1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық есебiне қою мерзiмдерiн бұзу
1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына салық төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының салық заңнамасында белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 476-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
1. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:
1) келу мен кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бейбіт жиналыстарды, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;
10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу
Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу немесе талаптарды:
1) келу мен кетудің ерекше режимі;
2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;
4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде орындамау -
қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 478-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер
1. Төтенше жағдай жарияланған жерде жасалған, құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн немесе ұлттық және дiни алауыздықты қоздыратын әрекеттер, жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруына белсендi кедергi келтіру не қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу -
қырық айлық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 479-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламау және (немесе) шаралар қабылдамау
Істi қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының және басқа да адамдардың қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнiнде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
480-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк қадағалау туралы заңнамасын бұзу
1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын немесе өзiне қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiккке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
481-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға осы мекемелерде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған алкогольдік ішімдіктерді, дәрілік және есеңгірететін әсері бар басқа да заттарды, ақшаны, тамақ өнімдерін, бұйымдарды және басқа да нәрселердi жете тексеруден жасырып беру немесе кез келген тәсiлмен беруге әрекеттену -
ескерту жасауға немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болып табылған зат тәркiлене отырып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулiкке дейiнгі мерзімге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
482-бап. Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, электрлі, лақтырылатын, оқсыз атылатын қаруды, белгі беру қаруын, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды, олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау -
қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
қару, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктері тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады.
483-бап. Азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзу
1. Азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзуы -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды олардың сақталу орындарынан тыс жерлерде және (немесе) қауiптiлiгi 4-сыныпты азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға лицензиясы жоқ тұлғаларға өткiзу -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
азаматтық пиротехникалық заттар және оларды қолданып жасалған бұйымдар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 484-бап жаңа редакцияда
484-бап. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу
1. Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
лицензияның және (немесе) рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
лицензиядан және (немесе) рұқсаттан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы Кодекстің мақсаттары үшін қару айналымы деп қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу түсініледі.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 485-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
485-бап. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қаруды құқыққа сыйымсыз қолдану, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қару тәркілене отырып және қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттан айыра отырып, қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2022.11.07. № 137-VІІ ҚР Заңымен ескертпемен толықтырыды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
Ескертпе. Осы бапқа және осы Кодекстің 482-бабына сәйкес тәркіленген, одан әрі пайдалануға жарамсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару ретінде айналымына тыйым салынған қару осы Кодекстің 795-бабында көзделген тәртіппен жойылуға жатады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 485-1-баппен толықтырылды
485-1-бап. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу
1. Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібін бұзу -
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу құқығына рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 486-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
486-бап. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсатты тіркеу және (немесе) алу;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) қару иесiнiң өзіне тиесiлi қарудың жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы iшкi iстер органын хабардар ету;
4) жеке тұлғаның тұрғылықты жерді өзгерткен кезде қаруды есепке қою үшiн iшкi iстер органдарына өтiнiш жасау;
5) заңды тұлғаның қызметтiк, азаматтық, коллекциялық қаруды иеленгеннен кейiн оны iшкi iстер органдарында тiркеу;
6) азаматтық қарудың иесі қайтыс болған жағдайда оны қайта тіркеу немесе комиссиялық өткізуге тапсыру;
7) заңды тұлғаның қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған, сол сияқты оны ішкі істер органдарымен келіспестен филиалдарға (өкілдіктерге) беру кезінде қаруды тіркеу (қайта тіркеу) үшін ішкі істер органдарына өтініш жасау мерзімдерінің бұзылуынан болған бұзушылық -
жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
487-бап. Азаматтық қаруды, оның патрондарын өткізу үшiн тапсырудан жалтару
Азаматтық қаруды, оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсатының күші жойылған жеке тұлғалардың оларды өткізу үшiн тапсырудан жалтаруы -
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 488-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
488-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергі жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысқа қатысушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін бейбіт жиналысты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараларды ұйымдастырушыларға және (немесе) оларға қатысушыларға үй-жайлар не өзге де мүлік (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықты, көлікті) беру немесе оларды ұйымдастыру және өткізу үшін өзге де жағдайлар жасау, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингілерге, демонстрацияларға, шерулерге, пикеттеуге не өзге де жария іс-шараға қатысу, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
7. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар жасаған әрекет -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, ескерту жасауға немесе отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
9. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар жасаған әрекеттер -
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, заңды тұлғаларға заңды тұлға қызметін тоқтата тұрып немесе онсыз, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -