Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 577 Қаулысы
(2016.19.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 577 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
1) көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлы | - «КГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетінің президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Қаймолдинова Күләш Дүйсенбайқызы | - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің елтану және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2016.19.07. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)