4-тармақтағы «уәкілетті органның екі өкілі» деген сөздер «уәкілетті органнан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкіл» деген сөздермен ауыстырылсын.
29. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
29-тармақтың 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекетке, тізбесін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітетін квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі немесе өздеріне қатысты мемлекеттің, көрсетілген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың;»;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»;
3) 3-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «қамтамасыз ету» деген сөздер «қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) тармақшасында:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«қолжетімділігін» деген сөзден кейін «, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығы мен қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 4-баптың 2-тармағындағы «Уәкiлеттi органның тиісті лицензиясынсыз» деген сөздер «Тиісті лицензиясыз» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 1-1-тараумен толықтырылсын:
«1-1-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі, құрылымы және органдары
6-1-бап. Уәкілетті органның мәртебесі және қызметінің құқықтық негізі
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, өзі туралы Ереже негізінде әрекет етеді.
Уәкілетті орган өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
Уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
6-2-бап. Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат саны
Уәкілетті органның құрылымы мен жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
6-3-бап. Уәкілетті органның Төрағасы
Қазақстан Республикасының Президенті уәкілетті органның Төрағасын лауазымға алты жыл мерзімге тағайындайды.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның атынан әрекет етедi және мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және өзге де тұлғалармен қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді.
Уәкілетті органның Төрағасына осы Заңда уәкілетті органның Басқармасы үшін айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, уәкілетті органның қызметi мәселелері бойынша жедел және атқарушылық-өкiмдік шешiмдер қабылдау, уәкілетті органның атынан шарттар жасасу өкiлеттiктерi берiлген.
Уәкілетті органның Төрағасы уәкілетті органның қызметi үшiн жауапты.
Уәкілетті органның Төрағасы отставкаға кетерден екi ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кетуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті органның Төрағасын лауазымынан босатады.
6-4-бап. Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Президентi уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын лауазымға уәкілетті орган Төрағасын тағайындау мерзiмдерiне қарамастан, уәкілетті орган Төрағасының ұсынуымен алты жыл мерзiмге тағайындайды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары уәкілетті орган атынан сенiмхатсыз өкілдік етеді, өз құзыреті шегiнде құжаттарға қол қояды.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарларын уәкілетті орган Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымынан босатады.
Уәкілетті орган Төрағасының орынбасарлары отставкаға кетерден екi ай бұрын уәкілетті органның Төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының Президентiне өзiнiң жазбаша өтiнiшiн беріп, отставкаға кете алады.
6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi
Басқарма уәкілетті органның жоғары органы болып табылады.
Уәкілетті органның Басқармасы:
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
2) осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
4) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
5) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты қарайды және мақұлдайды;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
7) уәкілетті органның халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешімдер қабылдайды;
8) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;
9) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және Уәкілетті орган туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
10) уәкілетті органның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және оларды әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
11) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) уәкілетті органның қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекітеді;
13) уәкілетті органның регламентін бекітеді;
14) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептіліктің тізбесін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі және оны жариялау мерзімдері айқындалады;
15) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;
16) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітеді;
17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
18) уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
29-тармақтың 5) тармақшасының қырық төртінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
Осы баптың екінші бөлігінің 2), 3), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
6-6-бап. Уәкілетті орган Басқармасының құрамы
Уәкілетті органның Басқармасы алты адамнан тұрады.
Уәкілетті орган Басқармасының құрамына уәкілетті органның Төрағасы, уәкілетті органның үш лауазымды адамы, Қазақстан Республикасының Президентiнен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен бір-бір өкiл кiредi.
Қазақстан Республикасының Президентiнен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен және уәкілетті органнан уәкілетті орган Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы және уәкілетті органның Төрағасы тағайындайды және босатады.
6-7-бап. Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары
Уәкілетті орган Басқармасының отырыстары уәкілетті органның Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткiзiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының кезектен тыс отырыстары уәкілетті орган Төрағасының немесе Басқарманың екі мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі.
Уәкілетті орган Басқармасының мүшелерi Басқарма отырыстарының тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Уәкілетті орган Басқармасының отырысын - уәкілетті органның Төрағасы, ал ол болмаған кезде оны алмастыратын адам өткiзедi.
Басқарма мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде уәкілетті органның Басқармасы шешiм қабылдауға құқылы, олардың қатарында уәкілетті органның Төрағасы не оны алмастыратын адам болуға тиiс.
Уәкілетті орган Басқармасының шешiмi Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда уәкілетті орган Төрағасының даусы шешушi болып табылады.
Уәкілетті органның Төрағасы өзi бiлдiрген қарсылығын қосып, Басқарма шешiмiн бір апта мерзiмнен кешiктiрмей қайта талқылау және дауыс беру үшiн қайтаруға құқылы. Егер Басқарма бұрын қабылданған шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының үштен екi даусымен растаса, уәкілетті орган Төрағасы шешiмге қол қояды.
Басқарма өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.»;
6) 2-тараудың тақырыбындағы «мәртебесі, міндеттері» деген сөздер «міндеттері» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 9-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «қаржы ұйымдарының» деген сөздер «осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын;
«3-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды есептік тіркеуді және олардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
3-2) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді және олардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;
3-3) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні береді;
29-тармақтың 7) тармақшасының оныншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
3-4) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
29-тармақтың 7) тармақшасының он үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Қазақстан Даму Банкінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда) бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
8), 9), 12) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда және шекте, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, осы Заңның 15-1-бабының 1-тармағында аталған қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қызметiн тексередi;»;
29-тармақтың 7) тармақшасының он алтыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«9) қаржы ұйымдарына және өзге де ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;»;
«12) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәлiметтердi (қызметтiк, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), оның iшiнде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялайды;»;
29-тармақтың 7) тармақшасының он сегізінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«13) банктердің, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта) сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде осы Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;»;
мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) қаржы ұйымдарына және (немесе) өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;
15) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерін құру, пайдалану және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейді;
29-тармақтың 7) тармақшасының жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
16) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздігінің салалық орталығының функцияларын жүзеге асырады;
17) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
18) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп, исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асырады;
19) екінші деңгейдегі, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді сауықтыру жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асырады;
20) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Ұлттық пошта операторының және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.»;
3-тармақтағы «1 және 2-тармақтарында» деген сөздер «1, 2, 2-1 және 2-2-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарызды беруі мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай мәліметтерді:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының соңғы сатыдағы қарызды ұсыну туралы мәселені қарауы үшін соңғы сатыдағы қарызды берудің орындылығы және банктің «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны;
2) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдауы үшін қолайлы банк активтерін айқындау туралы;
3) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылданатын және (немесе) қабылданған банк активтерінің ағымдағы жай-күйі туралы мәліметтерді;
4) соңғы сатыдағы қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылатын активтерді өткізу туралы шешімді қабылдау үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесін ұсынады.
6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын операциялардың барлық түрлері мен қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу туралы, төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызылған банкті реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүргізу туралы, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.»;
8) 9-1, 9-2, 9-3 және 12-1-баптар алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 13-3, 13-4, 13-5 және 13-6-баптармен толықтырылсын:
«13-3-бап. Ерекше реттеу режимін енгізу мақсаттары және оның шеңберінде қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган белгілейтін, қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.
2. Ерекше реттеу режимі мынадай мақсаттарға қол жеткізуге:
1) қаржылық көрсетілетін қызметтер нарығындағы бәсекелестікті және қаржы нарығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға;
2) қанағаттану дәрежесін арттыру және тұтынушылардың, кәсіпкерлік субъектілерінің және мемлекеттің мүдделеріне сәйкес келу үшін жаңа көрсетілетін қызметтерді ендіруге және қаржы нарығын дамытуға;
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
3. Мыналар:
1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
2) ерекше реттеу режимі қатысушыларының тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтауы ерекше реттеу режимінің қағидаттары болып табылады.
4. Ерекше реттеу режимі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізіледі, онда қаржы саласындағы қызметтің (көрсетілетін қызметтің, өнімнің), қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері, оларды ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырудың арнайы шарттары, ерекше реттеу режимінің қатысушыларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қолданудың тәртібі мен шарттары көрсетіледі.
Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган Басқармасының шешімімен жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимінің жалпы мерзімі бес жылдан аспайды.
5. Ерекше реттеу режимі енгізілген мерзім өткеннен кейін өз қолданысын тоқтатады.
6. Ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
13-4-бап. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру
1. Қаржы ұйымдары және (немесе) қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды тұлғалар ерекше реттеу режимінің қатысушылары (бұдан әрі - ерекше реттеу режимінің қатысушылары) бола алады.
2. Ерекше реттеу режимі қатысушысының қызметі уәкілетті органмен жасалатын, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шарт ерекше реттеу режимінің қатысушысы, уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалады.