2. Делдалдық қызметтi жүзеге асыратын кәсiпкерлер тауар жасаушы келісім берген жағдайда өз белгісін олар өткiзетiн тауарларда тауар жасаушының тауар белгісімен қатар пайдалануға, сондай-ақ оны жасаушының тауар белгісінің орнына қоюға құқылы.
3. Ұжымдық тауар белгісінің иелерi ұжымдық тауар белгісімен қатар өздерi шығаратын тауарларда өз тауар белгілерін пайдалана алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Кез келген мүдделi тұлға қарсылық беру күнінің алдындағы үш жыл бойы тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның тiркелуіне сотта дау айта алады. Тіркеу әрекетіне қарсы өтініш куәлікте көрсетілген барлық тауарларға не олардың бір бөлiгiне қатысты болуы мүмкін.
Тауар белгісін пайдаланудың дәлелi болып оның тiркелуiне себеп болған тауарларда және (немесе) олардың бумасында тауар белгісі иесiнiң немесе осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес тауар белгісіне құқық беру туралы шарттың негiзiнде осындай құқық берiлген тұлғаның қолдануы есептеледi. Тауар белгісімен белгiленген тауарды жасау, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, оны жарнамада, маңдайшажазуларда, баспа басылымдарында, ресми бланкiлерде, өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар белгісіне құқықты беру немесе Қазақстан Республикасында өткiзiлетiн көрмелерде тауарлардың көрсетiлуi кезiнде қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу тауар белгісін пайдалану болып танылуы мүмкiн.
Тауар белгісінің иесi беретiн оны пайдалану дәлелдемесi қарсылықта көрсетiлген уақыт кезеңiне қатысты болуға тиiс.
Тауар белгісінің пайдаланылмауына байланысты оның қолданылуын тоқтату туралы мәселенi шешу кезiнде тауар белгісі өзiне қатысты емес жағдайларға байланысты пайдаланылмағаны жөнiнде иесi ұсынған дәлелдемелер назарға алынады.
5. 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Ескертпе таңбалау
Тауар белгісіне куәлік иесі тауар белгісіне қатар тұстан пайдаланылып отырған белгі Қазақстан Республикасында тіркелген тауар белгісі екенiн көрсететiн латынның (R) әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауын не «тауар белгісі», «товарный знак» немесе «тiркелген тауар белгісі» деген сөз белгiлерiн соға алады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 21-бап жаңа редакцияда
21-бап. Тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық беру
1. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты тауар белгісіне айрықша құқық өзгеге беру шарты бойынша берілуi мүмкiн.
Егер тауар белгісіне айрықша құқық беру тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруға себепшi болса, оған жол берілмейдi.
2. Лицензиялық шарттың, кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының немесе өзге де шарттың (лицензиялық шарт) талаптарына сәйкес иесі (лицензиат) болып табылмайтын кез келген тұлға қорғалатын тауар белгісін иесінің (лицензиар) рұқсатымен пайдалануға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқық барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) не олардың бір бөлiгiне қатысты табысталуы мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тауар белгісін пайдалануды жүзеге асыруға құқылы.
Тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі шарттың талаптарына сәйкес немесе қосымша келісім жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.
Шартта мерзім көрсетілмеген жағдайда, тауар белгісін пайдалануға құқықтың қолданылу мерзімі осы шарт тіркелген күннен бастап бес жылға тең болады.
Лицензиялық шартта:
1) тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) сапасын тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) тауарлары (көрсететін қызметтерi) сапасынан төмен болмайтындай етіп сақтау;
2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) өз тауарлары (көрсететін қызметтері) сапасын бақылауды жүзеге асыру құқығы туралы талаптар қамтылуға тиiс.
Тауар белгісіне айрықша құқықты басқа тұлғаға беру шарттың тоқтатылуына алып келмейді.
3. Барлық тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне айрықша құқық және оны пайдалануға құқық кепіл нысаналары бола алады.
4. Осы бапта көрсетілген шарттар мен қосымша келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге жатады.
5. Айрықша құқық беру немесе лицензиялық шарт осы шарттың мүдделі тарапының өтініші алынған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде тіркелуге жатады.
6. Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.
Шарттың тоқтатылуына байланысты Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізу немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеудің күшін жою шарттың мүдделі тарапының өтініші келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тіркеу туралы мәліметтерде мүдделі тұлғаның өтініші алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде және шарттың басқа мүдделі тараптарына жазбаша хабарлама жіберілген жағдайда, олардың тиесілілігін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін техникалық сипаттағы қателер түзетілуі мүмкін.
7. Тауар белгісіне құқық беру осы Заңда айқындалатын тәртіппен Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
8. Мыналар:
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданысын қалпына келтіруге арналған мерзімнің болуы;
2) құжаттар топтамасын толық ұсынбау не ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміндегі немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жүргізілетін тізілімдегі мәліметтерге сәйкес келмеуі тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздер болып табылады.
9. Осы баптың 8-тармағында көрсетілген негіздер анықталған жағдайда, өтініш берушіге оларды жою туралы сұрау салу жіберіледі.
Тіркеу мерзімі сұрау салу жіберілген күннен бастап үш айға тоқтатыла тұрады.
10. Мыналар:
1) тауар белгісіне айрықша құқықтың тоқтатылған қолданылу мерзімін қалпына келтіруге арналған мерзімнің өтуі;
2) тіркеуге уақытша кедергі келтіретін негіздерді жоюға арналған мерзімнің өтуі;
3) шарттың тарапы болып табылмайтын тұлғадан тіркеу туралы өтінішті алу;
4) тауар белгісіне айрықша құқыққа билік ету құқығын тіркеудің болмауы;
5) тауар белгісіне құқық берілген жағдайда тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыру;
6) тарапта тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстауға кедергі келтіретін қабылданған міндеттемелердің болуы тауар белгісіне құқық беруді немесе оны пайдалануға құқықты табыстауды тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
Тауар белгісіне айрықша құқықтың қолданысын тоқтату лицензиялық шарттың қолданылуын тоқтатуға алып келеді.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Заңды тұлғаны бөлу түрiнде қайта ұйымдастыру кезiнде тауар таңбасына құқықты беру
Заңды тұлға бөлiнген кезде тауар таңбасына құқық тауарлар өндiру немесе қызметтер көрсету қолына көшкен жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.
Тауар таңбасының тiркелуiне себеп болған тауарлар өндiрудiң немесе қызметтер көрсетудiң бiр бөлiгi жаңадан пайда болған заңды тұлғалардың әрқайсысында сақталып қалған жағдайда, жаңа заңды тұлғалар, олардың келісімi болған жағдайда, тауар таңбасының тең иеленушісi болып табылады.
6-тарау. Тауар таңбасын тіркеудің қолданылуын тоқтату
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Тауар белгісін тiркеуге дау айту және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын қоспағанда, 6 және 7-баптарында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде немесе, егер ол осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгiленген талаптар бұзыла отырып жүзеге асырылса, тауар белгісі тiркелген күннен бастап бес жыл iшiнде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға кез келген мүдделі тұлға беруге құқылы.
2. Тауар белгісін тiркеуге, егер ол Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас тауар белгісінің иесі болып табылатын өкілдің атына жүргізілсе, қатысушы елдердің рұқсатынсыз бүкiл қолданылу мерзiмi ішінде дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы елдердің бірінде тіркелген тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) беруге құқылы.
3. Тауар белгісін тiркеуге, егер тауар белгісі біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқығы Қазақстан Республикасында тауар белгісінің басымдығы күнінен ерте туындаған басқа тұлғаның фирмалық атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылса, дау айтылуы және ол толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Осы тармақта көрсетілген негіз бойынша тауар белгісін тіркеуге қарсылықты уәкілетті органға фирмалық атауы біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тіркелген тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болып табылатын заңды тұлға беруге құқылы.
4. Тауар белгісін тіркеуге қарсылықты апелляциялық кеңес ол келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде қарауға тиіс. Қарсылық берген тұлғаның, сондай-ақ тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) дауды қарауға қатысуға құқығы бар.
5. Сараптама ұйымы тауар белгісін тіркеуді жарамсыз деп тануға байланысты оның күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді және бұл туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Тауар белгісін тіркеу жарамсыз деп танылған жағдайда, сараптама ұйымы жекелеген тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін ішінара осы тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тауар белгісін тіркеудің күшін жою туралы жазбаны Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізеді, күшін жою туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялайды және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
24-бап. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдануды тоқтату және оны жарамсыз деп тану
1. Тауар белгісінің тiркелуiн қолдану:
1) осы Заңның 15-бабында көзделген оның қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) - жеке тұлғаның қайтыс болуына, заңды тұлғаның таратылуына байланысты;
3) тауар белгісі иесiнiң одан бас тартуы туралы берген жазбаша арызы негiзiнде;
4) осы Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес тауар белгісі пайдаланылмаған жағдайда;
5) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгілі деп танылған тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болуына орай, егер осындай тауар белгісін пайдалану тұтынушыны тауарға немесе оны жасаушыға қатысты жаңылыстыруы мүмкін болса, тоқтатылады.
2. Осы Заңның 23-бабының 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша апелляциялық кеңестiң немесе соттың шешiмiмен, тауар белгісінің тiркелуi толық немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Сараптама жасау ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттік тiзiлiмiне тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылуына немесе оның, жарамсыз деп танылуына байланысты оның күшiн жою туралы жазба енгiзедi.
7-тарау. Тауарлар шығарылған жер атауларын құқықтық қорғау және оларды тіркеу шарттары
25-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау
1. Қазақстан Республикасында тауар шығарылған жерлердiң атауларын құқықтық қорғау осы Заңда көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына орай оларды тiркеу негiзiнде берiледi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдаланудың айрықша құқығы ерекше қасиеттерi табиғи жағдайларды және (немесе) адами факторларды қоса алғанда, тек қана немесе негiзiнен географиялық ортаға байланысты тауарларды осы географиялық объектiде өндiретiн бiр немесе бiрнеше кәсіпкерлік субъектісіне берiлуi мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Шет мемлекеттегi географиялық көрсеткішті, егер осы көрсеткіштің атауы осындай атау ретiнде тауар шығарылған елде қорғалса, тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мемлекеттiк тiркеуге жол беріледі. Көрсетiлген тауар шығарылған жердiң атауын пайдаланудың айрықша құқығының иесi тауар шығарылған елде осындай атауды пайдалану құқығы қорғалатын тұлға ғана болуы мүмкiн.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26-бап. Тауарлар шығарылған жердiң атауы ретiнде тiркелетiн белгiлер
1. Тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде елдiң, өңiрдiң, елдi мекеннiң, жердiң немесе басқа да географиялық объектiнiң қазiргi немесе тарихи, ресми немесе бейресми, толық немесе қысқартылған атауы, сондай-ақ осындай атаудан шыққан белгi және олардың тауардың көрiнiстік атауымен тiркесi тiркелуi мүмкiн.
2. Географиялық объектiнiң атауын бiлдiргенiмен немесе қамтығанымен, бiрақ Қазақстан Республикасында тауардың өндiрiлген жерiмен байланысты емес оның белгiлi бiр түрiнiң белгiлерi ретiнде жалпы қолданысқа енгiзiлген белгiлер тауар шығарылған жердiң атауы болып танылмайды.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
27-бап. Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде тiркелмейтiн белгiлер
Тауарлар шығарылған жерлердiң атаулары ретiнде:
1) тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп соқтыратындай географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын;
2) тауар өндiрiлген нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнiнде қате түсiнiк беретiн белгiлер;
3) тауарлардың шығарылған жерiмен байланысты емес, географиялық объектiлердiң атауын қамтитын белгiлер тiркелмейдi.
2009.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм жасау
Тауар шығарылған жердiң атауына және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беруге өтiнiм (бұдан әрi - өтiнiм) сараптама жасау ұйымына берiледi.
29-бап. Өтiнімге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм тауар шығарылған жердiң бiр атауына қатысты болуға тиіс.
2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) өтiнiм берушiнi (өтiнiм берушiлердi), сондай-ақ оның (олардың) орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, атауға сараптама жүргiзу және (немесе) атауға құқық беру туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
3) тауардың түрiн;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің сипаттамасын немесе оның сапасы, репутациясы, басқа да сипаттамалары туралы ақпаратты;
5) тауар өндiрiлген жердің нұсқамасын (географиялық объектiнiң шекарасы) қамтуға тиiс.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, өтінімге жергілікті атқарушы органның өтінім беруші осы географиялық объектінің шекараларында тауар өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мынадай өлшемшарттардың бірін: мәлімделген тауар өз саласына жатқызылатын уәкілетті орган берген, негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын немесе басқа да сипаттамаларын растайтын құжат қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тауар шығарылған жердiң бұрын тiркелген атауына құқықты табыстауға арналған өтiнiмге жергілікті атқарушы органның өтiнiм берушi осы географиялық объектiнiң шекараларында тауар өндiретiнi туралы қорытындысы, сондай-ақ Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттердің бар екенін растайтын, мәлімделген тауар өз саласына жатқызылатын уәкілетті орган берген құжат қоса берiледi.
Өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсететін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжат та қоса беріледі. Iс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, өтiнiмге сенiмхаттың көшірмесі қоса берiледi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Өтiнiм мен оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тiлінде тапсырылады. Етер құжаттар басқа тiлде тапсырылса, онда өтiнiм берушi өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасын тапсыруға тиiс.
5. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-тарау. Тауар шығарылған жер атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Өтiнiм берiлген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында оның осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
31-бап. Сараптама нәтижелерi бойынша шешiмдер
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Сараптама нәтижелерi бойынша:
1) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2) тауар шығарылған жер атауын тiркеу және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беру туралы;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауар шығарылған жер атауын тiркеуден және (немесе) тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы тиістi шешiм қабылданады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Өтiнiм берушi өзiне тiркеуден бас тарту туралы шешiм жiберілген күннен бастап үш ай мерзiмде сараптама шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш бiлдiрiп, дәлелдi қарсылық тапсыруға құқылы.
Қайта шығарылған сараптама шешiмiмен келiспеген жағдайда өтiнiм берушi осы Заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген тәртiппен қарсылық бере алады.
32-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Тауар шығарылған жер атауына сараптама жүргiзiлген кезде өтiнiм берушiге осы Заңның 13-бабында көрсетiлген құқықтар берiледi.
9-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
33-бап. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу тәртібі
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне тауар шығарылған жердiң атауын, тiркелу нөмiрi мен күнiн, тауардың ерекше қасиеттерiнiң сипаттамасын, тұрғылықты жерлерiн (орналасқан жерлерiн), өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының барлық иелерi туралы мәлiметтердi және көрсетiлген мәлiметтердегi одан кейiнгi барлық өзгерістердi, сондай-ақ тiркеуге қатысты басқа да мәлiметтердi енгiзедi.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының иесi тiркеу туралы мәлiметтерге қатысты өзгерістер жайында сараптама жасау ұйымына хабарлап отыруға мiндеттi. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлікке енгізедi.
3. Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмi жалпыға бiрдей қолжетiмдi болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама жасау ұйымы Тауарлар шығарылған жер атауларының мемлекеттік тiзiлiмiнен көшiрме бередi.
34-бап. Тауар шығарылған жер атауын тiркеудiң және тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Аталған географиялық объект аумағында өндiрiлетiн тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда тауар шығарылған жер атауларын тiркеу мерзiмсiз қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығы сараптама жасау ұйымына өтінім берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi тауар шығарылған жер атауының тiркелуiне қатысты тауардың ерекше қасиеттерi сақталған жағдайда оның қолданылуының соңғы жылында берiлген иесiнiң өтiнiшi бойынша әр жолы он жыл ұзартылып отырады.
4. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш осы Заңның 29-бабына сәйкес құзыреттi органның қорытындысымен бiр мезгiлде тапсырылады. Тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер Тауарлар шығарылған жерлердiң атауларының мемлекеттік тiзiлiмiне және куәлiкке енгiзiледi.
5. Осы баптың 3-тармағында белгiленген өтiнiм беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты айдың iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
Тауар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге жататын, Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне олар жазылғаннан кейін екі ай ішінде бюллетеньде жариялайды және өзінің интернет-ресурсына тікелей орналастырады. Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге қатысты өзгерістерді сараптама ұйымы Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне мәліметтер енгізілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өзінің интернет-ресурсына орналастырады және мәліметтер Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілгеннен кейін келесі айдың бюллетенінде жариялайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
36-бап. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
1. Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар шығарылған жердің атауын тiркеу фактiсiн және Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетiлген тауарға қатысты оны пайдалануға иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
10-тарау. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану
37-бап. Тауар шығарылған жер атауын пайдалану шарттары
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оны пайдалану құқығы тиесілі болады. Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде тауар белгісі Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде тіркелген күннен бастап туындайды.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркелген тауар шығарылған жер атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас географиялық объектiнiң атауын тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.