8) 208-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға да» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VІ, 114-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар):
1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қадағалап», «актісінің» деген сөздер тиісінше «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап», «актінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 156-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «актісін» деген сөздер тиісінше «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған,», «актіні» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 350-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 352-баптың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 354-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның бесінші абзацындағы «қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған уәкілетті органның» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қайта құрылымдау кезеңінде қолданылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 145-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«145-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегін реттеу»;
2) мынадай мазмұндағы 145-1-баппен толықтырылсын:
«145-1-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегін реттеу
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегі «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актілерінде көзделген, лауазымға тағайындаудың, еңбек шартын тоқтатудың ерекше талаптарын, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді белгілейтін ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодексте реттеледі.».
9. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
1) мазмұнындағы 26-баптың тақырыбы «Банкінің,» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-баптың 1-тармағының 62) тармақшасы бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» деген сөздер «Микроқаржылық қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-бапта:
8-тармақта:
бірінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктегі «мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды электрондық тәсілмен жүзеге асыруға құқылы. Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау тәртібі бірлескен актілерде айқындалады.»;
4) 24-баптың бірінші бөлігінде:
14) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сегізінші абзацын қоспағанда, осы баптың бірінші бөлігінің 13) тармақшасында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады;»;
16) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 26-бапта:
тақырып «Банкінің,» деген сөзден кейін «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздерден кейін «және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтағы «қолма-қол шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың» деген сөздер «қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақта:
«немесе тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен» деген сөздер «жасаған мәмілелері туралы мәліметтерді, ал тауар биржалары жеке тұлғалардың тауар биржасында өткізілген биржалық тауарлармен жасаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 27-баптың 4-тармағындағы және 28-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен» деген сөздер тиісінше «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 7) тармақшасы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
7) 166-баптың 6-тармағының үшінші бөлігі «банктер» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 232-баптың 5-тармағының 7) тармақшасында:
«микроқаржы ұйымының» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«микроқаржы ұйымы» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Микроқаржы ұйымдары туралы» деген сөздер «Микроқаржылық қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 233-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Микроқаржы ұйымдары туралы» деген сөздер «Микроқаржылық қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 241-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 250-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «Микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 307-баптың 2-тармағында:
6) тармақша алып тасталсын;
11) тармақшадағы «микроқаржы ұйымдарына» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға (ломбардтарды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы «Микроқаржы ұйымдары туралы» деген сөздер «Микроқаржылық қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 319-баптың 2-тармағында:
18) тармақшада:
бірінші бөліктің бесінші абзацында:
«(микроқаржы ұйымы)» деген сөздер «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(микроқаржы ұйымына)» деген сөздер «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы «(микроқаржы ұйымының)», «(микроқаржы ұйымы)», «(микроқаржы ұйымымен)» деген сөздер тиісінше «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)», «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)», «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйыммен (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) тармақшаның бірінші абзацындағы «(микроқаржы ұйымы)» деген сөздер «(микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (кредиттік серіктестікті және ломбардты қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 397-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;»;
15) тармақша алып тасталсын;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) кредиттік серіктестіктің өз қатысушыларына кредиттік серіктестікке қатысушылар үшін ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктерді, кепілгерліктерді және өзге де міндеттемелерді беруі;»;
15) 407-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «микроқаржы ұйымдары» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (кредиттік серіктестіктерді және ломбардтарды қоспағанда)» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 543-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті ұйым - банк болып табылмайтын, қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының қаржы ұйымы;»;
17) 550-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «микроқаржы ұйымдарын» деген сөздер «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 553-баптың 8-тармағында:
бірінші абзацтағы «Микроқаржы ұйымдарын», «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер тиісінше «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды», «микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
кестенің 2-бағанындағы «Микроқаржы ұйымын» деген сөздер «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымды» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 554-баптың 4-тармағы кестесінің 1.54-жолындағы «Қызметінің ерекше түрі шетелдік қолма-қол валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын» деген сөздер «Қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың 20) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 644-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру» деген сөздер «қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операциялары» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-II, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар):
102-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен» деген сөздер «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 2-баптың бірінші бөлігінде:
«бақылауды, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды» деген сөздер «валюталық бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«статистиканы жүргізетін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшін өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.»;
3) 6-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде өз филиалдары мен өкiлдiктерiн аша алады.»;
4) 7-баптың екінші бөлігінде:
5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақша «ақша-кредит статистикасы» деген сөздерден кейін «, қаржы нарығы статистикасы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 8-бапта:
5) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
«14) осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздарды, осы Заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздарды береді;»;
16) және 18) тармақшалардағы «және банк статистикасы» деген сөздер «статистикасы және қаржы нарығы статистикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
11-тармақтың 5) тармақшасының жетінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;»;
19) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтардан 2020 ж. 16 желтоқсанға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-бабының 2-тармағының редакциясында қолданылды
«19) осы Заңға, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және өзге де тұлғаларды реттеуді, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
20) мыналарға:
өз қызметін тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған;
банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға - банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензияны береді (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады, одан айырады;»;
21), 21-1) және 22-1) тармақшалар алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;