2011.28.01. № 402-IV ҚР Заңымен 183-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
183-бап. Талап қою мерзiмiнiң өтуіндегі үзiлiс
1. Талап қою мерзiмiнiң өтуi белгiленген тәртiппен талап қою, тараптардың медиация туралы шарт жасасуы, сондай-ақ мiндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттердi мойындағандығын дәлелдейтiн әрекеттер жасауы арқылы үзiледi.
2. Үзiлiстен кейiн талап қою мерзiмiнiң өтуi қайтадан басталады; үзiлiске дейiн өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi.
184-бап. Талапты қараусыз қалдырған ретте талап қою мерзiмiнiң өтуi
1. Егер талапты сот қараусыз қалдырса, талап қойылғанға дейiн басталған талап қою мерзiмi жалпы тәртiппен одан әрi жалғаса бередi.
2. Егер сот қылмыстық iсте қойылған талапты қараусыз қалдырса, талап қоюға дейiн басталған талап қою мерзiмiнiң өтуi талапты қараусыз қалдырған үкiм заңды күшiне енгiзiлгенге дейiн тоқтатыла тұрады. Мерзiмi тоқтатыла тұрған кездегi уақыт талап қою мерзiмiне есептелмейдi. Бұл орайда, егер мерзiмнiң қалған бөлiгi алты айдан аз болса, ол алты айға дейiн ұзартылады.
185-бап. Талап қою мерзiмiн қалпына келтiру
1. Ерекше жағдайларда, талапкердiң жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсiз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзiмi өтiп кетуiнiң себебiн сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиiс. Талап қою мерзiмiнiң өтiп кету себептерi орынды болып, егер ол талап мерзiмiнiң соңғы алты ай iшiнде орын алған болса, ал егер бұл мерзiм алты айға тең немесе алты айдан аз болса - талап мерзiмiнiң өтуi кезiнде танылады.
2. Белгiлi бiр iс бойынша сот шешiмiн орындаудан бас тартылуына байланысты заң құжаттарына сәйкес талапкердiң тап сол iс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзiмi қалпына келтiрiледi және қайтадан өте бастайды.
186-бап. Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндеттердi атқару
Талап қою мерзiмi бiткеннен кейiн мiндетiн атқарған борышқордың немесе өзге мiндеттi адамның тiптi сол мiндеттi атқарған кезiнде талап мерзiмiнiң өтiп кеткенiн бiлмесе де, аталған адамның өзi атқарған нәрсесiн қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 187-бап өзгертiлдi
187-бап. Талап қою қолданылмайтын талаптар
Талап қою:
1) заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игiлiктер мен мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
2) салымшылардың банкiге банктiк салымдарды беру туралы талаптарына;
3) азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады;
4) егер меншiк иесiнiң немесе өзге заң иеленушiнiң өз құқығының кез келген бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмаса (осы Кодекстiң 264, 265-баптары), олардың осы құқық бұзушылықты жою туралы талабына;
5) заң құжаттарында белгiленген реттерде басқа талаптарға да қолданылмайды.
2 бөлім. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-тарау. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар туралы жалпы ережелер
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 188-бап өзгертілді
188-бап. Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзіндегі тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
3. Меншiк иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөніндегі өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.
4. Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Құқықтар мен заңды мүдделердi бұзушылық басқа нысандарымен қатар, меншiк иесiнiң өзiнiң монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрiнуi мүмкiн.
Меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
5. Меншiк құқығының мерзiмi шексiз. Мүлiкке меншiк құқығы осы Кодексте көзделген негiздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкiн.
6. Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi.
189-бап. Мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығы
1. Меншiк иесi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне тиесiлi мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығын көтередi және бiржақты тәртiппен мұндай ауыртпалықты үшiншi жаққа ауыстыра алмайды.
2. Егер мүлiк заңды түрде үшiншi жақтарда болса, олардың бөтен адамның мүлкiн күтiп ұстауға жұмсаған шығындарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, меншiк иесi өтеуге тиiс.
Затты күтiмсiз және заңсыз ұстаған адамға мүлiктi күтiп ұстауға жұмсаған шығындары өтелмейдi (осы Кодекстiң 263-бабы).
190-бап. Мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi
1. Иелiктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе, сатып алушыда меншiк құқығы пайда болумен бiр мезгiлде соған көшедi.
2. Егер иелiктен айырушы адам заттарды беру мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса немесе сатып алушы оларды қабылдау мерзiмiнiң өткiзiлiп жiберiлуiне кiнәлi болса, кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупi мерзiмiн өткiзiп жiберген тарап көтередi.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңымен 191-бап өзгертiлдi
191-бап. Жеке меншiк ұғымы және оның түрлерi
1. Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
02.03.98 ж. № 211; 04.11.99 ж. № 472; 02.03.01 ж. № 162; 21.05.02 ж. № 323; 2005.18.05 № 50-III; 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 192-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 192-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
192-бап. Мемлекеттік меншiк құқығы
1. Мемлекеттік меншiк республикалық және коммуналдық меншiк түрiнде көрiнедi.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлген мүлiктен тұрады.
Республикалық бюджеттiң қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген өзге де мемлекеттік мүлiк Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.
3. Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк жергiлiктi қазынаны құрайды.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-1-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1. Коммуналдық меншiк жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару деңгейлерi бойынша:
облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың;
аудандық (облыстық маңызы бар қала);
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік меншiктегi мүлiк мемлекеттік заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен бекітілiп берiлуi мүмкiн.
5. Жекелеген мемлекеттік мекемелердің иелігіндегі мемлекеттік мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктері заң актілерімен белгіленеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылатын 6-тармақтың редакциясын қараңыз
6. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.
Коммуналдық меншiктегi мүлiктi жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзін-өзі басқарудың бiр деңгейiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылады.
7. Осы баптың ережелері, егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде өзгеше көзделмесе немесе азаматтық құқықтардың мәніне қайшы келмесе, меншік құқығынан басқа, тиісінше мемлекеттік мүлікке өзге де азаматтық құқықтарға қолданылады.
ҚР 02.03.98 ж. № 211 Заңына сәйкес; 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 193-бап жаңа редакцияда
193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк
Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.
Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.
Жер заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
2007.07.08 № 321-III Заңымен 193-1-баппен толықтырылды; 2009.13.02. № 135-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 193-1-бап өзгертілді
193-1-бап. Стратегиялық объектілер
1. Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе), пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік стратегиялық объект болып табылады.
2022.21.05. № 123-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Стратегиялық объектілерге: магистральдық темір жол желілері; магистральдық құбырлар; ұлттық электр тораптары; магистральдық байланыс желілері; телерадио хабарларын тарату объектiлерi (телевизия және радио хабарларын таратудың жерүстi және жерсерiктiк жүйелерінің өндiрiстiк-технологиялық кешенi); мұнайды қайта өңдеу өндiрiстерi; қуаты кемiнде 50 мегаватт энергия өндiрушi объектiлер; ұлттық почта тораптары; халықаралық әуежайлар; халықаралық маңызды мәртебесі бар теңіз порттары; әуе қозғалысын басқару жүйесінің аэронавигациялық құрылғылары; кемелердің қауіпсіз жүзуін реттейтін және оған кепілдік беретін құрылғылар мен навигациялық белгілер; атом энергиясын пайдаланатын объектілер; патогендігі І топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын стационарлық ықтимал қауіпті биологиялық объектілер; ғарыш саласының объектілері; су шаруашылығы құрылыстары; ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары; сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары), меншігінде стратегиялық объектілер бар жеке және заңды тұлғалардың шешімдерін тікелей немесе жанама айқындауға немесе қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары) жатқызылуы мүмкін.
Стратегиялық объектілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалатын тәртіппен мүмкін болады.
4. Азамат немесе мемлекеттік емес заңды тұлға стратегиялық объектіні иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет білдірген, сондай-ақ стратегиялық объектіге өндіріп алу қолданылған не стратегиялық объектіні оңалтуды не банкроттықты басқарушы иеліктен шығарған не кепіл ұстаушы кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) соттан тыс тәртіппен өткізген не стратегиялық объектіге сот актісінің негізінде өндіріп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалған шарттар бойынша Қазақстан Республикасы стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығына ие болады.
Стратегиялық объектінінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісіне сәйкес айқындалады.
Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
2017.27.02. № 49-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Егер стратегиялық объектiге үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оны иелiктен шығару кезiнде осы баптың 3 және 4-тармақтарындағы талаптар бұзылса, мұндай мәмiлелер маңызсыз болады.
194-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтар
Тұрғын үйге меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды жүзеге асыру ерекшелiктерi тұрғын үй заңдарымен реттеледi.
02.03.98 ж. № 211; 2007.12.01. № 225-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 195-бап өзгертілді; 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 195-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
195-бап. Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
3-1) бөтеннiң жылжымайтын мүлкiн шектеулi түрде нысаналы пайдалану құқығы (сервитут);
4) осы Кодексте немесе өзге заң актілерінде көзделген басқа да заттық құқықтар.
2. Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мүлікке меншік құқығының басқа тұлғаға ауысуы осы мүлікке басқа да заттық құқықты тоқтату үшін негіз болып табылмайды.
9-тарау. Шаруашылық жүргізу құқығы
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 196-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
196-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның шаруашылық жүргiзу құқығы
1. Шаруашылық жүргiзу құқығы мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және бұл мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқықтарын осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорынның заттық құқығы болып табылады.
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқықтарын жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 197-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
197-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк бола алады.
198-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату
1. Мүлiктi құрылып үлгiрген мемлекеттік кәсiпорынға бекіту туралы меншiк иесi шешiм қабылдаған мүлiкке қатысты шаруашылық жүргiзу құқығы, егер заңдарда немесе меншiк иесiнiң шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, бұл кәсiпорында мүлiктi кәсiпорынның дербес балансына бекiткен кезде пайда болады.
2. Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктi пайдаланудың жемiстерi, өнiмi мен кiрiсi, сондай-ақ кәсiпорын шарттар немесе өзге де негiздер бойынша алған мүлiк меншiк құқығын алуға арналған заңдарда белгiленетiн тәртiп бойынша кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуiне келiп түседi.
3. Мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығы меншiк құқығын тоқтатуға арналған заңдарда көзделген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ меншiк иесiнiң шешiмiмен кәсiпорыннан мүлiк заңды жолмен қайтарып алынған реттерде тоқтатылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154 Заңымен 199-бап өзгертiлдi
199-бап. Меншiк иесiнiң шаруашылық жүргiзудегi мүлiкке қатысты құқығы
Шаруашылық жүргiзудегi мүлiктiң меншiк иесi заң құжаттарына сәйкес кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу, оны қайта құру мен тарату мәселелерiн шешедi, кәсiпорынға тиесiлi мүлiктiң өз мақсатында пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
Меншiк иесi өзi құрған кәсiпорынның шаруашылық жүргiзуіндегі мүлiктi пайдаланудан келтiрiлген таза табыстың бiр бөлiгiн алуға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 02.03.98 ж. № 211; 21.05.02 № 323 Заңдарымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 200-бап өзгертiлдi
200-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру ережелерi
1. Қызметiн шаруашылық жүргiзу құқығында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсiпорынның, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттік органның жазбаша келісімiнсiз:
1) өзiне тиесiлi үйлердi, құрылыстарды, жабдықты және кәсiпорынның басқа да негiзгi құралдарын иеліктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзiмдi (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегiн пайдалануға беруге;
2) филиалдар, өкілдіктер құруға, жеке кәсiпкерлермен бiрге кәсiпорындар мен бiрлескен өндiрiстер құруға, олардың өзiнiң өндiрiстiк және ақша капиталын сатуға;
2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;
3) заемдар беруге;
4) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдеме немесе кепiлдiк беру.
2. Мемлекеттік кәсiпорын, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне шаруашылық жүргiзу құқығымен бекітілiп берiлген мүлiкке дербес билiк етедi.
Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.
201-бап. Мемлекеттік кәсiпорындар қатысатын қатынастарға меншiк құқығы туралы ережелердiң қолданылуы
Мемлекеттік кәсiпорындар қатысатын мүлiктiк қатынастарға егер осы Кодекстен және өзге заң құжаттарынан өзгеше туындамаса, осы Кодекстiң меншiк құқығы туралы ережелерi қолданылады.
10-тарау. Оралымды басқару құқығы
ҚР 02.03.98 ж. № 211; 16.12.98 ж. № 320 Заңдарымен 202-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 202-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
202-бап. Оралымды басқару құқығы ұғымы мен оның мазмұны
1. Оралымды басқару құқығы меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мекеменiң, меншiк иесiнен мүлiк алушы және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсiпорындардың заттық құқығы болып табылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазыналық кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді жедел басқару құқығын жүзеге асырудың ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 203-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
203-бап. Оралымды басқару құқығына ие болу және тоқтату
Оралымды басқару құқығына ие болу мен тоқтату, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында көзделген ережелер мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
ҚР 16.12.98 ж. № 320 Заңымен; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 204-бап өзгертілді
204-бап. Оралымды басқаруға берiлген мүлiктi меншiктенушiнiң құқығы
1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мекеме, қазыналық кәсiпорын құру, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаттарын белгiлеу мәселелерiн шешедi, мекеме, қазыналық кәсiпорынның заң жүзіндегі тағдырын, оның қызметiнiң мазмұнын белгiлеуге құқығы бар.
2. Меншiк иесi мекеменің, қазыналық кәсiпорынның меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады.
3. Мекемені бiрнеше меншiк иесi құрған жағдайда, олардың арасындағы қатынастар мен меншiк иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу құқықтары құрылтай шартымен немесе сол сияқты келісіммен белгiленедi.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 205-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
205-бап. Меншiк иесiнiң оралымды басқаруға берiлген мүлiктi қайтарып алу және қайта бөлу құқығы
Мекемеге немесе қазыналық кәсiпорынға бекітілiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша қайта бөлуге құқылы.
ҚР 16.12.98 ж. № 320-1; 02.03.01 № 162-II; 21.05.02 ж. № 323 Заңдарымен 206-бап өзгердi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
206-бап. Мекеменің мүлкіне билік ету
Мекеме өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi иелiктен өз бетінше шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес.
Мемлекеттік мекемелердің табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді.
ҚР 11.07.97 ж. № 154; 02.03.98 № 211; 16.12.98 ж. № 320-1 Заңдарымен 207-бап өзгертiлдi; 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 207-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)