Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 577 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 11 маусымдағы
№ 577 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 98-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) туралы ережеде:
5-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
1) көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Жартыбаев Асылбек Ешенқұлұлы | - «КГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университетінің президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша) |
Қаймолдинова Күләш Дүйсенбайқызы | - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің елтану және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, доцент (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы шығарылсын.
3. «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қазандағы № 1577 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 510-құжат):
Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломын беру жөніндегі комиссиясының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Кәрібжанова Роза Сәмидоллақызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша); |
мына:
«Асқаров Әлібек | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Асқаров Әлібек | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы, Божко Владимир Карпович, Бөрібаев Асқар Исмайылұлы шығарылсын.
4. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі, төраға болып енгізілсін; |
мына:
«Бурлаков Леонид Николаевич | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Бурлаков Леонид Николаевич | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы шығарылсын.
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің» деген сөздер «Мәдениет және ақпарат министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 624-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:
мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төраға |
Мыңбай Дархан Қамзабекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Сайыров Ерлан Бияхметұлы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Цеховой Алексей Филиппович | - «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
мына:
«Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Ақпенова Раушан Төлеқызы | - Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының директоры (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Ақпенова Раушан Төлеқызы | - «Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Әлеуметтік саланы дамыту департаментінің директоры» |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Қырықбаев Арман Оразбайұлы, Кәрімбаев Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы, Нұғманов Серік Пикұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы, Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы шығарылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 123-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы | - Астана қаласының әкімі |
Алдан Смайыл | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Карин Ерлан Тынымбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Мамашев Талғат Асылұлы | - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы | - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдік Төлен | - жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша)»; |
көрсетілген құрамнан Ертісбаев Ермұхамет Қабиденұлы, Коржова Наталья Артемовна, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы, Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Қасқабасов Сейіт Асқарұлы, Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы, Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1-тармақ «іске асыру» деген сөздерден кейін «, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу» деген сөздермен толықтырылсын.