Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы
(2020.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 жылғы 2 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2009.12.02. № 133-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді
Осы Заң депозиторлар - жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және ол, талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам банктерінде орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келісімнің негізінде депозиторларға кепілдік берілген өтем төлеу жөніндегі рәсімдерді орындайтын банк;
2) банк - екінші деңгейдегі банк;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
4) жарналар - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердің осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтін төлемдері;
5) кепілдік берілген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит;
6) кепілдік берілген өтем - осы Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген депозит бойынша депозиторға төлейтін ақша сомасы;
7) қатысушы банк - депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк;
8) қатысушы банктің куәлігі - депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банкке беретін және оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатынын куәландыратын құжат;
9) қосылу шарты - банктің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер үшін стандартты болып табылады;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді
10) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндеттi кепілдік беру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты мен қағидаттары
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің мақсаты қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның ішінде қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу арқылы банк жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылады.
2. Мыналар:
1) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу міндеттілігі;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты тәуекелдерді азайту;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) арнайы резервті қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің негізгі қағидаттары болып табылады.
2-тарау. Депозиттергe міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтық мәртебесі және оның қызметi
4-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құру
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өз қызметін осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің және жарғының негізінде жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы - жалғыз акционерi болып табылады.
5-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері мен функциялары
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның негізгі міндеттері:
1) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өзінің негізгі міндеттерін орындау үшін мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепілдік берілген өтемді төлейді;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімін жүргізеді;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) осы Заңның 16-бабында көзделген жағдайда банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізуге қатысады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) активтерді инвестициялайды;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) арнайы резерв қалыптастырады;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен конкурстық негізде агент банкті таңдайды;
6) қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
7) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына қатысады;
9) тарату комиссиясы депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтін) кепілдік берілген өтем сомасы бойынша берешекті өтеген кезге дейін мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кредиторлар комитетінің құрамына қатысады.
6-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдіктерi
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап оның депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөнінде өзіне міндеттеме қабылдайды.
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылуға жатады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның осындай банктің депозиторларына кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылады.
Бұл ретте қатысушы банктің депозиторлар алдындағы міндеттемелері депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасына азайтылады.
Уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылуына байланысты кепілдік берілген өтемді төлеу жүзеге асырылмаған депозиторлар алдындағы қатысушы банктің міндеттемелері осы Заңның 21-бабының 5-тармағына сәйкес жүргізілген кепілдік берілетін депозит сомасы мен қарсы талаптар сомасын есепке жатқызу нәтижелері ескеріле отырып сақталады.
7-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтары мен міндеттерi
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:
1) қатысушы банктердің жарналар төлеуін талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) қатысушы банктердің қосылу шартының талаптарын тиісінше орындауын талап етуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін орнықсыз қаржылық жағдайы бар банк санатына жатқызылған және (немесе) төлеуге қабілетсіз банктер санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;
3) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты алуға;
4) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органнан қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоса алғанда, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алуға;
5) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) Осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда қарыз алуды жүзеге асыруға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, қатысушы банктің тарату комиссиясынан кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша депозиторлардың тiзiмiн, сондай-ақ кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берілген өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) қатысушы банк Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасының талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті органның алдында оған ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану туралы өтiнiшхат беруге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
10) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктен осы банктің депозиторларына төленген кепілдік берілген өтем сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым:
1) қосылу шартының талаптарын айқындауға;
2) қатысушы банктердің жарналарды толық әрі уақтылы төлеуіне бақылау жасауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банктің депозиторларына осы Заңда көзделген тәртіппен кепілдік берілген өтем төлеуге;
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыруға;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4) өзінің функцияларын жүзеге асыру процесінде мәлім болған қатысушы банктер және олардың клиенттері туралы ақпаратты тек қызметтік мақсаттарда ғана пайдалануға;
5) уәкілетті органға қатысушы банктердің Қазақстан Республикасының депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлауға;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) осы Заңның 8-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-2) осы Заңның 9-бабына сәйкес уәкілетті органға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты беруге;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) депозиторларға осы Заңның 21-бабында көзделген ақпаратты беруге және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) арнайы резервтегі активтердің және меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына және осы Заңның 13-бабы 2-тармағының 5) және 5-1) тармақшаларына сәйкес алынған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бұрынғы қызметкерлерді қоса алғанда, өз қызметкерлерін, олардың екінші деңгейдегі банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарған кезеңдегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап арыздар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.
8-бап. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздері
1. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
2. Осы Заңда көзделген жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен қарыз алуға құқылы.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның активтерін инвестициялау тәртібін айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарды келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру жөнінде жүргізілетін іс-шаралар туралы бір-біріне хабарлайды.
9-бап. Уәкілетті орган мен депозиттерге міндеттi кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өзара іс-қимыл жасау негіздерi
1. Уәкілетті орган мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өз қызметтерін үйлестіреді, қабылданатын құжаттарын келіседі және депозиттерге міндетті кепілдік беру бойынша жүргізілетін іс-шаралар жөнінде бір-бірін хабардар етеді.
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өз функцияларын тиiсiнше және уақтылы орындау мақсатында депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беруді жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органнан депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратады және уәкілетті органға оның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты береді. Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым алған мәліметтер жария етуге жатпайды.
3. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібi
10-бап. Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіруi
1. Банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру үшін уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берген лицензиясын алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшірмесін табыс етеді.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргізуге берген лицензиясын алған күні депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша жасалған өтініш беру арқылы қосылу шартына қосылуға міндетті.
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіретін банк қосылу шартына қосылу туралы өтінішін бермеген жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым екі жұмыс күні ішінде осы факті туралы уәкілетті органды хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган қосылу шартына қосылу туралы өтініш бермеген банкке Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселені қарайды.
4. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым банктен оның қосылу шартына қосылуы туралы өтінішін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған қатысушы банктің куәлігін береді.
Қатысушы банк куәлігі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күні беріледі.
5. Банк міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне ақпарат енгізілген күннен бастап депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болады.
6. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер тізіліміне тиісті ақпарат енгізу арқылы қатысушы банктердің берілген және күші жойылған куәліктерінің есебін жүргізеді.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
7. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердің тізілімі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
11-бап. Қосылу шарты
1. Банктің қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуының міндетті шарты болып табылады.
2. Қосылу шартында:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның толық атауы, оның орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) шарттың нысанасы;
3) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
4) жарналарды төлеу тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға өз міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі, шарттары және мерзімдері, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның оларды сақтау тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банктердің шарт талаптарын орындау сәйкестігін анықтау жөніндегі, оның ішінде қатысушы банктің кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша міндеттемелерін және кепілдік берілген өтем сомаларын автоматтандырылған есепке алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібі;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда қатысушы банктердің кепiлдiк берiлетін депозиттер және солар бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым өтейтін сомалар бойынша өз міндеттемелерін есептеу тәртібі;
7) шартты тоқтату талаптары;
2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)