Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемді төлеуді бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келiсу бойынша қарыз алу үшiн қажеттi, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзiмге кейінге қалдырылады.
7-тарау. Қорытынды ережелер
24-бап. Дауларды қарау тәртібi
Депозиттерге міндетті кепілдік беру жөніндегі қарым-қатынастардан туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және Заң қолданысқа енгізілгенге дейін банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап үш ай ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасуға міндетті.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қатысушы банктермен жасасқан міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктің депозит саясаты жөніндегі мәліметтерді ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгіленген тәртіппен қосылу шартын жасасқан кезге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.
№ 169-III ҚРЗ