3) Қазақстан Республикасының құрметті консулдары және олардың отбасы мүшелері;
4) дипломаттық паспорттардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар паспорттарының Қазақстан Республикасына қызметтік істер бойынша жіберілетін дипломаттық агенттерге теңестірілген мәртебесі бар иелері;
5) дипломатиялық поштаны тасымалдайтын дипломаттық курьерлер - курьерлік парағы болған кезде дипломаттық паспорттардың иелері;
6) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде мыналар дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басты растау рәсімінен босатылады:
1) дипломаттық паспорттардың иелері;
2) дипломатиялық және қызметтік визалардың иегерлері;
3) арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның жазбаша жолданымы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;
4) дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары.
4. Дактилоскопиялауға мүмкіндігі жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде дәрігерлік-консультативтік комиссияның қорытындысы негізінде міндетті дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатылады. Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша бекітеді.
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын, екі қолының барлық саусағы жоқ немесе екі қолының барлық саусағының тырнақ фалангаларында папиллярлық бедерлер жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қолдарының алақандары бойынша дактилоскопиялық тіркелуге жатады.
Егер адамның екі қолының барлық саусағы немесе қолбасы болмаса, ол:
1) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, дактилоскопиялық тіркеуден өтуден;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімінен босатылады.
11-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау тәртібі
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дактилоскопиялық тіркеуді:
1) осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде ресімдеген жағдайда - сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
2) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
3) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 2) - 4) тармақшаларында аталған адамдарға қатысты - ішкі істер органдары;
4) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары;
5) осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында аталған адамдарға қатысты - өз құзыретіне сәйкес сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, ішкі істер органдары жүргізеді.
2. Он екі жастан он алты жасқа дейінгі балаларға қатысты дактилоскопиялық тіркеу олардың келісімімен баланың заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
3. Сот әрекетке қабілетсіз деп анықтаған Қазақстан Республикасының азаматын, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды дактилоскопиялық тіркеу оның қорғаншысының қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.