9) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
10) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
11) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
12) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
13) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлеп, бекітеді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
15) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
16) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсаттар береді;
17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) пайдаланушылардың қызметін тексереді;
18) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
19) балықтардың қырылуына сөзсіз алып келетін қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
20) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
21) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
22) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
23) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
24) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
25) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
26) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
27) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
29) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
30) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
31) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
32) жергілікті атқарушы органдарға балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
34) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
35) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
36) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
37) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
38) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
39) балық шаруашылығын жүргізуге шарттар жасайды;
40) 2018 ж. 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
41) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру және (немесе) бекітіп беру мерзімдерін ұзарту жөнінде шешімдер қабылдайды;
42) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;
43) су тарту және су ағызу құрылысжайларының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлеп, бекітеді және оларды орнатуды келіседі;
44) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ведомство және оның аумақтық бөлімшелері өз қызметін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
10-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару органдарының құзыретi
1. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру мен бақылауды жүзеге асырады;
3) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының жəне (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiтедi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді
4) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптарды бекітіп беру мен аңшылық шаруашылығының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
4-1) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-2) - 5-10) тармақшалармен толықтырылды
5-2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
5-3) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-4) жануарларды, оның ішінде жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жөнiндегi, сондай-ақ қолдан өсiру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;
5-5) аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
5-6) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5-7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-7) ғылыми зерттеулер негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
5-8) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
5-9) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5-10) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-10) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-11) тармақшамен толықтырылды
5-11) облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5-12) тармақшамен толықтырылды; 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5-12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-12) резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5-13) тармақшамен толықтырылды
5-13) инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтейді;
2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 5-14) тармақшамен толықтырылды
5-14) акваөсіру (балық өсіру) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар береді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-15) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-15) балық өнімдерін қайта өңдеуді субсидиялауды жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-16) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-16) балық шаруашылығы субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi
Жануарлар дүниесiн қорғауды, өсiмiн молайтуды және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн жануарлар түрлерінің жай-күйі мен географиялық таралуы туралы, олардың саны, жүйелi байқау нәтижелерi, оларды шаруашылықтағы пайдалану көлемдерi туралы мәлiметтер жиынтығын және басқа да қажеттi деректердi құрайтын жануарлар дүниесiн мемлекеттік есепке алу, оның мемлекеттік кадастры мен мониторингi жүргiзiледi.
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11-1-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өсімін молайту мақсатында аулауды және ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, бекіре тұқымдас балық түрлерін үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою, оларды сатып алу, қайта өңдеу және олардың уылдырығы мен өнімінің басқа да түрлерін өткізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны тек қана мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Бекіре тұқымдас балық түрлерінің өсімін қолдан молайту мен балық өсіру материалын және олардан өсімін молайту мақсатында жыныстық өнімдер алынғаннан кейін бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде өткізу жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік монополия субъектісінің қызметімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметке жатады.
2. Өнімді мемлекеттік монополия субъектісінен сатып алған жеке және заңды тұлғалар оны одан әрі қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Бекіре тұқымдас балық түрлері кездейсоқ ауланған жағдайларда, сондай-ақ бекіре тұқымдас балық түрлерімен бірге иесіз балық аулау құралдары табылған кезде тіршілік етуге қабілетті дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге немесе мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бекіре тұқымдас балық түрлерінің құртшабақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарға берілуге тиіс, ал тіршілік етуге қабілетсіз (өлі) дара нұсқалары үйреншікті мекендеу ортасына жіберілуге тиіс.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Бекіре тұқымдас балық түрлерін өсімін молайту мақсатында және ғылыми-зерттеу үшін аулау кезінде үйреншікті мекендеу ортасынан алып қою балық аулау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін өнімнің бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3-тарау. Жануарлар дүниесiн қорғау
12-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі негiзгi талаптар
2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне, мекендейтiн ортасына, көбею жағдайларына және жануарлардың өрiс аудару жолдарына әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін болатын қызмет жануарлар дүниесінiң, олар мекендейтін ортаның сақталуы мен өсiмiн молайтуды және келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеудi қамтамасыз етудiң талаптары, оның ішінде экологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
2. Жануарлар дүниесiнiң жай-күйiне және олар мекендейтiн ортаға әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде мынадай негiзгi талаптардың сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс:
1) жануарлар дүниесiнiң табиғи еркiндiк жағдайындағы биологиялық сан алуандығы мен үйiрлiк тұтастығын сақтау;
2) жануарлар дүниесiнiң объектiлерi мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырлану орындарын сақтау;
3) жануарлар дүниесi объектiлерiн ғылыми негізделген тұрғыдан ұтымды пайдалану және олардың өсiмiн молайту;
4) табиғаттағы биологиялық тепе-теңдiктi сақтау мақсатында жануарлар дүниесi объектiлерiнiң санын реттеу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жануарлар түрлерін, оның iшiнде бағалы, сирек кездесетiндерi мен құрып кету қаупi төнгендерiн жасанды өсiрудi қоса алғанда, кейiннен оларды мекендеу ортасына шығара отырып, жануарлар дүниесiнiң өсiмiн молайту.
3. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау
Жануарлар дүниесiн қорғау:
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нормативтерді белгiлеу және сақтау;
2) жануарлар дүниесiн пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлардың бағалы, сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн қорғау;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзуды болдырмау;
5) жануарлар мекендейтiн ортаны қорғауды, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастыру;
6) жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау жөніндегі мiндеттердi жүктей отырып, аумақтарды, акваторияларды бекітіп беру;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді
7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жануарлар түрлерін асанды түрде өсiру;
9) жануарлар ауырған жағдайда, дүлей зiлзала кезiнде және басқа себептер салдарынан қырылу қаупi төнген жағдайларда оларға көмек көрсету;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастыру;
11) жануарлар дүниесi объектiлерiн қорғау және орнықты пайдалану идеяларын насихаттау;
12) жеке және заңды тұлғалардың жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі қызметiн ынталандыру;
13) азаматтарды жануарлар дүниесiне iзгiлiктi және ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу жолымен жүзеге асырылады.
14-бап. Жануарлар дүниесiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында оны пайдалануға шектеулер мен тыйым салулар белгiлеу
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңмен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау және өсiмiн молайту мақсатында:
1) жануарлар дүниесiн пайдалану мерзiмдерiн шектеу;
2) аулау әдiстерiне, тәсiлдерiне және құрал түрлерiне тыйым салу;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жануарлар дүниесі объектілерін алу нормаларын өзгерту;
4) жануарлар дүниесiн пайдаланушылардың санын шектеу;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) жануарлар әлемін пайдалану орындарын шектеу;
2021.23.02. № 11-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) заңсыз, хабарлаусыз, реттеусіз кәсіпшілікке, сондай-ақ су биологиялық ресурстарынан дайындалған өнімнің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша шаралар белгіленеді.
2. Шектеулер мен тыйым салулар белгiлеуге:
1) жануарлар популяциясының жыныс-жас құрылымының бұзылуы;
2) жануарлар санының азаюы;
3) мекендеу ортасының нашарлауы;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) жануарлардың өрiс аударуы мен көбеюi кезеңiнде олар жаппай шоғырланатын жерлерде тыным алу аймақтарын құру қажеттігі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) гидрометеорологиялық жағдайларға қарай балықтардың уылдырық шашуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттігі негiз болып табылады.
3. Жануарлар дүниесi объектiлерiн сақтау мақсатында:
1) өсiмдiктердi жоюға және жануарлар мекендейтiн ортаның жағдайларын нашарлататын өзге де iс-әрекеттерге;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жануарлар үйiрiмен мекендейтiн жердi периметрі бойынша олардың iндерi орналасқан жерге жиырма метр жақын немесе оларды алдын ала басқа жерге көшiрмей жыртуға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) уәкілетті органның рұқсатынсыз жануарлардың паналау орындары мен ұяларын бұзуға және бүлдiруге, жұмыртқаларын жинауға;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) суда жүзетiн құстардың жаппай ұя салуы көрсетiлген және балықтардың көбеюi кезеңiнде олар уылдырық шашатын жерлерде катерлердiң, моторлы қайықтардың және басқа да жүзу құралдарының двигательдерін iске қосып жүзуге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) ұшақтардың, тiкұшақтардың және өзге де ұшу аппараттарының итбалықтар, тұяқты жабайы жануарлар мен топтасып ұшатын құстар жаппай мекендейтiн аумақтардың үстiнен бiр километр төмен биiктiкте ұшып өтуiне;
6) жануарлардың мекендеу ортасын жоюға, жемшөптiк өсiмдiктер егiстiктерiн, қорғау екпелерiн, сортаң топырақтарды, жануарларға арналған астауларды, сiлтеме белгiлердi, аң аулау және балық аулау шаруашылығын жүргiзуге арналған құрылыстарды бүлдiруге;
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнсiз алып қоюға;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді
8) жануарлар дүниесi объектiлерiн белгiленген лимиттен артық және жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған рұқсаттарда, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға арналған рұқсаттарда немесе жолдамаларда көрсетiлген мерзiмдерден тыс, сондай-ақ тыныштық аймақтары мен өсімді молайту учаскелерінде аулауға;
9) жануарлар дүниесi объектiлерiн аң аулау мен балық аулау ережелерiнде көзделмеген жануарларды аулау құралдарының, әдiстерінің және тәсiлдерiнiң түрлерiн қолдана отырып аулауға;