Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттік тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша жалға алушының) мiндеттерi
Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды.
Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалға алу шарты бойынша міндеттерді атқарудан босатпайды.
90-бап. Уақытша болмаған азаматқа тиесiлi мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң пайдаланылуы
1. Егер мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде осы Заңның 85 және 86-баптарына сәйкес тұрғын үй сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы сақталған тұрғын үйге қосымша жалдау шарты бойынша тұрғындарды кiргiзуге не тұрғын үйдiң сақталу мерзiмiнде уақытша тұрғындар тұрғызуға құқылы.
Егер жалға алушы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзiне сақталатын тұрғын үйге өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғын үйдi жалға алушының келісімiмен мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы.
Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн.
2. Жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң қайтып оралуына қарай олар қосымша жалдаушыларды немесе уақытша тұрғындарды жалға берушi берген тұрғын үйден дереу шығаруды талап етуге құқылы.
Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.
91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткізуге байланысты азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындарды (жалға алушының) көшiрмей жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi.
2. Тараптардың келісімi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа үй-жай берiлуi мүмкiн.
3. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс.
Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi.
4. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс.
Жалға алушының немесе жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде үй-жай едәуiр үлкейтіліп және жалға алушыда артық алаң пайда болған жағдайларда да берiледi.
Егер күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұрғын үй тарылып кетсе, жалға алушыға оның талап етуi бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғын үй берiледi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
92-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жалға берушінің келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды.
Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерінің және жергілікті атқарушы органның келісімімен ғана өзгертілуі мүмкін.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 93-бап өзгертілді
93-бап. Бiр отбасына бiрiккен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) талап етуi бойынша шарттың өзгертiлуi
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын және ондағы тұрғын үй-жайларды жеке жалдау шарты бойынша пайдаланатын азаматтар бiр отбасына бiрiгуi жағдайында өздерi тұратын бүкiл тұрғын үйге өздерiнiң бiреуiмен жалдау (қосымша жалдау) шартын жасауды жалға берушiден талап етуге құқылы.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 94-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
94-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасы мүшелерiнiң арасында отбасылық қатынастарды тоқтатқан кезде мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдалану тәртібін белгiлеу
Отбасылық қатынасты тоқтатқан, бірақ тұрғын үйді жалға алудың ортақ шарты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бір тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұрып жатқан адамдар жекелеген жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жасамастан, тұрғын үйді пайдалану тәртібін анықтауға құқылы.
Келісімге келе алмаған кезде дау пайда болғанға дейінгі тұру жағдайы ескеріліп дау сотпен шешіледі.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 95-бап өзгертілді
95-бап. Отбасының басқа мүшесін жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп танудың салдарынан шарттың өзгертілуi
Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесі жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған басқа мүшелерінің келісімімен бұрын жасалған жалға алу шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына оны жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған жағдайда қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасының кәмелетке толған кез келген мүшесіне нақ осындай құқық беріледі.
Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзгеруі тұрғын үйді жалдау шартын қайта ресімдеуге әкеп соғады.
2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 96-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
96-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастаудың тәртібі осы Заңның 98, 99, 101 және 110-баптарында белгiленген тұрғын үйлердiң құқықтық режимдерiмен айқындалады.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келісімiн алуға тиiс.
05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 12-тараудың тақырыбы өзгертілді ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 12-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге, немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге және телекоммуникация
желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтеріне ақы төлеу
16.11.99 ж. № 477-1; 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 182-III (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 97-бап өзгертілді; 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 97-бап өзгертілді
97-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстағаны, коммуналдық қызметтер және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтері үшiн ақы төлеу
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттік кәсiпорынның әкiмшiлiгi (мемлекеттік кәсiпорынның тұрғын үй қорынан) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерiн есептеу әдістемесіне сәйкес белгiлейдi.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 1-1 және 1-2-тармақтармен толықтырылды
1-1. Азаматтардың жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлейтін ақысының мөлшерін осы жергілікті атқарушы орган белгілейді.
1-2. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін азаматтардың белгілі бір санатының шығыстарын бюджет қаражаты есебінен төлеуге құқылы.
Жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берілген тұрғын үйлердегі тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының шығыстары жергілікті бюджетке жүктелетін азаматтар санатын жергілікті өкілді орган белгілейді.
2006.07.07 № 182-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғынжайларда коммуналдық қызмет көрсету үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.
Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
Жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережелері 2012 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қолданады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.
3. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшiн ортақ шығыстарды ортақ тұрғын үйде (бiр пәтерде) тұратын бiрнеше жалдаушы немесе меншiк иелерi арасында бөлiсу тәртібі тараптардың келісімiмен, ал келісімге қол жетпеген жағдайда сот тәртібімен анықталады.
4. Тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі жеңiлдiктер Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
13-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң және оны пайдаланудың ерекшелiктерi
ҚР 07.06.99 ж. № 391-I Заңымен ; 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 98-бап өзгертілді
98-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлетiн тұрғын үйді жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келісімiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады.
Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.
09.07.04 ж. № 587-II ҚР Заңымен 98-1-баппен толықтырылды
98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi
1. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша оған талап ету құқығын беру нәтижесiнде кепiл ұстаушы ретiнде әрекет ететiн жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң - Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған жағдайда, кепiл берушiнiң өтiнiшi бойынша келісімнiң басқаға беру туралы шарттарына сәйкес тұрғын үйдi сатып алуға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үй коммуналдық меншiкке өтедi және кепiл берушiге берiледi, ол оны кепiл ұстаушының ипотекалық талап ету құқығын беру құны бойынша жекешелендiруге құқылы.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 99-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғын үйлердің құқықтық режимі
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері — зайыбы (жұбайы); ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары, жиырма үш жасқа толмаған, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары — әскери қызметін өткеру кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғын үй осы заңда белгіленген мөлшерде беріледі.
Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
2015.10.01. № 275-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйге құқығын іске асыруы осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) оны «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен жекешелендіреді.
2. Әскери қызметші осы елді мекенде оның және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында тұрғынжай немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғынжайы болмаған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.
4. Асыраушысынан айырылған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж адамдарға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.
5. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жатқан тұрғынжайлары шетелде болған барлық уақытына сақталады.
100-бап. 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 101-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 529-ІV ҚР Заңымен 101-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөніндегі қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
2. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2014.29.12. № 270-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкерлердің тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіру құқығы бар.
Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қызмет өткерген кезеңде сол елді мекенде қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай берілген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері әскери қызметтегі он жыл қызмет өтілінен кейін, ал еңбек сіңірген жылдары, сырқаты немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен шығарылған кезде - қызмет мерзіміне қарамастан оны жекешелендіруге (әскери қалашықтардағы, шекаралық заставалардағы және өзге де жабық объектілердегі тұрғынжайларды қоспағанда) құқылы.
Мұндай тұрғынжайларды оның жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекаралық заставаларда орналасуының салдарынан жекешелендіру мүмкін болмаған жағдайларда, жекешелендіру құқығы басқа жерлерден сатып алу (салу) үшін тиісті тұрғынжайдың құнымен өтеледі.
Күнтізбемен есептегенде жиырма және одан да көп жыл еңбек сіңірген әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері тұрғын үй-жайды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғынжай берілген әскери қызметші немесе арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс істеген мерзіміне қарамастан қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне ауысады.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
Көрсетілген жеңілдіктер кемінде жиырма жыл қызмет атқарған, әскери атақтарға ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға да қатысты қолданылады.