«Білім беру гаранттарын алуға конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына кіргізу кезінде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынсыз қалған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастардың қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылық құқығы болады.»;
11-тармақтың 7) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 28-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік оқу бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылады.»;
11-тармақтың 8) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Алты жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап алты жасқа дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.»;
11-тармақтың 9) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады.»;
11-тармақтың 10) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 39-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын, докторантураның, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттар;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, докторантураның, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер береді.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымдары береді.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.»;
11-тармақтың 11) тармақшасы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 47-баптың 6-1 және 6-2-тармақтары алып тасталсын;
12) 51-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы «құрметтеуге міндетті.» деген сөздер «құрметтеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті.».
12-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Назарбаев Университет», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы» 2011 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №2, 20-құжат; 2012 ж., №5, 36-құжат; №23-24, 125-құжат; 2015 ж., №14, 72-құжат)
10-баптың 3 және 5-тармақтары алып тасталсын.
13. «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., №10, 49-құжат, №15, 78-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-V, 152-құжат):
1) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, баланы қабылдайтын отбасына) берілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты отбасы және балалар саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.»;
2) 28-баптың 3) тармақшасындағы «нормативін (мөлшерін) қамтиды.» деген сөздер «нормативін (мөлшерін);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген жетім баланы немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға арналған төлем нормативін (мөлшерін) қамтиды.».
14-тармақ 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., №21-ІІІ, 135-құжат):
2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) 2017 жылғы 1 қаңтардан 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты:
1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;
1-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;
2) әскери және арнаулы жоғары оқу орындарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшелері болып табылатын шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен және білім саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген білім беру ұйымдары береді.
Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.».
2-бап. Осы Заң:
1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының екінші, үшінші, алтыншы және жетінші абзацтарын, 3) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 18), 20) тармақшаларын, 6-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасын, 11-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5), 7), 11) тармақшаларын, 12 және 14-тармақтарын;
2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 3-тармағының 13), 14), 15) тармақшаларын;
3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағының 8) және 9) тармақшаларын;
4) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағының 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2016 жылғы сәуірдің 9-ы.
№ 501-V