2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
66-бап. Арнайы су пайдалану
1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;
4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
5) гидравликалық электр станцияларын;
6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;
8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;
2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс.
Халықтың ауызсу мұқтажын қанағаттандыруға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суын пайдалануға арналған рұқсат осы Кодекстің 90-бабы 5-тармағының талаптарына сәйкес беріледі.
3. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Арнайы су пайдалану:
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мынадай су тарту құрылысжайларын: шахталы және құбырлы сүзгіш құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстіңгі бетінің біріншісінен тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылысжайларын пайдалану;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) кеменің және оның технологиялық жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен кемелердің су тартуы;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
3) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын алуға (айдап шығаруға) рұқсат талап етілмейді.
5. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi органның өңiрлiк органдары бередi.
6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіру кезінде ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын, өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған, сарқынды және басқа да суларды жерүстi су объектiлеріне, жер қойнауына, су шаруашылығы құрылысжайларына немесе жер бедеріне ағызу;
2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылысжайларды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану;
3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі - жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану).
7. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Арнайы су пайдалануға рұқсаттар:
1) балансында олардың көмегімен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін құрылысжайлары немесе техникалық құрылғылары;
2) суды есепке алу құралдары;
3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;
4) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерүсті және (немесе) жерасты суларын тарту кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;
5) жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен су пайдалану шарттарына келісімі бар жеке немесе заңды тұлғаларға беріледі. Минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану кезінде келісім талап етілмейді.
9. 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi бассейндік инспекциялар мынадай құжаттарды:
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;
3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;
4) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді ұсынатын ауызсу мұқтаждықтары үшін су ресурстарын су дайындау және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қоюды, тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметті, су объектiлерiн олардан су ресурстарын алып қоймай пайдалануды, ілеспе алынған жерасты (шахта, карьер, кеніш) суларын ағызуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын есептеулерді;
7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) су тартуды есепке алу құралдарының болуы туралы мәліметтер ұсынады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды; 2017.27.12. № 126-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-1-тармақ жаңа редакцияда
10-1. Бассейндік инспекциялар минералды жерасты суларын қоспағанда, тәулігіне елу текше метрден бастап алу лимиттерімен жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға арнайы су пайдалануға рұқсат беру үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сұрау салу жібереді.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде бассейндік инспекцияларға оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.
2018 жылғы 29 маусымға дейін бұрғыланған ұңғымалар бойынша жерасты суларының баланстық қорлары болмаған жағдайда, келісу жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органда жерасты суларының қорларын бағалау және оларға сараптама жасау мақсатында берілген арнайы су пайдалануға рұқсат шеңберінде мониторингтік зерттеулер жүргізу шартымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
11. 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
4) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.
13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
1) кеменің техникалық сипаттамалары;
2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты бассейндік инспекциялар өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді.
Өтініш бассейндік инспекцияға өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына «Қайта ресімделді» деген белгі соғылады.
Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды; 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 15-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.
Арнайы су пайдалануға рұқсатты ұзартуды бассейндік инспекциялар осы Кодекске сәйкес өтініш беруші ұсынған барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген бассейндік инспекция оның қолданысын мынадай:
1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған;
3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.
Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде бассейндік инспекция мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін бассейндік инспекция бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді.
Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда бассейндік инспекция қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, бассейндік инспекция рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.
67-бап. Оқшау су пайдалану
1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
68-бап. Бiрлесiп су пайдалану
1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.
2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.
2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану
1. Өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру және (немесе) қайталама су пайдаланушыларға беру үшін тікелей су объектілерінен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.
2. Басқа су пайдаланушылармен жасалған шарттардың негізінде олардан су алатын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы қайталама су пайдалану болып табылады.
3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су пайдалану мақсаты және арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта көрсетілген көлемдер ескеріле отырып, оны пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі.
Қайталама су пайдалануға арналған шартта су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді жүзеге асыру бойынша қайталама су пайдаланушыға қойылатын талаптар қамтылуға тиіс.
70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi
1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.
2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.
3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.
4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.
5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.
6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.
71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары
Су пайдаланушылардың:
1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл ретте, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерiне зиян және экологиялық залал келтiруге жол бермеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;
4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;
6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;
7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;
8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;
9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi
Су пайдаланушылар:
1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;
2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;
4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;
2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;
6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2016.28.04. № 506-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) арнайы су пайдалануға арналған рұқсатта немесе қайталама су пайдалануға арналған шартта айқындалған су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгіленген мерзімдерде толық көлемде орындауға;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда, белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;
9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;
10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгізуге шаралар қолдануға;
11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;
12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;