облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бұрын тіркелмеген карантинді объект және (немесе) бөтен текті түр анықталған;
шекара маңындағы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және шекара маңындағы мемлекеттер аумағының карантиндік фитосанитариялық жай-күйінің нашарлағаны туралы ақпарат келіп түскен;
карантинді объектінің және (немесе) бөтен текті түрдің, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімнің партиясында анықталу фактілері туралы нотификациялар, карантиндік ақпар, хабарлама, дабыл хабар, сараптамалардың нәтижелері келіп түскен;
карантинге жатқызылған өнімді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
1) ақпараттық жүйелердегі;
2) басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының нотификациялары мен хабарламаларындағы;
3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан келіп түсетін;
4) ашық дереккөздердегі, бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректер мен ақпаратты талдау, салыстыру арқылы жүргізеді.
Қызметі карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады.
Бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау мақсаттары болып табылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным жібереді. Ұсынымда оны орындау мерзімі көрсетіледі, ол табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімін алғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
3) электрондық тәсілмен - сұрау салу кезінде бақылау және қадағалау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілген болып саналады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күні, ұсынымда көрсетілген мерзім ішінде орындалуға тиіс.
Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органның ведомствосына немесе уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне қосу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың жиілігі деректер мен ақпараттың келіп түсуіне қарай айқындалады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 11-бап өзгертілді; 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Ведомствоның және оның фитосанитариялық бақылау бекеттері бар аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз), материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгiлерiн және оны киiп жүру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Нысанды киiммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.
2. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелуіне құқығы бар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілері мыналар болып табылады:
2015.16.07. № 330-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ауыл шаруашылық, орман дақылдарының және сәндiк дақылдардың себу мен отырғызылатын материалдары, өсiмдiктер мен олардың бөлiктерi (қалемшесi, жуашығы, түйнегi, жемiсi), сондай-ақ карантиндi объектiлердi жұқтырушы болуы мүмкін өсiмдiк тектi кез келген басқа да өнiм;
2) өсiмдiктер ауруларын қоздырушылар - тiрi саңырауқұлақтар өсiмдерi, вирустар, бактериялар, сондай-ақ нематодтар, кенелер мен насекомдар;
3) насекомдардың, өсiмдiктер ауруларын қоздырушылардың коллекциялары, тұқымдардың, гербарийлерi мен коллекциялары;
4) карантиндi объектiлердiң жұқтырғыштары болуы мүмкiн ауыл шаруашылық машиналары мен топырақ өңдеуге арналған құралдар, көлiк құралдары, ыдыстың барлық түpі, буып-түю материалдары, өсiмдiк материалдарынан жасалған өнеркәсiп тауарлары мен бұйымдар, топырақ құймалары мен үлгiлерi;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өсiмдiк тектi өнiмдi өсiретiн, дайындайтын, жинайтын, қайта өңдейтін, зарарсыздандыратын және өткiзетiн ұйымдардың, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайлары, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа мақсатқа арналған жерлер.
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) ішкі сауда объектілері, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, өзен порттары, айлақтары, пошта операторларының өндірістік объектілері;
7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
1. Фитосанитариялық сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Фитосанитариялық сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу бойынша басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері болуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің талаптарымен (экспорттау кезінде) карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантинді объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің талаптарына (экспорттау кезінде) сәйкес келмеудің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
2. Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Карантиндік сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) осы Заңның 13-бабы 4-1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде карантиндік сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
3. Бекітілген тізбеге сәйкес карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат алуға өтінім береді.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат әрбір карантинді объектіге беріледі және берілген күнінен бастап алты ай ішінде қолданыста болады.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес беріледі.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Әртүрлі биологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі карантинді объектілерді оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хатты беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
4. Есепке алу нөмірін алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтінім береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді және карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін айқындау үшін карантинге жатқызылған объектіні ұсынады.
Есепке алу нөмірі:
карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беріледі.
Есепке алу нөмірі Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес код пен тіркеу нөмірі беріле отырып беріледі.
Есепке алу нөмірін беру немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Есепке алу нөмірін беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объектінің қойылатын карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі;
2) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.
Есепке алу нөмірін кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
2) карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы;
3) астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу арқылы алынған өнімде тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
4) зарарсыздандырылған және таңбаланған ағаш қаптама материалында тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.
18.02.02 ж. № 293-II; 03.07.03 ж. № 463-II; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.10.11. № 249-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 12 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Карантинге жататын өнiмдi әкелу, әкету, транзиттеу, ішкі мемлекеттік тасымалдау, тексеру және залалсыздандыру тәртібі
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Карантинге жататын өнiмдi беруге немесе оның транзитiне шарт жасасқан кезде өнiм берушi уәкілетті органнан карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы қажеттi ақпарат алуға және карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнiң алдын алуды қамтамасыз ететiн жағдайларды қарастыруға мiндеттi.
Құпия сипаттағы ақпараты бар жасалған шарт өнiм берушiнiң жазбаша келісімiнсiз жария етiлмеуге тиiс.
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі.
Карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Межелі пунктте әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге кедендік құжаттарды ресімдеу қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан кейін жүргізіледі.
Басқа мемлекеттердің карантиндік фитосанитариялық шараларының баламалылығын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбаланған контейнерлермен, герметикалық орамдармен, вагондармен, автофургондармен, авторефрижераторлармен және басқа да көлік құралдарымен тасымалданады.
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің, сондай-ақ артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын адамдардың карантинге жатқызылған өнімді әкелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.
2-1. Қазақстан Республикасының аумағына:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитариялық сертификаттарысыз фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) уәкілетті органмен келісім бойынша ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін әкелінетін үлгілерді қоспағанда, өсімдік ауруларын қоздырушыларды - тірі саңырауқұлақ өскіндерін, бактерияларды, вирустарды, сондай-ақ өсімдіктерді бүлдіретін жәндіктерді, кенелерді, нематодтарды, карантиндік арамшөптер тұқымдарын;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады.
3. 2009.17.07. № 189-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2016.09.04. № 499-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Карантинге жатқызылған өнімді әкетуге уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері беретін фитосанитариялық немесе карантиндік сертификаттар болған жағдайда:
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес фитосанитариялық сертификаттары болған кезде;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының ішінде - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік сертификаттары болған кезде рұқсат етіледі.
Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуін жүктi тиеп-жөнелтудiң бастапқы орындарында және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезiнде теңiз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темiржол станцияларында, пошта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және өзге де объектiлерде қайтадан куәландырады. Қайта тиеусiз Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкету кезiнде шекаралық пунктте (фитосанитариялық бақылау бекетінде) тиеп-жөнелту орнында берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-1. Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және екінші рет карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында куәландырады.
Үшінші бөлік 2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
Мыналарға:
1) есепке алу нөмірін алған жеке және заңды тұлғаларға қайта өңдеуге жіберілген жағдайда, карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдеріне карантиндік сертификат беруге жол беріледі. Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдері қайта өңделгеннен кейін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру мен карантиндік фитосанитариялық сараптаманың және (немесе) зертханалық сараптаманың нәтижелері бойынша айқындайды;
2) қараөрік шаркасының (шешегінің) (Plum Pox Potyvіrus) вирусы, жалған қалқаншалы шымыр мен қалқаншалы шымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерге карантиндік сертификат беруге жол беріледі.
Карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында немесе межелі пунктінде басқа мекенжайға жіберу осы операция жүзеге асырылатын аумақтағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің рұқсатымен жүргізіледі.