2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес жеті жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.
Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.
Келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыны он екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.
Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған учаске жөніндегі мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстарға смета қоса беріледі.
Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде жібереді.
Жер учаскесіне құқық беруден бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің қорытындысымен ресімделеді және өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Оң қорытындылар келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бес жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін түпкілікті таңдау актісін дайындайды және жібереді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2021.30.06. № 59-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Жер учаскесіне құқық беруді сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттігі себебіне байланысты осындай құқық беруден бас тартылған жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттықты (аукционды) жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей өткізуге тиіс.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келіседі.
Өтініш берушімен түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар қызметтеріне ақы төлеуі үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Өтініш берушімен келісілмеген таңдау актісінің қолданылу мерзімі он жұмыс күнін құрайды.
Өтініш беруші түпкілікті таңдау актісін келіскеннен кейін оған қол қою үшін уақытша жер пайдалану шартының алынған күні туралы хабарлама беріледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Қол қойылған материалдар жер-кадастрлық жоспар дайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға келіп түседі.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7. Жер-кадастрлық жоспар он жұмыс күні ішінде дайындалады және облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын бекіту және дайындау үшін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның уәкілетті органына жіберіледі.
Жер-кадастрлық жоспарда:
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
жер учаскесінің орналасқан жері;
жер учаскесінің жоспары;
жер учаскесінің алаңы;
жер учаскесіне құқық түрі;
осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер учаскесінің шектеулері мен ауыртпалықтары;
жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
жер учаскесінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер;
жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны немесе жер пайдалану құқығының құны қамтылады.
Жер-кадастрлық жоспар үш жұмыс күні ішінде бекітіледі және облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы оң шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жер-кадастрлық жоспар бекітілгеннен кейін бір ай ішінде облыстың, ауданның облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешім қабылдағаннан кейін жүргізіледі.
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2021.24.06. № 52-VII ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және жер-кадастрлық жоспар уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын дайындау үшін облыстың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның уәкілетті органына бір жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Жер-кадастрлық жоспар облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол болмаған кезде, шешім жарамсыз болып есептеледі.
Жер учаскесiне құқықтар ауысқан кезде жер-кадастрлық жоспар сатып алушыға немесе өзге де құқық иеленушiге берiледi. Жер учаскесiнiң сәйкестендiру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жаңа жер-кадастрлық жоспарды бермейдi, ал жер-кадастрлық кітап пен жердің бірыңғай мемлекеттік тізіліміне жер учаскесіне құқықтардың ауысуы туралы мәліметтер «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтық кадастрдың мәліметтері негізінде енгізіледі.
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы және кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шешімінің көшірмесі және облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның уәкілетті органы қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты Мемлекеттік корпорация немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушіге қол қою үшін жіберіледі.
Меншік құқықтарын жер пайдаланушының сатып алуы осы Кодекстің 47 және 49-баптарына сәйкес реттеледі.
Өтініш беруші хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уақытша жер пайдалану шартына қол қояды.
Өтініш беруші жер учаскесіне құқықты растайтын құжаттарды алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге өтініш береді.
Облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының және кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінде мыналар қамтылуға тиіс:
жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;
жер учаскесінің орналасқан жері;
осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер санаты;
жер учаскесінің алаңы;
жерге құқық түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар;
жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу мерзімдері;
жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;
жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер.
Бұл ретте тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендердi дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшiн жер учаскелерiн беруге тыйым салынады.
2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен 44-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
44-2-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегіндегі жер учаскесіне құқық беру тәртібі
1. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қаланың жерінен жер учаскесін беруді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі өздерінің осы Кодексте белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Осы баптың ережелері осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағында көзделген айрықша жағдайларға қолданылады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың әкімі елді мекендердің бекітілген бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының не аумағын орналастыру схемаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, сондай-ақ инженерлік желілер болмаған кезде құрылыс үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады.
4. Жер учаскесін беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті қарауға қабылдау;
2) қала құрылысы құжатына сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
3) жер учаскесін бөліп беру схемасын қалыптастыру және келісу;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;
5) жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
6) жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу;
7) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау және беру.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген әрекеттер мемлекеттік органдардың және өзге де тұлғалардың ақпараттандыру объектілері пайдаланыла отырып, электрондық форматта жүзеге асырылады.
Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қала шегіндегі жерден жер учаскесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
5. Осы баптың 7-тармағында көрсетілген қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскесін сұрату жағдайларын қоспағанда, жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі өтініш келіп түскен кезден бастап отыз жұмыс күніне дейінгі уақытты құрайды.
Көрсетілген мерзімге:
жер учаскесін бөліп беру схемасын өтініш берушімен келісу;
жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
жергілікті жердегі жер учаскесінің шекарасын белгілеу;
жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындау және беру кезеңдері кірмейді.
6. Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда жер учаскесі жер пайдалану құқығымен беріледі. Жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу объект пайдалануға берілгеннен кейін жүргізіледі. Жер пайдаланушының меншік құқықтарын алуы осы Кодекстің 47 және 49-баптарына сәйкес реттеледі.
7. Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелері сұралған жағдайда келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан оң қорытынды келіп түскеннен кейін жер учаскесін бөліп беру схемасы және жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы шешімінің жобасы соңғы қорытынды келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарға қосымша келісуге жіберіледі.
Қосымша келісу он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
8. Жер учаскесіне құқық алуға мүдделі жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы жария кадастрлық картада сұралып отырған жер учаскесін бөліп беру схемасын өзі дербес қалыптастыра отырып, өтініш береді.
Өтінішке:
жер учаскесін бөліп беру схемасы;
осы Кодекстің 48-бабының 1-тармағында көрсетілген, жер учаскелерін беруге байланысты өзге де құжаттар қоса беріледі.
Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда өтінішке инженерлік желілерге қосуға арналған сұрау жүргізу парағы қоса беріледі.
Жер учаскесін алуға өтініш берілгеннен кейін жеке және заңды тұлғаларға, олардың «электрондық үкімет» веб-порталындағы кабинетіне өтініштің келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі, онда жер учаскесін бөліп беру схемасын келісудің болжамды күні көрсетіледі.
9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде оны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
Аудандық маңызы бар қаланың әкімі өтінішті жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ауданның жергілікті атқарушы органының сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жібереді.
10. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде оны бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындайды.
Сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін емес екенінің себебін негіздеп, оның «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне уәжді бас тартуды жібереді.
Сұралып отырған жер учаскесін берудің мүмкін екендігі айқындалған жағдайда, бес жұмыс күні ішінде оны бөліп беру схемасы қалыптастырылады.
Жер учаскесін бөліп беру схемасы дайындалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі бекіткен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға бір мезгілде келісуге жіберіледі.
Жер учаскесін бөліп беру схемасында қолданыстағы инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қорытындысы жер учаскесін бөліп беру схемасы алынған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде электрондық түрде ұсынылады.
Жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу қандай да бір ескертулер мен ескертпелерсіз жүзеге асырылады.
Табиғи монополиялар субъектілері инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарды қосымша ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге, оның «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.
Уәжді бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің белгіленген нысандағы қорытындысы түрінде ресімделеді.
11. Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесін бөліп беру схемасы өтініш берушіге, оның «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне келісуге жіберіледі.
Өтініш беруші жер учаскесін бөліп беру схемасын келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күні ішінде келісуге міндетті.
Өтініш берушінің жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу мерзімінің өтіп кетуі жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуға негіз болып табылады, оны жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге, оның «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді.
12. Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі жер учаскесін бөліп берудің келісілген схемасы келіп түскеннен кейін оны келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің жобасын дайындау үшін тиісті уәкілетті органға және аудандық маңызы бар қаланың әкіміне жібереді.
Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда бөліп беру схемасына қосымша табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде дайындалатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.
Жер учаскесін бөліп берудің келісілген схемасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала әкімінің бес жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауына негіз болады және осындай шешімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
13. Жер учаскесі қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін сұралған кезде бөліп берудің келісілген схемасы мен осы Кодекстің 120-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдардың оң келісімі бес жұмыс күні ішінде республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешім және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудан әкімінің жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екендігі туралы шешім қабылдауына негіз болып табылады.
14. Жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі бір жұмыс күні ішінде осы Кодексте белгіленген өз құзыреті шегінде жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындау үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
Жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы түпкілікті шешімі төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.
15. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
жер учаскесіне құқық берілетін жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;
жер учаскесінің орналасқан жері;
осы Кодекстің 107-бабының 3-тармағында көзделген функционалдық аймақтарға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты;
жер санаты;
жер учаскесінің алаңы;
жерге құқықтың түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар;
жер учаскесін сатып алу-сату және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу мерзімдері;
жер учаскесінің бөлінетіндігі (бөлінбейтіндігі) туралы мәліметтер;
жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер.
16. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының және аудандық маңызы бар қала әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты электрондық түрде жасалады.
Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шарт жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жоюға негіз болып табылады.
17. Жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу өтініш берушінің жолданымы негізінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданғаннан кейін бір ай ішінде жүзеге асырылады.
18. Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды және беруді, сондай-ақ жер учаскесіне құқықты мемлекеттік тіркеуді Мемлекеттік корпорация электрондық форматтағы өтініш негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді.
Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алу ретінде сараланады және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауаптылықты көздейді.
45-бап. 2023.05.04. № 221-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)