4-тармақ «Банкі» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 51-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимі көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асырудың арнайы шарттарының жиынтығын білдіреді.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті арттыруға;»;
3) тармақшадағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын оңтайлы реттеу мен қадағалауды қалыптастыруға, қаржылық тұрақтылықты және» деген сөздер «көрсетілетін төлем қызметтері нарығын оңтайлы реттеуді, бақылауды және қадағалауды қалыптастыруға,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«қаржы саласындағы қызметтің, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметтің түрлері (көрсетілетін қызметтер, өнімдер)» деген сөздер «көрсетілетін төлем қызметінің түрлері және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызмет» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жүзеге асырудың» деген сөздер «көрсетудің (жүзеге асырудың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 51-5-бапта:
1-тармақтағы «Қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарын шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыратын қаржы ұйымдары және (немесе) өзге де заңды тұлғалар» деген сөздер «Көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдары және (немесе) өзге заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Үлгілік шартта» деген сөздер «Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартта» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылғаннан кейін бұрын ерекше реттеу режимінің қатысушысы болып табылған тұлға ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соған қатысты рұқсат беру тәртібі қолданылатын қызметті дереу тоқтатуға, сондай-ақ өзінің клиенттері алдындағы міндеттемелерін Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға міндетті.»;
8-тармақтағы «лицензиялануға жататын немесе» деген сөздер алып тасталсын;
21) 52-1-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жеке тұлғалардың ипотекалық тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындаған тәртіппен қайта қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктерге, оның ішінде өздерінің еншілес ұйымдары арқылы депозиттер орналастырады;»;
22) 56-баптың бірінші бөлігінде:
3) тармақшада:
«операцияларын» деген сөзден кейін «тек қана айырбастау пункттері арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға» деген сөздер «жүзеге асыру жөніндегі қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды және оны жүзеге асыруға» деген сөздер «қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензиялау тәртібін айқындайды және осындай заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшада:
«уәкілетті банктердің және (немесе) уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«ұйымдастыру» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) уәкілетті банктердің және өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шаралары мен санкцияларды қолданады;»;
23) 11-тарау алып тасталсын;
24) 70-бапта:
бірінші бөлікте:
«орындалуын» деген сөзден кейін «, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдары талаптарының іске асырылуын» деген сөздермен толықтырылсын;
«алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс» деген сөздер «алынған ақпарат жария етiлуге жатпайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген, алынған ақпаратты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, соның ішінде оның Қазақстан Ұлттық Банкiнің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізе алуын қамтамасыз ету арқылы береді.».
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 6-бапта:
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
он үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-2-баптың алтыншы бөлігіндегі «Ұлттық Банктің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 18-баптың төртінші бөлігіндегі «Ұлттық Банкке» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат):
1) 1-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағында:
екінші бөліктегі «(уәкілетті орган)» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
«Уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мәселелерi бойынша» деген сөздер «жекелеген мәселелерi бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Уәкілетті органның», «реттеу функциялары» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құзыреті шегінде», «реттеу, бақылау және қадағалау функциялары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 5-бап «уәкiлеттi органның» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 5-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақшаның бірінші және екінші бөліктеріндегі «уәкілетті органнан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
«кредиттік серіктестіктер,» деген сөздер алып тасталсын;
6) 9-баптың 3-тармағы «органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 15-баптың 2-тармағындағы «Уәкілетті органнан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 20-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«уәкілетті органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 26-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен толықтырылып, «уәкілетті орган белгілеген» деген сөздер «өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацы «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ «орган» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ «органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 30-бапта:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беруі жөніндегі қызмет банк операцияларына жатпайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «органның» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік «орган» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлікте:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операциялары бөлігінде - қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;»;
үшінші абзацтағы «операцияларын ұйымдастыру» деген сөздер «операциялары» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақта:
«кредиттік серіктестіктер,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында жасалған қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.»;
7-1-тармақтағы «Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға» деген сөздер «Айрықша қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтағы «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен» деген сөздер «өздерінің құзыреті шегінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 8) тармақшасындағы «ипотекалық» деген сөз «банктік» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 34-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктік қарыз шартын жасасу тәртібі, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптар, қарызды өтеу графигінің нысандары және қарыз алушыға-жеке тұлғаға арналған жадынамалар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
12) 36-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігінде:
«уәкілетті органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(акцептсіз)» деген сөз алып тасталсын;
13-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2-1-тармақтың 1) тармақшасы үшінші бөлігінің үшінші абзацындағы «кезеңде есепке жазылған сыйақыны» деген сөздер «кезеңдегі сыйақыны, комиссиялар мен қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 36-1-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөлік жетінші абзацтағы «компаниясына беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.» деген сөздер «компаниясына;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес ипотекалық қарыздарын сатып алуды жүзеге асыратын тұлғаға беруін қоспағанда, оның банктік қарыз шарты бойынша құқықты (талап етуді) үшінші тұлғаға беруді жүргізуіне тыйым салынады.»;
екінші бөліктегі «уәкілетті органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
14) 39-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөліктегі «уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіпке сәйкес қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алу көзделетін» деген сөздер «комиссиялар мен банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты өзге де төлемдерді алу көзделмейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «комиссиялар мен өзге де төлемдердің толық тізбесін» деген сөздер «барлық комиссиялар мен өзге де төлемдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жеке тұлғаға берілген банктік қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
7-тармақта:
бірінші бөліктегі «дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) көрсетуге міндетті, оның тәртібін уәкілетті орган клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақы шамасы туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда белгілейді» деген сөздер «анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) клиенттермен жасалатын шарттарда, сондай-ақ қарыздар мен салымдар бойынша (банкаралықты қоспағанда) сыйақы шамалары туралы ақпаратты таратқанда, оның ішінде оны жариялағанда көрсетуге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қарыздар мен салымдар бойынша анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнды) есептеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.»;
15) 40-бапта:
3-тармақтың үшінші бөлігіндегі «уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті органға ұсынуға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 40-2-баптың 2-тармағындағы «микроқаржы ұйымдарында» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 42-бапта:
1-1-тармақта:
«нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және есеп айырысу әдістемесін, тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган ислам банктерінің осы Заңда көзделген банктік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді» деген сөздер «нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемесі ислам банктерінің банктік қызметті жүзеге асыруының осы Заңда көзделген ерекшеліктері ескеріле отырып, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ислам банктерінің пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банктің және банк конгломератының пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелері, капиталының мөлшері, ашық валюталық позицияны есептеу тәртібі мен оның лимиттері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінде белгiленедi.
Банктердің және банк конгломераттарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
18) 45-баптың 5-тармағындағы «немесе осы жоспардың іс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкілетті органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған» деген сөздер «, осы жоспардың іс-шаралары орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 45-1-бапта:
2-тармақтың 8) тармақшасы:
«органға» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздермен толықтырылсын;
«орган» деген сөзден кейін «немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға осы баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған қадағалап ден қою шараларын қолданады.»;
20) 47-2-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы «орган» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздерінің құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «органның» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның және (немесе) оған қосымшаның қолданысын тоқтата тұру не олардан айыру мынадай негiздердің кез келгені бойынша жүргiзiледi:
1) банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қызметi процесінде осы Заңның 20-бабының, 26-бабы 2 және 7-тармақтарының талаптарын сақтамау;
2) банкте өзге банк холдингі немесе банк акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін ірі қатысушы-жеке тұлға болмағанда, банк холдингі, банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялар шегеріле отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан көп пайызын иеленетін банктің ірі қатысушысы-жеке тұлға мәртебесін кері қайтарып алу;
3) депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар банкте (орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі банктерді қоспағанда) тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингі бар бас банктің не банк холдингінің не ірі қатысушының-жеке тұлғаның болмауы;
4) банк операцияларын қолданыстағы заңнама нормаларын үнемі (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан көп рет) бұза отырып жүзеге асыру;
5) осы Заңның 32-бабында белгiленген банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашып көрсету жөнiндегi мiндеттi сақтамау;
6) банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға жеңiлдiкті жағдайлар жасауға осы Заңның 40-бабында белгiленген тыйым салуды бұзу;