7) уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолданған қадағалап ден қою шараларын үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
8) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің уәкілетті органның талаптарына сәйкес келмеуі;
9) осы Заңның 8-бабының шарттарына сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтi жүзеге асыру;
10) банктің осы Заңда, банк жарғысында және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияда белгiленген өзiнiң құқық қабiлетi шегiнен шығатын операцияларды жүзеге асыруы;
11) банктiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның қызметтi өздерiне берiлген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес ол берiлген күннен бастап қатарынан күнтiзбелiк он екi ай бойы жүзеге асырмауы;
12) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметті берілген лицензияға және (немесе) оған қосымшаға сәйкес қатарынан күнтiзбелiк он екі ай бойы жүзеге асырмауы;
13) қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын тек қана айырбастау пунктері арқылы жүзеге асыру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
14) соттың банк қызметiн тоқтату туралы шешiмді қабылдауы;
15) уәкілетті органның банктің меншікті капиталын ұлғайту жөніндегі талаптарын, сондай-ақ осы Заңның 47-1-бабының 2-тармағына сәйкес қойылатын талаптарды банк холдингінің, банктің ірі қатысушысының орындамауы;
16) банкті осы Заңға сәйкес төлемге қабілетсіз банк санатына жатқызу.»;
13-тармақтың 22) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
22) 48-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банктік шоттары жабылған тұлғалардың пайдасына келіп түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша келіп түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;»;
23) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 1-7) тармақшамен толықтырылсын:
«1-7) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында ақпарат, оның ішінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу;»;
3) тармақшадағы «депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға және» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) банктің, барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыруға байланысты енгізілген уақытша әкімшіліктің, банктің тарату комиссиясының депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға жеке тұлғалардың банктік шоттарындағы ақша қалдықтары және олар бойынша есепке жазылған сыйақы туралы мәліметтерді, сондай-ақ салымшы мен борышкер бір тұлға болған жағдайда - олардың міндеттемелері бойынша мәліметтерді ұсынуы;»;
5-2) тармақшадағы «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «беруі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарлама жіберу кезінде мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды атқаратын адамның растаушы құжаттар мен материалдар ретінде банк құпиясын құрайтын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы банк құпиясын жария ету болып табылмайды.»;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-5-тармақтың екінші бөлігіндегі «органмен келісім» деген сөздер «органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1-тармақта:
бірінші бөлік «органның сұратуды алған» деген сөздер «органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратуы алынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жеке тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмiрлерi және олардағы ақшаның қалдығы туралы анықтамалар, сондай-ақ банктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтаулы жатқан оның мүлкiнiң бар-жоғы, сипаты мен құны туралы қолда бар мәлiметтер, иесi қайтыс болған жағдайда мыналарға:
1) мұра өкiмiнде шот (мүлiк) иесi деп көрсетiлген адамдарға;
2) соттар мен нотариустарға: соттың ұйғарымы, қаулысы немесе нотариустың өз мөрiн қойып куәландырған жазбаша сұратуы негiзiнде олар жүргiзіп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi. Нотариустың жазбаша сұратуына шот иесiнiң қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi қоса берiлуге тиiс;
3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргізіп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;
4) мұрагерлерге беріледі.»;
10-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-2) тармақшасында көрсетілген ұйымдарға банк құпиясын қамтитын ақпаратты аталған бапта көзделген шарттармен береді.»;
екінші бөліктегі «орган» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен толықтырылсын;
24) 51-баптың 1-тармағының он бірінші бөлігіндегі «мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша мемлекеттік кіріс органы белгілеген форматтарға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 54-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
2-тармақ «уәкiлеттi органның сұрау салуы» деген сөздер «уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұратулары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«уәкiлеттi орган белгілеген» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті орган сұратқан» деген сөздер «уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі сұратқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ алып тасталсын;
26) 54-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктің ірі қатысушыларының және банк холдингтерінің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.»;
2-тармақтағы «салық органының салық декларациясының қабылданғанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы» деген сөздер «салық органына салық декларациясының ұсынылғанын растай отырып, жеке табыс салығы және мүлік (ол болған кезде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 61-6-баптың 2-тармағындағы «назарына жеткізіледі және таратылуға жатпайды» деген сөздер «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның назарына жеткізіледі және аталған тұлғалардың таратуына жатпайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 61-8-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Мәжбүрлеп таратылуы қаржы жүйесінің жүйелік тәуекелдеріне әкелетін төлемге қабілетсіз банкті реттеу бойынша шаралар қабылдау туралы, сондай-ақ осындай банкті реттеу кезінде мемлекеттің қатысуы туралы мәселелерді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Президенті құратын Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің қарауына алдын ала шығарады.»;
29) 61-12-баптың 4-тармағындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
30) 74-2-баптың 3-тармағында:
1) тармақшаның үшінші абзацындағы «міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздер «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «мәжбүрлеп таратылатын банк ұсынған есеп-қисапқа сәйкес, оның» деген сөздер алып тасталып, «сомасы бойынша,» деген сөздер «сомасы бойынша және» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «депозиторлардың - заңды тұлғалардың талаптары» деген сөздер «заңды тұлғалардың депозиттері бойынша талаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 75-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 77-бапта:
тақырып және бірінші бөлік «Уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның шешімі негізінде жасалған және (немесе) консервациялау сатысында банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы), банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) тарапы болып табылатын мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тараптардың осы мәміле бойынша алғандарының барлығын қайтаруына жол берілмейді.».
14. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 21-III, 135-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
12-баптың 20) тармақшасы «ведомстволарының қызметшісі» деген сөздерден кейін «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшісі» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 5-тармағында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-3-бапта:
тақырып «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды.».
16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 4-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «(бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздер «, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Ұлттық Банктің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «Ұлттық Банк» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-бапта:
1-2) тармақшадағы «Ұлттық Банкпен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-3) тармақшадағы «Ұлттық Банктің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкке» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 21-баптың 2-тармағында:
7) тармақшадағы «Ұлттық Банкке» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «Ұлттық Банкке» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 3-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 24-2-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2017 ж., № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат):
1) 4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қаржы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «шетелдік валютаны айырбастау операцияларын ұйымдастыру» деген сөздер «шетел валютасымен айырбастау операциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар):
1) 2-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган)» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның, Ұлттық Банктің осы Заңға сәйкес қабылданатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 9 және 10-тармақтарында:
«уәкілетті органның нормативтік» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 12-баптың 5-тармағының төртінші бөлігіндегі «уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 15-1-баптың 5-тармағында:
«уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 34-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«уәкілетті органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның нормативтік-құқықтық» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 37-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасындағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органның және Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 43-баптың 22) тармақшасы алып тасталсын;
8) 44-1-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабының» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 46-бапта:
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
10-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
10) 9-тарау мынадай мазмұндағы 52-3-баппен толықтырылсын:
«52-3-бап. Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау