Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 577 Қаулысы
(2015.28.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 19 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 577 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
1) көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлы | - «КГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетінің президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Қаймолдинова Күләш Дүйсенбайқызы | - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің елтану және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 992 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Сайыров Ерлан Бияхметұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Цеховой Алексей Филиппович | - «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
мына:
«Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Ақпенова Раушан Төлеқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының директоры (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ақпенова Раушан Төлеқызы | - «Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің директоры» |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Қырықбаев Арман Оразбайұлы, Кәрімбаев Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы шығарылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)