Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) жануарлар дүниесiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) - 5) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) үйреншікті мекендеу ортасынан ауланған бекіре тұқымдас балық түрлерінің дара нұсқаларын тірі күйінде және олардың ұрықтандырылған уылдырығын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкету туралы шешім қабылдайды;
7) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды;
8) жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің тізбесін бекітеді және оларды басқа санаттарға ауыстырады;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсетiн жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнің, олардың бөліктерінің және дериваттарының халықаралық саудасына шектеулер енгiзедi;
10) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын бекітеді;
12) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 9-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Уәкiлеттi органның, аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомствосының және жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының құзыреті
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін қазақы тұқымды иттерді есепке алуды жүргізу мониторингін жүзеге асырады;
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
3-2) қазақы ит тұқымдарының стандарттарын бекітеді;
4) жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспектор актiлерiнiң нысандарын, оларды жасау мен берудiң тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен ё әзiрлейдi және бекітеді;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғауды тiкелей жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерiнiң айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киіп жүру тәртiбiн және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтiрілген зиянның орнын толтыру мөлшерлерiн айқындау әдiстемелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) аңшы және қорықшы куәлiктерiнің нысанын және оны беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күшін қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
11) жануарлар дүниесiн пайдалануға арналған биологиялық негiздеме дайындаудың тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітедi;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) аңшылық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;
14) жолдаманың үлгiлік нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзiрлейді және бекітеді;
15) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген санаттарға жатқызуды қоспағанда, осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған жануарлар түрлерiнiң тізбелерін айқындайды және оларды бiр санаттан екiншiсiне ауыстырады;
16) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) екі және одан көп облыстың аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
18) халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін әзірлейді және бекітеді;
19) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
20) - 24) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қызметін тексереді;
26) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
26-1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту жəне пайдалану мəселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды жəне ұсынады;
27) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
28) зоологиялық коллекциялар тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және тоқсан сайын жаңартады;
29) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-1) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
32) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
34) қорықшының төсбелгісінің және айырым белгілері бар арнайы киімінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
35) Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықаралық аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
36) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
37) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
38) аңшылық минимумды әзірлейді және бекітеді;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 40) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
41) аңшы куәліктерін беру жөніндегі есептіліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
42) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
43) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45) су айдындарын халықаралық және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарға жатқызу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
46) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін әзірлейді және бекітеді;
47) - 47-4) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
48) жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
49) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) айырым белгілері бар нысанды киімді (погонсыз) киюге құқығы бар, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;
51) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 52) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
52) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
53) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
55) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 57) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57) аң аулау қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 58) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
58) аңшылық шаруашылығын жүргiзу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
59) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
60) жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
61) жануарлардың санын реттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 62) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 62) тармақша өзгертілді
62) жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
63) жануарлар дүниесін мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
64) зоологиялық коллекциялар жинау мен мемлекеттiк есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-1) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-2) - 67) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
68) дериваттар тізбесін әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69) тармақша өзгертілді
69) жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
70) аңшылықта пайдаланылатын аңшы жыртқыш құстарды есепке алуды жүргізу және тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 71) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
71) жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
72) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
73) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 74) тармақша өзгертілді (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
74) аңшылық алқаптардың резервтік қорындағы жануарлар дүниесінің өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
75) жануарларды интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат береді;
76) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 76-1) тармақшамен толықтырылды
76-1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
77) - 77-2) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 77-3) - 77-8) тармақшалармен толықтырылды
77-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді және бекітеді;
77-4) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-5) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-6) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-7) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-8) сирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-9) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-10) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 77-11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
77-11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;
77-12) - 77-18) 2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Аумақтық бөлімшелерімен бірге ведомство өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2023.03.01. № 185-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы, сондай-ақ қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдарының құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
2025.12.06. № 194-VIII ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелері бар ведомствосының құзыреті
Балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары және мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
6) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды.
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;
7) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;