9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді, олардың құрылымын қоса алғанда, басқарудың негізгі қағидаттарын айқындайды;
10) монетарлық қызметке жататын қызметті айқындайды;
11) Қазақстан Ұлттық Банкі қызмет көрсететін заңды тұлғалардың санаттарын айқындайды;
12) Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
13) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
14) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiтеді;
15) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін қарайды және бекітеді;
16) Қазақстан Ұлттық Банкiнің, оның ведомстволары мен ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттарын және Қазақстан Ұлттық Банкi мен оның ведомстволарының қызметкерлерiн әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамсыздандыру шарттарын бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқару бойынша шешiмдерді жедел қабылдау өкiлеттiгiне кiретiн, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi лауазымды адамды (өкiлеттi өкiл) айқындайды;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
17-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына енгізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын адамдарға қойылатын талаптарды бекітеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша 2019.03.07. № 262-VІ Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
18) төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулi ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19) тармақша жаңа редакцияда
19) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды беру туралы мәселені қарайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1) дербес өзі не қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
20) ұйымдарды құру, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бір бөлігі болып табылатын ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу туралы шешімдер қабылдайды;
21) осы Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-1) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-2) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекітеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 21-3) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 21-3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-3) құзыреті шегінде ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;
22) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
23) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін есепке алу мен сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің шоттары ашылатын шетелдік кастодиандарды айқындайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7) және 23-8) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
23-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің клиенттер активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-3) Қазақстан Ұлттық Банкінің брокерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-4) Қазақстан Ұлттық Банкінің дилерлік қызметті жүзеге асыруы тәртібін айқындайды;
23-5) Қазақстан Ұлттық Банкінің туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-6) Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операциялар жүргізуі тәртібін айқындайды;
23-7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын бекітеді;
23-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі операцияларды есепке алу бойынша есепке алу саясатын бекітеді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды және өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; 11.07.97 ж. № 154-1; 2006.05.07. № 165-III (01.07.2006. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-бап өзгертiлдi
16-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамы
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің төрт лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл, Қазақстан Республикасының Үкіметінен екi өкiл және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан бір өкіл кiредi.
Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Ұлттық Банкiнен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органнан Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 69-1-баппен толықтырылды
69-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісім
Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен жасалатын бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-бап өзгертiлдi
17-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілістерi қажет болуына қарай, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткiзiледi.
Басқарманың жоспардан тыс мәжілістерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқарма мүшелерi Басқарма мәжілісiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған кезде-оның мiндетiн атқарушы адам жүргiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатынасқан жағдайда Басқарма шешiм қабылдауға құқылы, олардың iшiнде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орнында қалған адам болуға тиiс.
Басқарманың шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусы мен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қайтара талқылау және дауыс беру үшiн өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен қуаттаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешiмге қол қояды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен 18-бап өзгертілді
18-бап. Қызметтен кету және босату
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, қызметiнен кетуге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Ұлттық банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарлары қызметiнен кетерiнен екi ай бұрын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн берiп, орнынан түсе алады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті және оның өкілеттіктері
1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті:
1) базалық мөлшерлемені белгілейді;
2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;
3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.
2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкінің өз функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының шешімі бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметшілері болып табылмайтын, Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы бекітетін талаптарға сәйкес келетін адамдар енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.
3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің отырыстарында Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы төрағалық етеді.
4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
ҚР Президентінің 05.12.95 ж. № 2672 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертiлдi
19-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорларының кеңесi және оның өкiлеттiгi
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесi болып табылады.
Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң және ведомстволарының басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжілістерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжілісiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.
Осы Заңға сәйкес Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Төрағасының құзырына енетiн мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның орынбасарларының).
Директорлар кеңесi өз құзырына енетiн мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкінің бухгалтерлік есебін жүргізу мен жекелеген және шоғырландырылған қаржылық есептілігін жасау тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібін айқындайды.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күшi бар жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20-бап өзгертiлдi
20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi, ведомстволары мен ұйымдары
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары, өкiлдiктерi мен ведомстволары өз қызметiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген өкiлеттiктер шегiнде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Заңмен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актілеріне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың, қызметін реттеу және құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөніндегі өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттік орган болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ВЕДОМСТВОЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 20-1-бап өзгертілді
20-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамы және олардың еңбегін реттеу
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Қазақстан Ұлттық Банкі бюджетінің қаражатынан (шығыстар сметасынан) төленетін, мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметкерлері лауазымдарының құрамына:
1) мемлекеттік саяси қызметшілердің;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметшілерінің;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілерінің лауазымдары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын, мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері болып табылады.
Лауазымдық өкілеттіктер деп қызметшілердің Қазақстан Ұлттық Банкіндегі және оның ведомстволарындағы нақты мемлекеттік лауазымымен көзделген, Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге сай келетін құқықтар мен міндеттер түсініледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша еңбек міндеттерін орындайтын, азаматтық қызметшілерге жатпайтын адамдар Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының техникалық қызметшілері болып табылады.
Техникалық қызметшілер лауазымдарының тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегі осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің актілерінде белгіленген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
Қазақстан Ұлттық Банкі және оның ведомстволары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы бекітетін Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 20-2-бап өзгертiлдi (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
20-2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін қызметке тағайындау шарттары
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасуға үміткер адамдардың Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында тиісті лауазымға орналасу үшін қажетті білімі, кәсіби даярлығының деңгейі болуға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына:
1) заңда белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;
3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;
5) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 20-3-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату
Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату мынадай негіздер:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген;
2) Қазақстан Ұлттық Банкінде және оның ведомстволарында олардың болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толу;
3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
4) кірістері мен мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтердi ұсыну;
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;
6) инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға бермеу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкіне және оның ведомстволарына жұмысқа кiру кезiнде жұмысқа қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтерді ұсыну;
8) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1) Қазақстан Ұлттық Банкінің функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде басқа мемлекеттік органға беруге байланысты басқа мемлекеттік органға ауыстыру;
8-2) Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген басқа мемлекеттік органға ауысудан бас тарту;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері, оның ішінде оны жою (тарату) немесе қайта ұйымдастыру кезінде берілген мемлекеттік орган Қазақстан Ұлттық Банкінің берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындап жүрген және (немесе) сол штат бірліктерін атқарып жүрген қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес лауазымдарды ұсынады. Тең дәрежелі лауазым болмаған жағдайда, Қазақстан Ұлттық Банкі қызметшісінің келісуімен оған мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген төмен тұрған лауазым ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан Ұлттық Банкі жұмыскерлерінің санын немесе штатын қысқарту негізінде еңбек шартын бұзу кезінде Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқартылатын лауазымды атқарып жүрген қызметшісіне кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері
1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)