82) халықаралық әуежай - кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;
83) халықаралық әуемен тасымалдау - тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттерi:
екi немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау;
84) халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы - халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу;
85) халықаралық ұшу - әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтетін ұшуы;
85-1) іздестіру-құтқару жұмыстары - апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды іздестіру және оларға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
86) экипаж мүшесі - авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 87) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87) экипаж мүшесінің куәлігі - экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне егемендігі
1. Қазақстан Республикасының құрлық және су аумағы үстінде және оның аумақтық сулары үстінде орналасқан әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендік Қазақстан Республикасына тиесілі.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі оның мемлекеттік аумағының бір бөлігі болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көздегендегіден өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға;
3) егер әуе кемесі баратын елдің заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және азаматтық әуе кемелері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде болған уақытта оларға қолданылады.
5-бап. Авиация құралдарына меншік құқығы
Әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, әуежайлар, техникалық құралдар және әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру, орындау, қызмет көрсету және қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүлік мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
6-бап. Авиация түрлері
1. Қазақстан Республикасының авиациясы мемлекеттік, азаматтық және эксперименттiк болып бөлiнедi.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмi бойынша басқа да мемлекеттік органдардың қарамағында болатын және қорғаныс, мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну мақсатында пайдаланылатын авиация мемлекеттік авиация болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация деп эксперименттiк және мемлекеттік авиацияның құрамына кiрмейтiн және:
1) жолаушыларды, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау);
2) авиациялық жұмыстарды орындау;
3) оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту;
4) әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
5) iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда көмек көрсету;
6) аэронавигациялық қызмет көрсету;
7) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу;
8) әуежай қызметін және (немесе) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қызметін көрсетуді жүзеге асыру;
9) әуеайлақтарды және азаматтық авиация объектілерін жоспарлау мақсаттарында пайдаланылатын авиация танылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда ақысы төленіп немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация болып танылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мақсаттарда ақысы төленбей және жалдаусыз пайдаланылатын, сондай-ақ осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз жетпіс бес килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация аса жеңіл авиация болып танылады.
4. Эксперименттiк авиация деп авиациялық және басқа да техника саласында тәжiрибелiк-конструкторлық, эксперименттiк, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргiзуге арналған авиация танылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы қолданылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары қолданылады.
Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту:
1) стратегиялық және ұзақ мерзімді міндеттердің операциялық және қысқа мерзімді міндеттерден басым болу қағидатына;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында адами капиталды есепке алу, зерттеу, дамыту және сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы жүйелі тәуекелдерді анықтау, талдау және барынша азайту жөнінде шаралар қолдану процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қамтамасыз етеді.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ АВИАЦИЯ
ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, бақылау және қадағалау
8-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметін мемлекеттік реттеу міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуі, ұшуды адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қатер төндірмей орындау;
2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы принциптерін белгілеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіктерін қанағаттандыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды және авиация қызметін мемлекеттік реттеуді өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын болғызбау және (немесе) тоқтату және (немесе) оның жолын кесу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Әуе кеңістігін пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі салаларындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы нысанасына жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қатысуымен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұшу қауіпсіздігі мəселелері бойынша мемлекеттік авиацияның қызметіне мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүргізу тəртібін мемлекеттік авиация саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық және эксперименттік авиация қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау мынадай нысанда:
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тексерулерді қоспағанда, жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын азаматтық авиация ұйымдарын тексерулер;
2) жеке және заңды тұлғалардың осы Заңмен жүргізу тәртібі айқындалатын әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін байқауды және талдауды қамтитын, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын техникалық бақылау мен қадағалауды (бұдан әрі - бақылау мен қадағалау) жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін, сондай-ақ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды орындау мақсатында байқау және талдау, осы Заңның талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жеке және заңды тұлғалар берген ақпарат, құжаттар мен материалдар негізінде жүзеге асырылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытындысы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері қорытынды құжаттар (актілер, инспекторлық нұсқамалар) жасауы және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша не өз бастамасы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері жасаған тексерулердің және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарының қорытынды құжаттарының (актілердің, инспекторлық нұсқамалардың) күшін жоюға, оларды кері қайтарып алуға, тоқтата тұруға немесе өзгертуге құқылы.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды; 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 10-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексеру түрлері
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұшу қауіпсіздігі) мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) ішінара;
2) жоспардан тыс.
Ішінара тексеруді тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне жүргізілген бұрынғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен тұрақты қадағалау бағдарламасы негізінде азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайды.
Жоспардан тыс тексеруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және (немесе) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкестігіне азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаға, әуе кемелеріне және (немесе) олардың компоненттеріне, әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ететін жабдыққа қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тағайындайды.
Мақсаттарына қарай ішінара және жоспардан тыс тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаны, оның ішінде осындай адамның ұшуды ұйымдастыруын, дайындауын және орындауын тексеру;
2) азаматтық және (немесе) эксперименттік авиация саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаны тексеру;
3) шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, ішінара және жоспардан тыс тексерулер еңбек тәртібінің қағидаларында белгіленген, тексерілетін субъектінің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеру бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу қажет болған жағдайларда жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақыт, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 10-2-баппен толықтырылды
10-2-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызмет
Азаматтық және эксперименттік авиация саласында ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылау мен қадағалауға жататын қызметке:
1) әуе кемелерін пайдалану, ұшуды жүргізу және соған дайындалу;
2) әуе қозғалысына қызмет көрсету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету, аспаптар арқылы ұшу схемаларын әзірлеу және аэронавигациялық карталарды жасау;
4) ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету;
5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету;
6) ұшуды әуеайлақпен қамтамасыз ету;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;
8) ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) құстар мен өзге де жануарлар туындататын қауіптерді басқару;
10) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) медициналық куәландыру, медициналық қарап-тексеру, жолаушыларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
12) ұшуды авариялық және іздестіру-құтқару қызметімен қамтамасыз ету;
13) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) жерде қызмет көрсету;
15), осы Заңның 90-бабының 1-тармағында көзделген, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызмет;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) осы Заңның 105-бабының 2-тармағында көзделген авиациялық қауіпсіздік шаралары;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) азаматтық авиация саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
18) авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жатады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулер жүргізу тәртібі
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке және заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексерулерді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиация инспекторы (бұдан әрі - авиация инспекторы) нұсқамалық материалды пайдалана отырып жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тексеру азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның тексеру жүргізу туралы бұйрығының негізінде жүргізіледі, онда тексеруді жүзеге асыратын адам, тексерудің басталу мен аяқталу мерзімдері, сондай-ақ тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның деректері көрсетіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Авиация инспекторлары тексеру кезінде тексеру жүргізу туралы бұйрықты және авиация инспекторының куәлігін көрсетуге міндетті. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін тексерілетін тұлғаға табыс ету кезі тексеру жүргізудің басталуы болып саналады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Тексеру жүргізу туралы бұйрықтың көшірмесін қабылдаудан бас тартылған немесе тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторының тексеру жүргізу үшін қажетті объектілерге және (немесе) материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы мен тексерілетін тұлға не оның уәкілетті өкілі қол қояды.
Тексерілетін тұлға бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеру жүргізу туралы бұйрықты алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тексеруді жүзеге асыратын авиация инспекторы тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның атауы;
3) соның негізінде тексеру жүргізілген, тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеруді жүргізген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;