4. Дактилоскопиялық ақпаратты жинау дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштердегі мәліметтер
Жеке басты куәландыратын құжаттарды, Қазақстан Республикасының визаларын, Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсатты ресімдеу кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге шығарып жіберілуге жататын не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратында қамтылатын мәліметтердің тізбесі дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалады.
13-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын өзгерту және (немесе) толықтыру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жинақтау және сақтау
Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу кезінде алынған дактилоскопиялық ақпаратты жинақтауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру арқылы ішкі істер органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинақтауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурсты қалыптастыру арқылы көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
15-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты сақтау мерзімдері
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган дактилоскопиялық ақпаратты:
осы Заңның 10-бабының 1-тармағында аталған адамдар туралы дерекқорда - олардың қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін, сот азаматты хабарсыз кеткен деп таныған немесе азаматты қайтыс болды деп жариялаған, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған немесе одан шыққан жағдайларда, олар жүз жасқа толған күнге дейін;
осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшаларында, 4-тармағында аталған адамдар туралы дерекқорда - тіркелген күнінен бастап он жыл сақтайды.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 1) - 6) тармақшалары, 4-тармағы негізінде дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар туралы дактилоскопиялық ақпаратты архивтерде материалдық жеткізгіштерде қырық жыл сақтайды.
2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертілді
16-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты пайдалану
Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық тіркеу кезінде алынған дактилоскопиялық ақпараты:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын растау және (немесе) анықтау;
2) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу және бақылау;
3) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтетін адамдарды дактилоскопиялық ақпарат бойынша адамның жеке басын растау рәсімі арқылы есепке алу және бақылау үшін пайдаланылады.
17-бап. Дактилоскопиялық ақпаратты жою
1. Дактилоскопиялық ақпаратты оны жинақтауды және сақтауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жояды.
2. Дактилоскопиялық ақпарат осы Заңның 15-бабында көзделген оның сақталу мерзімдері өткен соң жойылады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Дактилоскопиялық ақпаратты жою дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен ішкі істер органдары уәкілетті бөлімшелерінің, көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшылары бекітетін актілер бойынша жүргізіледі.
3-тарау. ГЕНОМДЫҚ ТІРКЕУДІ ЖҮРГІЗУ
18-бап. Геномдық тіркеуге жататын адамдар
1. Міндетті геномдық тіркеуге:
1) ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін сотталған адамдар;
2) ашылмаған ауыр немесе аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120, 121, 122, 123 және 124-баптарында көзделген қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында биологиялық материалы алынған анықталмаған адамдар;
3) танылмаған мәйіттер жатады.
2. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстары, бірінші кезекте, ата-аналары (ата-анасы) және (немесе) балалары (баласы), ал олар болмаған кезде туыстық дәрежесіне қарай басқа да биологиялық туыстары осы Заңда көзделген тәртіппен олардың келісімімен геномдық тіркеуге жатады.
19-бап. Геномдық тіркеуді жүргізу тәртібі
Геномдық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, геномдық тіркеуге жататын адамдардан, танылмаған мәйіттерден биологиялық материалды іріктеу, сондай-ақ ашылмаған ауыр немесе аса ауыр қылмыс орындарынан анықталмаған адамдардың биологиялық материалын сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алу жүргізіледі;
2) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың биологиялық материалы геномдық ақпарат алу және геномдық тіркеуді жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесіне жіберіледі;
3) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 2-тармағында аталған адамдардың және танылмаған мәйіттердің биологиялық материалы зерттеу жүргізу және геномдық тіркеуді жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесіне немесе сот сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарына (бұдан әрі - сот сараптамасы органдары) немесе лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаға жіберіледі.
Сот сараптамасы органдары немесе лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға сот молекулярлық-генетикалық сараптамалар жүргізу кезінде алынған геномдық ақпараттың көшірмесін геномдық тіркеуді жүзеге асыру үшін ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесіне жібереді.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын және геномдық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтер
Биологиялық материалды іріктеу кезінде алынатын, сондай-ақ геномдық ақпараты бар материалдық жеткізгіштерде қамтылатын мәліметтер дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалады.
21-бап. Биологиялық материалды іріктеу және пайдалану
1. Геномдық тіркеуді жүргізу үшін биологиялық материалды іріктеуді:
1) геномдық тіркеуге жататын сотталғандардан - ішкі істер органдары;
2) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңында белгіленген тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында биологиялық материалы алынған анықталмаған адамдардан - ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесінің және (немесе) сот медицина мамандарын тарта отырып және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарын сақтай отырып, қылмыстық iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтау, тергеу органдары;
3) хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарынан - ішкі істер органдары;
4) танылмаған мәйіттерден - сот медицинасы саласындағы дәрігер маманды тарта отырып, ішкі істер органдары жүзеге асырады.
2. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарынан геномдық тіркеу үшін биологиялық материалды іріктеу олардың жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Хабарсыз кеткен адамның биологиялық туысы болып табылатын кәмелетке толмаған адамнан биологиялық материалды іріктеу оның келісімімен заңды өкілінің қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
Сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған және хабарсыз кеткен адамның биологиялық туысы болып табылатын адамнан биологиялық материалды іріктеу оның қорғаншысының қатысуымен және жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.
3. Бастапқыда биологиялық материал геномдық ақпарат алуды болғызбайтындай сапасыз іріктелген жағдайда, геномдық тіркеуді жүзеге асыратын ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесінің сұрау салуы бойынша геномдық тіркеуге жататын сотталғандардың, хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының биологиялық материалын қайта іріктеу жүргізіледі.
4. Геномдық тіркеуді жүргізу үшін іріктелген биологиялық материал геномдық ақпарат алу үшін пайдаланылады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Геномдық тіркеу үшін биологиялық материал бұрын одан өткен адам сотталған кезде іріктелмейді.
22-бап. Биологиялық материалды сақтау мерзімдері
1. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының, анықталмаған адамдардың, сондай-ақ танылмаған мәйіттердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған және қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме деп танылған биологиялық материалын сақтау мерзімдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 118-бабының талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Сотталған адамдарды геномдық тіркеуді жүргізу үшін іріктелген биологиялық материал іріктелген күнінен бастап одан геномдық ақпарат алғанға дейін сақталады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
23-бап. Биологиялық материал мен геномдық ақпаратты жою
1. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының, анықталмаған адамдардың, танылмаған мәйіттердің сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған және қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдеме деп танылған биологиялық материалы геномдық ақпарат алынғаннан кейін анықтау, тергеу органдарына қайтарылады.
2. Геномдық тіркеу жүргізу нәтижесінде алынған геномдық ақпаратты сақтауды жүзеге асыратын ішкі істер органдары оны осы Заңда көзделген сақтау мерзімдері өткеннен кейін жояды.
3. Сотталғаннан кейін геномдық тіркеуге ұшыраған ақталған адамның геномдық ақпараты соттың ақтау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жылдан ерте жойылмайды.
4. Сотталған адамдарға геномдық тіркеу жүргізу кезінде алынған биологиялық материалды осы Заңның 22-бабының 2-тармағында белгіленген сақталу мерзімдері өткеннен кейін, сондай-ақ геномдық тіркеу кезінде алынған геномдық ақпаратты жоюды ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесі дактилоскопиялық және геномдық тіркеу жүргізу қағидаларында айқындалатын тәртіппен оның басшысы бекітетін актілер бойынша жүзеге асырады.
24-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25-бап. Геномдық ақпаратты алу
Геномдық тіркеуге жататын адамдар туралы геномдық ақпаратты:
1) геномдық тіркеуге жататын сотталғандардың биологиялық материалынан алуды - ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесі;
2) анықталмаған адамдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған, хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының, танылмаған мәйіттердің биологиялық материалынан алуды - ішкі істер органдарының уәкілетті бөлімшесі немесе анықтау, тергеу органдары сот сараптамасын тағайындаған жағдайда, сот сараптамасы органы, лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға жүзеге асырады.
26-бап. Геномдық ақпаратты өзгерту және (немесе) толықтыру
Геномдық тіркеуден өткен адамдардың геномдық ақпаратын өзгерту және (немесе) толықтыру дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
27-бап. Геномдық ақпаратты жинақтау және сақтау
Геномдық тіркеуді жүргізу кезінде алынған геномдық ақпаратты жинақтауды және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарда ішкі істер органдары жүзеге асырады.
28-бап. Геномдық ақпаратты пайдалану
1. Геномдық тіркеуді жүргізу нәтижесінде алынған геномдық ақпарат:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды ашу және тергеп-тексеру, сондай-ақ оларды жасаған адамдарды анықтау және белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының хабарсыз кеткен азаматтарын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды іздестіру;
3) танылмаған мәйіттер бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын анықтау;
4) іздестіріліп жатқан немесе анықталып жатқан адамдардың туыстық қатынастарын анықтау мақсатында пайдаланылады.
2. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарының геномдық ақпараты осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген мақсатта пайдаланылады.
29-бап. Геномдық ақпаратты сақтау мерзімдері
1. Геномдық тіркеуге жататын сотталған адамның геномдық ақпараты геномдық тіркелген күнінен бастап оның қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін жиырма бес жыл өткенге дейін, ал оның қайтыс болғаны туралы мәліметтер болмаған немесе сот оны қайтыс болды деп жариялаған кезде ол жүз жасқа толған күнге дейін сақталады.
2. Биологиялық материалы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған анықталмаған адамдарды геномдық тіркеуді жүргізу кезінде алынған геномдық ақпарат геномдық тіркелген күнінен бастап жиырма бес жыл сақталады.
3. Хабарсыз кеткен азаматтардың биологиялық туыстарын геномдық тіркеуді жүргізу кезінде алынған геномдық ақпарат хабарсыз кеткен адамның жүрген жері анықталғанға немесе оқиғаның немесе қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылғанға дейін сақталады.
4. Танылмаған мәйіттерді геномдық тіркеуді жүргізу кезінде алынған геномдық ақпарат қайтыс болған адамның жеке басын анықтағанға дейін, бірақ геномдық тіркелген күнінен бастап жиырма бес жылдан аспай сақталады.
30-бап. 2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-тарау. ДАКТИЛОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ
ТІРКЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында:
1) дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
32-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласында:
2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) дактилоскопиялық және геномдық ақпараттың дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2025.30.06. № 203-VIII ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган дактилоскопиялық тіркеу саласында:
1) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Шетелде Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинау және беру Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен заңды тұлғалар арасында қызметтер көрсету туралы шарт жасасу арқылы деректердің құпиялылығы қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
34-бап. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган дактилоскопиялық тіркеу саласында:
1) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін беру туралы өздеріне қатысты шешім қабылданған адамдарды дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
35-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары дактилоскопиялық тіркеу саласында:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша жеке басын растау рәсімін жүзеге асыру және осы адамдардың дактилоскопиялық ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау
Прокуратура органдары мемлекет атынан дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
37-баптың қолданысы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 37-бап жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37-бап. Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
Дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
38-баптың қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
38-бап. Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 39-бап өзгертілді
39-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мыналардың:
1) өздерінің дактилоскопиялық ақпаратын немесе өздері заңды мүдделерін білдіретін адамның дактилоскопиялық ақпаратын жинауға және (немесе) өңдеуге, қорғауға байланысты мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 7-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының;
2) осы Заңның 2-тарауының;
3) дактилоскопиялық тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау бөлігінде осы Заңның 37-бабының;
4) Қазақстан Республикасының дактилоскопиялық тіркеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық бөлігінде осы Заңның 38-бабының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында визаларды және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бармай электрондық форматта берілетін визаларды ресімдеу және беру бөлігінде осы Заңның 10-бабы 2-тармағының 6) тармақшасының күші 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы желтоқсанның 30-ы.
№ 40-VI