Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
4. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау олардың кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау бір елді мекен шегінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларына ротация жүргізу мерзімдері мен шарттары мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларында айқындалады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады.
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса атқаруға болмайды.
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік ережелерін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола алады.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 9-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі келісу бойынша кіреді.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 9-2-тармақпен толықтырылды
9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, осы Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) тармақшаларында, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ:
1) штат санын бекіту;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту;
4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді қабылдау жатады.
9-3. 2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
Педагогтерді мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарға, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.29.06. № 58-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды.
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
2021.26.06. № 56-VII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бұзғаны немесе білім алу үшін арнаулы жағдайлар жасамағаны;
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 45-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік білім беру жүйесінің қызметі нәтижелерін арттыруға, экономика салалары мен жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып кадрлар даярлығының деңгейіне қол жеткізуге, оқытудың өндіріспен байланысын, оның ішінде дуальды оқытуды енгізу арқылы нығайтуға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс берушілердің қаражатын қоса алғанда, қосымша қаржыландыру көздерін тартуға бағдарланған.
2. Кәсіптік білім беру саласындағы әріптестердің өзара іс-қимылдарының негізгі бағыттары:
1) жұмыс берушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) технологиялық базасын пайдалана және тәлімгер бекітіп беріле отырып, білім алушылардың кәсіптік практикасын, арнайы пәндер бойынша оқытушылардың және мамандардың тағылымдамаларын ұйымдастыру;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) жұмыс орындарын ұсынуына жәрдемдесу;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) кадрлар даярлау және оларды жұмысқа орналастыруға жәрдем-десу мәселелері бойынша тараптардың өзара іс-қимылдарын дамыту;
4) экономиканың тиісті салаларында кәсіптік қызмет тәжірибесі бар мамандарды оқыту процесіне тарту;
2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кәсіптік білім беру сапасын бақылауды ұйымдастыруға қатысу;
6) жұмыс берушілердің қаржылай қаражатын білім беру ұйымдарын дамытуға тарту болып табылады.
3. Әлеуметтік әріптестік:
1) республикалық деңгейде;
2) өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде комиссиялар құру арқылы тараптардың өзара іс-қимылы жолымен жүзеге асырылады.
4. Кәсіптік және техникалық білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссиялардың үлгі ережесі мен қызметінің тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер
Білім беру жүйесіндегі білім беру қызметі субъектілерінің мүдделерін олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және әрекет ететін бірлестіктері білдіре алады.
47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау талаптарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысандарын таңдауға құқығы бар.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Білім алатын адамдар білім алушылар немесе тәрбиеленушілер болып табылады.
Бiлiм алушыларға оқушылар, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар, студенттер, магистранттар, интерндер, резидент-дәрігерлер және докторанттар жатады.
Тәрбиеленушілерге мектепке дейінгі, интернаттық ұйымдарда білім алушы және тәрбиеленуші адамдар жатады.
3. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;
3) оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстарды таңдауға;
4) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
5) білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан немесе жоғары білімнің білім беру бағдарламасынан басқасына, ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуге;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапхананы тегін пайдалануға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдай туралы ақпарат алуға;
10) өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
11) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;
12) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге;
2) оқудан бос уақытта оқуды жұмыспен ұштастыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметке шақырылу мерзімін кейінге қалдыруға құқығы бар.
5. Медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда білім алушыға академиялық демалыс берілуі мүмкін.
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік спорттық және (немесе) шығармашылық тапсырысты орналастыру үшін ақпараттық жүйеде тіркеледі.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Білім беру ұйымдарын бітірген азаматтар келесі деңгейдегі білім беру ұйымына түсу кезінде бірдей құқықтарға ие болады.
6-1. 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-2. 2016.09.04. № 501-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 172-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушы студенттерге, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидент-дәрігерлерге, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларына мемлекеттік стипендия төленуі мүмкін. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу қағидаларын, сондай-ақ оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттiк атаулы стипендия жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының неғұрлым дарынды магистранттарына және Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушыларына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ғылыми кеңестерiнiң шешiмдерi негiзiнде төленеді.
Көзі көрмейтін мүгедектігі бар адамдардың және құлағы естімейтін мүгедектігі бар адамдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алынған балалардың, сондай-ақ кезекті аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша «үздік» деген бағаға ғана оқитын студенттер мен магистранттардың мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жоғары мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар.
Жеке және заңды тұлғалар тағайындайтын атаулы стипендиялар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алушыларға тағайындалады.
Атаулы стипендиялардың мөлшерін және оларды төлеу тәртібін оларды тағайындаған органдар мен тұлғалар айқындайды.
8. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Білім алушыларды білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етеді.
10. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.
2024.23.02. № 64-VIII ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 27 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1. Оқу мақсаттарында қысқа мерзімді оқу жоспарларында көзделген жағдайларды қоспағанда, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу процесі кезінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдалануына жол берілмейді.
11. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында білім алушы және (немесе) тәрбиеленуші жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекет қамқорлығында ұсталады.
12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да жеңілдіктер беріледі.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушылардың қысқы және жазғы каникул кезінде қалааралық теміржол және автомобиль (таксиден басқа) көлігінде жеңілдікпен жол жүруге құқығы бар.
14. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
15. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және тән саулығын өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды; 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 15-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-1. Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.
16. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагогтің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 17-тармақ үшінші бөлікпен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жүктеледі.
Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мерзімдерде және тәртіппен жұмыспен өтеуге міндетті.
Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін:
1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адам болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-2-тармақпен толықтырылды
17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;
4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-3-тармақпен толықтырылды
17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 17-4-тармақпен толықтырылды; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 17-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.
Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 17-5-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 17-5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)