Егер сенімхат шет ел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус растаған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.
4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 46-2-баппен толықтырылды; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 46-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-2-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе оның әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аттестаттау комиссиясының шешімі немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде уәкілетті органның шешімімен патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі жарамсыз деп танылады және патенттік сенiм білдірілген өкілді патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізу туралы тиісті мәліметтердің күші жойылады.
3. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім білдірілген өкіл бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Уәкілетті орган патенттік сенiм білдірілген өкілдің әрекетіне жеке немесе заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда, уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан тұратын апелляциялық комиссияны құрады. Апелляциялық комиссия келіп түскен шағымды қараған кезеңде патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысы тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінде белгі жасалады.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) уәкілетті органға патенттік сенiм білдірілген өкіл куәлігінің қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын сотқа жіберуге ұсыным жасау;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 47-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47-бап. Халықаралық тіркеу
Жеке және заңды тұлғалар сараптама ұйымы арқылы тауар белгілерін және тауар шығарылған жерлердің атауларын халықаралық тіркеуге арналған өтінімдер беруге құқылы.
Халықаралық тіркеуге арналған өтінімдерді қарау тәртібін уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындайды.
48-бап. Шетелдіктердің, шетелдік заңды тұлғалардың және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары
Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, шетелдік заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда көзделген құқықтар мен міндеттерді Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларымен бірдей пайдаланады және атқарады.
Қазақстан Республикасының