8) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктің банктік шоттарынан толық немесе ішінара төленбеген жарналар сомасын, сондай-ақ қатысушы банк шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын акцептсіз тәртіппен есептен шығару құқығын қоса алғанда, тараптардың шартты бұзғаны үшін жауаптылығы туралы талаптар;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қайтару тәртібі мен шарттары қамтылуға тиіс.
3. Қосылу шарты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген кезден бастап күшіне енеді және қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған жағдайда тоқтатылады.
12-бап. Қатысушы банктер жарналарының түрлері және оларды төлеу тәртібi
1. Қатысушы банк осы Заңға және қосылу шартына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға мынадай жарналар төлеуге міндетті:
1) міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің тоқсан сайынғы төлемдері;
2) қосымша жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банк төлейтін бір жолғы төлемдер;
3) төтенше жарналар - қатысушы банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 23-бабында белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны толық өтеуге арналған төлемдері.
Төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттемелерін тоқтатып қоймайды.
2. Қатысушы банктің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
Қатысушы банктің міндетті күнтізбелік жарнасының мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша қатысушы банктің кепілдік берілген депозиттері сомасының 0,5 процентінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің қосымша жарнасының мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Қатысушы банктің төтенше жарнасының жылдық мөлшері аталған қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауға тиіс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қатысушы банктің жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
4. Қатысушы банктердің қосылу шартына сәйкес төлеген жарналары қайтарылмайды.
13-бап. Қатысушы банктің құқықтары мен міндеттерi
1. Қатысушы банк:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзімі жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беру мәселелері бойынша банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәліметтерді алуға;
2) агент банкті таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы мәліметтерді таратуға құқылы.
2. Қатысушы банк:
1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
2) клиенттерді қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеу шарттары туралы хабардар етуге;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілген депозиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін толық және уақтылы орындау мүмкін болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарлауға;
4) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өздері төлеген жарналар бойынша есептердің дұрыстығын растайтын мәліметтерді ұсынуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) қатысушы банк орнықсыз қаржылық жағдайы бар банктер санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қосылу шартының талаптарын сақтауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға міндетті.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлар тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.
14-бап. Қатысушы банктің атауын өзгерту салдары
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы банк депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз атауының өзгергені туралы мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманы алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарлайды.
2. Қатысушы банктің атауы өзгерген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банктен растайтын құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктер тізіліміне тиісті өзгерістер енгізе отырып қатысушы банктің куәлігін ауыстырады. Бұл ретте, мұндай банкке бұрын берілген қатысушы банк куәлігінің күші жойылуға тиіс.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Қатысушы банктердi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығару тәртiбi және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның банк активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру жөніндегі операция жүргізуге қатысуы
15-бап. Қатысушы банкті депозиттерге міндеттi кепілдік беру жүйесінен шығару
1. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығаруға мыналар:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) уәкілетті органның қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, олардың банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыруы;
2) қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қатысушы банктің уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берілген лицензияны ерікті түрде қайтарып беруi;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) қатысушы банктің осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамауы негіз болып табылады.
2. Қатысушы банк:
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) уәкілетті орган қатысушы банкті жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге арналған лицензиясынан не барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырған кезде - уәкілетті органның осындай лицензиядан айыру туралы шешімі күшіне енген күннен бастап;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қатысушы банк мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банкті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) қатысушы банк ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған кезде - қатысушы банктiң ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуына уәкiлеттi органның рұқсатында көрсетілген күннен бастап;
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) қатысушы банк ерiктi түрде таратылған кезде - қатысушы банктiң ерiктi түрде таратылуына уәкiлеттi органның рұқсаты алынған күннен бастап;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) қатысушы банк уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банкте шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде - оның ерікті түрде қайтарылуына байланысты лицензияның қолданылуы тоқтатылғаны туралы уәкілетті органның шешімі күшіне енген күннен бастап;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5) қатысушы банк осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген міндетті орындамаған кезде - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы шешім қабылдаған күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарылуға жатады.
3. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушы банктердің тізіліміне қатысушы банктің куәлігін жою туралы жазба енгізу арқылы жүзеге асырылады.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкте ол жүйеден шығарылған күнге дейін жатқан кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерін тоқтатпайды.
Уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банктік шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк оны шығарған күннен бастап үш ай ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)
16-бап. Кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің мүлкін бір мезгілде беру ерекшеліктерi
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Депозиторлардың мүдделерiн қорғау мақсатында банк активтері мен міндеттемелерін жеке және (немесе) заңды тұлғалар алдында ішінара не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бiр мезгiлде беру операциясын жүргізуге жол берiледi, оны жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалады.
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері банк мүлкінің мөлшерінен асып кетсе, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арнайы резерв қаражаты есебінен пайда болған айырманың орнын толтыруға міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы баптың 3-тармағына сәйкес беретін қаражат мөлшері кепілдік берілген өтем ретінде төленуге жататын, осы Заңның 18-бабына сәйкес айқындалатын сомадан аспауға тиіс.
5-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері. Кепілдік берілген өтемді төлеу мөлшері мен тәртібi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілерi
Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, банк шоттарында жатқан және банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарымен куәландырылған жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасындағы депозиттерiн және қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге есепке жазылған осындай депозиттер бойынша сыйақыны қайтару бойынша қатысушы банктің міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беру объектілері болып табылады.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-бап. Кепілдік берілген өтем
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға:
ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша - он бес миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша - он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша - бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілетін депозиті болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша он бес миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтем төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
19-бап. Депозиторлардың кепілдік берілген өтем алу құқықтары
1. Депозитор осы Заңда белгіленген мөлшерде және тәртіппен кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтем алуға құқылы.
2. 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Депозитор бірнеше қатысушы банктерде депозиттер ашқан жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді әрбір қатысушы банк бойынша жеке-жеке төлейді.
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20-бап. Агент банк
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді қатысушы банктер арасынан конкурстық негізде таңдап алынған агент банк (банктер) арқылы төлейді.
Агент банкті таңдау жөніндегі конкурсты өткізу тәртiбiн және агент банкке қойылатын талаптарды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер қатысушы банктердің бірде-біреуі агент банкке қойылатын талаптарға сай келмеген немесе конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдер болмаған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді Ұлттық пошта операторы арқылы төлейді.
21-бап. Кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктің (агент банктердің) не Ұлттық пошта операторының (агент банктi таңдау мүмкiн болмаған жағдайда) атауын көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн, төлеу кезеңі мен орны (орындары) туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтем төлеуді бастауды кейінге қалдыру туралы хабарлайды.
Кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым хабарландыруды жариялаған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлей бастау мерзімін кейінге қалдырған жағдайда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мемлекеттік және орыс тілдерінде таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы төлеудің басталуы, кезеңі, орны (орындары) және шарттары туралы депозиторларға қосымша хабарлайды.
Депозитор аталған ақпаратты депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымнан тікелей алуға құқылы.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепілдік берілген өтемді төлеуді кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырады.
Депозитор агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі ішінде өзiне кепiлдiк берiлген өтемді төлеу туралы жазбаша өтiнiш беруге құқылы. Агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді депозитор өзінің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде ғана жүргізедi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқықтары расталған кезде агент банк не Ұлттық пошта операторы кепiлдiк берiлген өтемдi құжаттар агент банкке не Ұлттық пошта операторына келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей төлейдi.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Кепілдік берілген өтемді агент банк не Ұлттық пошта операторы арқылы төлеу туралы келісімнің қолданылу мерзімі өткен соң депозитор кепілдік берілген өтемді алу үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өтініш жасауға құқылы.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор немесе кепілдік беруші болса, кепілдік берілген өтемнің мөлшерi қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге кепiлдiк берiлетін депозит сомасы мен аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижелері бойынша шыққан айырма сомасына сүйене отырып айқындалады.
6-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған арнайы резервi
22-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервi
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заңда көзделген қатысушы банк депозиторларының мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн:
1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталы мөлшерінің жетпіс пайызы шегiнде оның шығыстары;
2) қатысушы банктердің жарналары;
3) қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қатысушы банктерге қолданылған тұрақсыздық төлемі;
4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің төленген (төленетін) кепілдік берілген өтем сомалары бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртібімен алынған ақша;
5) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің активтерiн орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген тәртiппен оның шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған меншікті активтерін орналастырудан түскен кiрiс;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда одан алынған, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасы мөлшеріндегі ақша шегiнде және есебiнен арнайы резерв қалыптастырады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнаулы резервінің нысаналы мөлшері қатысушы банктердегі бүкіл кепілдік берілген депозиттер сомасының бес процентінен кем болмайды.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві кепілдік берілген өтемді төлеу және банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыру үшін пайдаланылуы мүмкін
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-бап өзгертілді
23-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы
Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервінің қаражаты депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеуге жеткіліксіз болса және жетіспейтін соманы қатысушы банктердің қосымша жарналары есебінен жабу мүмкін болмаған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жетіспейтін ақша сомасында қарыз алуға құқылы.