жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған әрекеттер -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
2021.02.01. № 403-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодекстің 381-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2019.21.01. № 217-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.07. № 63-VII ҚР Заңымен (2021 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 506-бап өзгертілді
506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары немесе арнаулы мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары мен бөлімшелері, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары күзететін объектіге, сондай-ақ жеке күзет ұйымы күзететін қауіпті өндірістік объектіге заңсыз кіру, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың қызметіне кедергі келтіру
Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
508-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етуi
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi осы адамның келiсiмiнсiз жария етуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою
1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының келісімінсіз жою -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
28-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiнiң белгiленген тәртiбiне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу
1. Мыналардың:
1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) жеке басын куәландыратын құжатсыз не ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтарған шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің шекаралас аудандары тұрғынының), сол сияқты шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынастары жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі кезіндегі маршрутын өзгертуі -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу -
жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі үшін Қазақстан Республикасының уақытша жабық аумағына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және ішкі істер органдарының рұқсатынсыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның кіруі (өтуі), онда уақытша болуы немесе жүріп-тұруы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлікпен толықтырылды
4. Осы баптың екінші, үшінші бөлiктерiнде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлікпен толықтырылды
5. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, Қазақстан Республикасының азаматы әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
жеке тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 511-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
511-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ пен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында белгіленген тыйым салуларды бұзу
1. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтың аумағында болуы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ аумағында диверсияға қарсы және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, құрылыс салу және қандай да бір жұмыстар жүргізу -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.29.05. № 337-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдарын, базалары мен қоймаларын тікелей пайдаланумен байланысты емес ғимараттар мен құрылысжайларды салу, шаруашылық және өзге де қызмет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан аумағында атыс қаруынан оқ ату, пиротехникалық заттар мен бұйымдарды пайдалану, атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтер орнату, ұшу аппараттарын (оның ішінде пилотсыз) пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, байқауға, аудио- және бейнежазбаға, фототүсірілімге, ақпарат беруге арналған құралдарды, жүйелерді, құрылғылар мен аппаратураларды қолдану -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
512-бап. Қазақстан Республикасы аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимдерін бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және iшкi суларындағы, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiндегі режимді Қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың орналасу пункттерінен шығуының және орналасу пункттеріне қайтып оралуының, суда болуының белгiленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлiгiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып, уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру қызметін немесе өзге де қызметті жүргiзу -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары мен өзге де заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
513-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерінде режимдi бұзу
1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiндегі режимдi адамдардың көлік құралдарының өткiзу пункттерiне кірудің, оларда болудың, жүріп-тұрудың және олардан шығудың, жүктер мен тауарларды әкелудің, орналастырудың, орнын ауыстырудың, әкетудің, шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінетін бұзушылығы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған дәл сол әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
514-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимін:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскесін қоспағанда) күтіп-ұстаудың;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізудің;
4) шекаралық белдеуге кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың, жүріп-тұрудың және шекаралық белдеудің үстімен ұшуды жүзеге асырудың;
5) Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізудің, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібін сақтамаудан көрінген бұзу -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары және өзге де заттар тәркілене отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
515-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту
1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шараларды қолданбауы -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым жұмыскерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған іс-әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының қылмыс жасауына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан кесіп өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
1. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
1) үш тәулік ішінде -
ескерту жасауға алып келеді;
2) үш тәуліктен астам бес тәулік өткенге дейін -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді;
3) бес тәуліктен астам он тәулік өткенге дейін -
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бөлік жаңа редакцияда
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкімшілік жолмен шығарып жiберуге алып келеді.
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтаманы немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы -
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін олардың Қазақстан Республикасынан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпеуі -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару -
жеке тұлғаларға - жиырма бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бөлік өзгертілді
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 519-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
519-бап. Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту
2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жергілікті атқарушы орган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)