Өсімдіктер карантині туралы 1999 ж. 11 ақпандағы № 344-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы (5 - 9 баптар)
мемлекеттік реттеу
3-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы (10 - 14 баптар)
мемлекеттік бақылау
4-тарау. Дауларды шешу және Өсімдіктер карантині (15 - 16 баптар)
жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
5-тарау. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі iс-шараларды (17 - 18 баптар)
қаржыландыру
6-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы (19 - 21 баптар)
халықаралық ынтымақтастық
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың құқықтық негiзi мен принциптерiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
1) импорттық карантиндiк рұқсат - Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгiлейтiн шарттарда карантинге жатқызылған өнiмдi Республикаға әкелуге, сондай-ақ оның транзитiне рұқсат беретiн құжат;
2) жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер - импорттық отырғызылатын және тұқымдық материалдағы карантиндi объектiлердiң және басқа да ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жасырын жұғуын анықтау үшін арнайы жабдықталған көшеттiктер;
3) карантиндi аймақ - карантиндi объектiнiң анықталуына байланысты белгiленген тәртiппен карантинге жатқызған деп жарияланған аумақ;
4) карантиндiк шара - Республика аумағына карантиндi объектiлердiң енуiн немесе таралуын болғызбауға бағытталған рәсiм;
5) карантиндi объект - бекітілген Карантиндiк түрлер тiзбесiне сәйкес зиянкес, өсiмдiктердiң ауруын қоздырғыш немесе өсiмдiктерге және өсiмдiк өнiмiне айтарлықтай зиян келтiруі мүмкiн, Республика аумағында жоқ немесе шектеулi таралған арамшөп;
5-1) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;
6) өсiмдiктер карантинi (фитосанитариялық қорғау) - Республиканың өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмiн карантиндi объектiлердiң басқа мемлекеттерден, сондай-ақ Республиканың карантиндi аймағынан әкелiнуiнен және енуiнен қорғауға, ал олар таралған жағдайда - олардың таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
7) өсiмдiктер карантинi бойынша бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдары жүзеге асыратын өсiмдiктер карантинi жөніндегі нормалардың, ережелер мен нұсқаулықтар талаптарының орындалуын тексеру қызметi;
7-1) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін фитосанитариялық шараларды ескере отырып, карантиндік объектілердің ену, орнығу мен таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін ғылыми негізделген бағалау;
8) карантиндi объектiнiң ошағы - карантиндi объект анықталған және карантиндiк шаралар жүзеге асырылуға тиiс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;
9) карантинге жатқызылған өнiм - өздерi арқылы карантиндi объектiлердi таратуы мүмкiн кез келген материалдар (жүктер);
9-1) өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындар - Қазақстан Республикасының Үкiметі құратын, қызметі мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру құқығынсыз карантиндік объектілердiң ошақтарын анықтауға, оқшаулауға және жоюға бағытталған мемлекеттік кәсiпорындар;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 9-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-2) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының аумағында өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеуді және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган және шекаралық пункттері мен шекарадағы постылары бар оның аумақтық органдары;
10) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнiмнiң карантиндiк жай-күйiн куәландыратын құжат;
11) фумигациялық отрядтар - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органның және шекаралық пункттері мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының ұйғарымдары бойынша карантинге жатқызылған өнімді газбен дезинсекциялау әдiсiмен залалсыздандыруды жеке және заңды тұлғалардың өтiніштерi бойынша орындайтын өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың бөлiмшелерi;
12) бөтен тектi түр - Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулi экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін насеком, өсімдік ауруларын қоздырушы және арамшөп түрi.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) өсiмдiктер карантинi саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;
2-бап. Өсiмдiктер карантинi саласындағы заңдар
Өсiмдiктер карантинi жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
3-бап. Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi
Өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Республика аумағын шет елдерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау;
2) карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою, сондай-ақ Республиканың олар жоқ аймақтарына олардың енуiнiң алдын алу;
3) өсiмдiктер карантинi саласындағы заңдар мен белгiленген ережелердiң сақталуына және Республика аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі шаралардың орындалуына мемлекеттік бақылау жасау.
4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асыру принциптерi
Республика аумағында өсiмдiктер карантинi жөніндегі мемлекеттік шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) Республиканың азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұpy және мүлікті сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттік бақылау және олардың бұзылуы үшiн жауапкершiлiк;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөніндегі шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) тиiстi шарттар негiзiнде өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласындағы
мемлекеттік реттеу
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда
5-бап. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыратын органдар
1. Өсiмдiктер карантинi саласында мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган туралы ереженi, Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден қорғау жөніндегі ережелердi (бұдан әрi - Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелер) және қарсы күрес жүргiзу ісi бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектiлер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
3. Уәкiлеттi органның және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдарының өсімдiктер карантинi бойынша бақылауды тiкелей жүзеге асыратын лауазымды адамдары өсiмдiктер карантинi жөніндегi мемлекеттік инспекторлар болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен нысанды киіммен қамтамасыз етіледі.
Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін азаматтардың өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттер инспектор қызметiн атқаруға құқығы бар.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 6-бап жаңа редакцияда
6-бап. Өсiмдiктер карантинін қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi
Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiне:
1) уәкiлеттi мемлекеттік орган және шекаралық пункттерi мен шекарадағы постыларын қоса алғанда, оның аумақтық органдары;
2) Қазақстан Республикасы ?кіметінің шешімi бойынша құрылатын мемлекеттік карантиндiк мекемелер - республикалық, аймақтық және шекаралық карантиндiк зертханалар, жерсiндiру-карантиндiк көшеттiктер;
3) фитосанитариялық зертханаларымен және фумигациялық отрядтарымен қоса алғанда, өсiмдiктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсiпорындар енедi.
18.02.02 ж. № 293-II ; 03.07.03 ж. № 463-II ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Уәкілетті органның құзыретi
1. Уәкілетті орган:
1) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп, іске асырады;
2) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік іс-шаралар белгіленіп, жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды;
3) Қазақстан Республикасында және басқа да елдерде карантинді объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы деректер базасын құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
4) өсімдіктер карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
5) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар туралы ережені бекітеді;
6) карантинді объектілер залалдаған залалсыздандыруға немесе қайта өңдеуге жатпайтын карантинге жатқызылған өнімдерді (жүктерді) алып қою және жою жөніндегі ережелерді бекітеді;
7) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
8) карантиндік іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемені, ұсынымдарды бекітеді;
9) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп, халықаралық нормалар талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитарлық тәуекелді бағалаудың ғылыми принциптері негізінде карантиндік шараларды әзірлейді және оларды жеке және заңды тұлғалардың орындауын тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
10) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектор лауазымына орналасуға біліктілік талаптарын белгілейді;
11) карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою және карантинге жатқызылған өнімдерді залалсыздандыру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады;
12) карантинге жатқызылған өнімдер транзитінің шарттарын айқындайды;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою үшін қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызмет көрсетуді ұйымдастырады және жүргізеді;
14) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
15) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде карантинге жатқызылған әкелінетін өнімді тұрақты бастапқы карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін, көлік құралдарын, қол жүгі мен багажды іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге карантиндік құжаттарды қарайды;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
17) карантинге жатқызылған әкелінетін өнім келіп түсетін соңғы пункттерде осы өнімді тұрақты қайтадан карантиндік тексеруді, қажет болғанда аумақтың фитосанитариялық сипаттамасы мен оның шыққан жерін, баратын пунктін, сондай-ақ карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды ескере отырып, үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
18) карантинге жатқызылған әкетілетін өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 20) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
20) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімдерді тұрақты тексеруді, қажет болғанда үлгілерін іріктеу арқылы оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндiк құжаттарды қарайды;
21) өсімдік текті өнімдерді өсіретін, дайындайтын, жинайтын, өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, базарлардың, шаруа (фермер), үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығына, орманға, суға және басқа да мақсатқа арналған жерлерге тұрақты талғамалы бақылау тексерулерін жүргізеді;
22) карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды уақтылы және тиімді жүргізу жөніндегі жұмыс барысына тұрақты бақылау жүргізеді;
23) анықталған Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамасын бұзушылықтарды жою, карантинге жатқызылған өнімдерді, сондай-ақ көлік құралдарын залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқама береді және олардың орындалуын бақылайды;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктерде импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантинді объектілерден және бөтен текті түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
25) карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда міндетті іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді;
27) карантинді аймақтарда міндетті іс-шаралардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізеді;
28) халықаралық нормалар мен талаптардың өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді;
29) халықаралық ұйымдарда өсімдіктер карантині мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.
2. Тиісті уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы, ал оның орынбасары - Қазақстан Республикасының Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.
Уәкілетті органның облыстық, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық органдарының басшылары тиісті облыстар мен қалалардың өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
Уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының өсімдіктер карантині бойынша бақылауды тікелей жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдары өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар болып табылады.
3. Уәкілетті орган өз қызметін шекаралық, кедендік, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
4. Уәкілетті органның өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімі лауазымды тұлғалардың, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары уәкілетті органның өзіне жүктелген міндеттерді шешуіне жәрдемдесуге міндетті.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 7-1-баппен толықтырылды; 2006.10.01. № 116-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-1-бап өзгертілді
7-1-бап. Мемлекеттік карантиндік мекемелер мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың құзыреті
1. Мемлекеттік карантиндік мекемелер:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) зерттеуге келіп түсетін импорттық, себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды.
2. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорындар:
1) карантинді объектілердің ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды;
2) карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды жүргізеді;
3) карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды, соның ішінде фумигациялауды жүргізеді.
Бұл ретте, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында тізіп көрсетілген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік монополияның аясына жатады.
ҚР 29.11.99 ж. № 488-I; 18.02.02 ж. № 293-II; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 8-бап өзгертілді
8-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құқықтары
Карантиндік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының:
1) карантинге жатқызылған , сондай-ақ, тиiстi халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа елдер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негiзiнде ғылыми негiздеме жеткiлiксiз болған жағдайда жүктер мен объектілерді тексеріп қарау, фитосанитариялық сараптама және қажет болған кезде залалсыздандыру ісін жүргізу кезеңінде, сондай-ақ оларды фитосанитариялық (карантиндік) сертификатсыз тасымалдау кезінде немесе шет елден импорттық карантиндік рұқсатсыз әкелген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кідіртіп қоюға;
1-1) басқа мемлекеттерден әкелінетін, өзінің фитосанитариялық жай-күйі туралы мәліметтер зерттелмеген карантинге жатқызылған, сондай-ақ, тиісті халықаралық ұйымдардан алынған ақпаратты және басқа елдер қабылдап жатқан фитосанитарлық шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негізінде ғылыми негіздеме жеткіліксіз болған жағдайда өнімге қатысты уақытша карантиндік шаралар қолдануға (енгізуге);
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарау жүргізуге, өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат алуға;
3) зертханалық сараптама жүргізу үшін карантинге жатқызылған өнім үлгілерін іріктеп алуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға карантиндi объектiлер ошақтарында және көлiкте қажет шаралар жүргiзу туралы талаптар қоюға;
5) өсiмдiктер карантинi жөніндегі заңдардың бұзылуына жол берген лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға;
6) Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелердi бұзушылықты жойғанға дейiн жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұруға және тыйым салуға құқығы бар.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң қызметiне тыйым салуды немесе оны тоқтата тұруды уәкілетті органның лауазымды адамдары сот шешiмiнiң негiзiнде жүзеге асырады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы талап арызды уәкілетті орган органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне сот шешімінсіз тыйым салуға немесе оны тоқтата тұруға карантиндік объектілер анықталған ерекше жағдайларда талап арызды 3 күннен аспайтын мерзімде сотқа табыс ету міндеттеліп, аталған мерзімге рұқсат етіледі. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады.
ҚР 03.07.03 ж. № 463-II Заңымен 8-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 8-1-бап өзгертілді
8-1-бап. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры
1. Карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюға арналған пестицидтер (улы химикаттар) қоры дегеніміз пестицидтердің (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгілі бір көлемі және ол уәкілетті органның қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.
2. Пестицидтер (улы химикаттар) қоры карантиндік объектілердің анықталған таралу ошақтарын оқшаулауға және жоюға арналады және бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады .
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
9-бап. Өндiрiстiк қызметi карантинге жатқызылған өнiмге байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың мiндеттерi
Қызметi карантинге жатқызылған өнiмдi өндiруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдау мен өткізуге байланысты мемлекеттік органдардың, ұйымдардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар:
1) осы Заңның талаптарын, Өсiмдiктер карантинi жөніндегі ережелердi және тиiстi карантиндiк шараларды өткізу туралы уәкілетті органның ұйғарымдарын орындауға;
2) Уәкілетті орган инспекторларының талап етуi бойынша карантинге жатқызылған өнiм мен карантиндi объектiлердiң бар екендiгi туралы мәлiметтердi табыс етуге;
3) егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ карантинге жатқызылған қолда бар өнiмдi тексеру және сараптамадан өткізу үшiн ұсынуға;
4) карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге мiндеттi.
ҚР 18.02.02 ж. № 293-II Заңымен 9-1-баппен толықтырылды; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) Заңымен 9-1-бап өзгертілді. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 9-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9-1-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,
астананың) жергілікті атқарушы органдарының құзыреті
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары:
1) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
2) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), базарлардағы, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының карантиндік іс-шаралар өткізуін ұйымдастырады.