31) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындау;
32) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама жобаларын келісу;
33) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бере отырып, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату мен жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), оның айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың сәйкестігін келісу;
34) халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту;
35) тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;
36) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
10) 8-баптың 9) тармақшасындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 9-баптың 2-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-2), 3-3), 3-4), 3-5), 3-6), 3-7), 3-8), 4-1), 5-1) және 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіндегі тұрақтылықты және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған бюджет қаражатының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
3-3) денешынықтырумен және спортпен айналысу, сауықтыру және демалу үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3-4) саламатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады;
3-5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, тұрмыстық және жол-көліктік жарақаттанудың профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
3-6) денсаулық сақтау ресурстарын тиімді жоспарлау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
3-7) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қабылдайды;
3-8) халықтың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді;»;
«4-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрақты тұратын елді мекеннен тысқары жерлерге шығатын азаматтардың жекелеген санаттарына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары айқындайтын тізбе бойынша ел ішінде жол жүру ақысын төлейді;»;
«5-1) уәкілетті органмен келісу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;
«6-1) жас мамандарды әлеуметтік қолдау және бекіту шараларын қоса алғанда, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;»;
7) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін салу және дамыту, оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріханалық қоймалар құру бойынша шаралар қолданады;»;
«12) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз етедi;»;
18) тармақшадағы «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер «туберкулезбен» деген сөзбен ауыстырылсын;
18-6) тармақша «денсаулық» деген сөздің алдынан «осы Кодекстің 15-бабының 4-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-7) және 18-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-7) тіндердің (тін бөлігінің) және (немесе) ағзалардың (ағзалар бөлігінің) ерікті түрде өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шараларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
18-8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдауды, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзуді жүзеге асырады;»;
12) 10-бапта:
4), 6), 7) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;»;
«6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушілерді таңдауды және олардың шығындарын өтеуді жүзеге асырады;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфикациялаушы) препараттарды:
амбулаториялық деңгейде - уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде - дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;»;
«14) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлау жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;»;
13) 12-баптың 7-тармағы алып тасталсын;
14) 14-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығына бағалауды жүргізу және біліктілігінің сәйкестігін растау үшін денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.
Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.»;
«3. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу олардың қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiтетін аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн сыртқы кешенді бағалау негізінде жүргiзiледi және ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде ескерiледi.
Медициналық ұйымдарды фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға клиникалық зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін клиникалық зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.
Сынақ зертханаларын биологиялық активті заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу құқығына аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті орган бекітетін клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін бағалау негізінде жүргізіледі.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау жөніндегі монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.»;
15) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының және олардың орынбасарларының, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының, филиалдары басшыларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын рәсімі денсаулық сақтау саласындағы мамандарды кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) болып табылады.
2. Аттестаттауды объективті және құзыретті түрде жүзеге асыру мақсатында уәкілетті орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган аттестаттау комиссияларын құрады.
3. Уәкілетті орган облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын және олардың орынбасарларын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, олардың орынбасарларын, сондай-ақ филиалдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өздеріне ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
5. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын аттестаттауды жүргізеді.
6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.»;
16) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары;
6) денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру стандарттары.»;
17) 18-бапта:
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) медициналық, фармацевтикалық конференцияларда, конгрестерде, симпозиумдарда және басқа да ғылыми кеңестерде дәрілік заттарды жарнамалауды қоспағанда, қоғамдық көлікте, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың тағайындалуына, пайдаланылуына және босатылуына қатысы жоқ ұйымдарда олардың жарнамасын таратуға және орналастыруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) өнеркәсіптік өнімдерге, рецептуралық бланкілерге жарнамалық ақпаратты орналастыруға;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар туралы анық ақпаратты ғылыми немесе білім беру мақсатында, сондай-ақ пациенттерді хабардар ету мақсатында ұсыну жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тағайындауға уәкілетті медицина қызметкерлерін жарнама таратушылар ретінде пайдалануға;»;
8) тармақшадағы «жарнамалауға тыйым салынады.» деген сөздер «жарнамалауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) халыққа арналған жарнамада мынадай ауруларды: жыныстық жолмен берілетін ауруларды, онкологиялық, психикалық, қауіпті инфекциялық ауруларды, АИТВ/ЖИТС-ті, туберкулезді, қант диабетін көрсетуге;
10) жарнамада өзінің танымалдығына байланысты дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін ғалымдардың, денсаулық сақтау мамандарының, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтеме жасауға;
11) көрсетілетін қызметті, дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы, тағамға биологиялық активті қоспаны бірегей, барынша тиімді және қауіпсіз ретінде жарнамаға беруге;
12) дәрілік препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі оның табиғи жолмен алынуына байланысты деп сендіруге;
13) ұсынылатын көрсетілетін қызметтің, жарнамаланатын дәрілік препаратпен, тағамға биологиялық активті қоспамен емдеудің тиімділігі кепілдендірілген болып табылады, затты қолдану жанама әсерлердің дамуымен ұштаспайды деген болжам туғызуға;
14) жарнамаланатын көрсетілетін қызметтерге, дәрілік препаратқа, медициналық мақсаттағы бұйымға және медициналық техникаға тікелей қатысы жоқ ақпаратты жарнамада келтіруге;
15) адамның тіндеріне (тіннің бөлігіне) және (немесе) ағзаларына (ағзаларының бөлігіне) қатысты заңсыз мәмілелер жасасу туралы ұсыныстарды жарнамалауға тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Дәрілік заттардың жарнамасы толық (дәрілік затты пайдалану үшін тиісті шектеулерді қоса алғанда) және анық мәліметтерді қамтуға тиіс, олардың болмауы дәрілік заттарды орынсыз пайдалану немесе тұтынушы үшін қисынсыз қатерге әкеп соғуы мүмкін.»;
18) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау және дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат»;
19) 19-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк бақылау» деген сөздер «мемлекеттiк бақылау және қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 22-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.»;
6-тармақтың 1) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін алып қоюға;»;
«7) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектiлерге баруға;»;
21) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат
1. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы фармацевтикалық инспекторат фармацевтикалық инспекцияны жүзеге асырады.
2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектінің өзіне тиесілі объектіге фармацевтикалық инспекция жүргізу туралы уәкілетті органға келіп түскен өтініші фармацевтикалық инспекцияны бастау үшін негіз болып табылады.
3. Объектінің тиісті фармацевтикалық практика талаптарына сәйкестігі туралы сертификаттың қолданылу кезеңінде фармацевтикалық инспекциялар үш жылда бір реттен сиретпей жүзеге асырылады.
4. Фармацевтикалық инспекцияға тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәріханалар, тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәріханалық қоймалар, тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарына сәйкестігі бойынша дәрілік заттарды өндіру жөніндегі ұйымдар, тиісті зертханалық практика (GLP) талаптарына сәйкестігі бойынша клиникаға дейінгі (клиникалық емес) сынақтарды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары, тиісті клиникалық практика (GCP) талаптарына сәйкестігі бойынша клиникалық зерттеулерді жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жатады.
5. Тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігі бойынша фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
22) 23-баптың 1-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ерікті медициналық сақтандыру қаражаты;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдықтар ретінде түскен қаражат;»;
23) 24-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «ұйымдарын», «ұйымдары» деген сөздер тиісінше «субъектілерін», «субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 25-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «басқа да медициналық» деген сөздер «басқа да» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;»;
2-тармақтағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының» деген сөздер «Денсаулық сақтау субъектілерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 28-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Медицина қызметкерлеріне осы Кодекстің 37-бабының 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға рұқсат беріледі.»;
26) 29-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара iс-қимыл;»;
27) 32-баптың 2-тармағында:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;»;
15) тармақшадағы «холдингтер жұмыс істейді.» деген сөздер «холдингтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:
«16) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіби даярлығын бағалауды және біліктілігінің сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдар;
17) туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жұмыс істейді.»;
28) 33-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «лицензияға сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.»;
29) 34-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасымен, ал шұғыл көрсетілімдер бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетілетін стационарлық медициналық көмек;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде шарттар жасасуға артықшылықты құқыққа аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ объектінің:
1) дәрілік заттарды сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу кезінде тиісті өндірістік практика (GMP);
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарттарды жасасу кезінде тиісті дистрибьюторлық практика (GDP);
3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы субъектілер ие болады.»;
30) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек білікті медициналық көмек болып табылады.»;
31) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.»;
32) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады.»;
33) 45-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шараларды;»;
2-тармақ «акушерлер» деген сөзден кейін «, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қызметкерлер» деген сөздермен толықтырылсын;
34) 48-баптың 1-тармағындағы «бір күннің ішінде ұзақтығы төрт сағаттан сегіз сағатқа дейін» деген сөздер алып тасталсын;
35) 49 және 50-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Жедел медициналық көмек
1. Денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны жедел медициналық көмек болып табылады.
2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел медициналық көмек қызметі құрылады.
50-бап. Санитариялық авиация
Пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты, сондай-ақ кейіннен транспаланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.»;
36) 57-баптың 2-тармағы 7) тармақшадағы «сараптама жүзеге асырылады.» деген сөздер «сараптама;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына сараптама жүзеге асырылады.»;
37) 58-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай бекітеді.
Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды, медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қарауды жүргізеді.
Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының төмендеуінің анықталған себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомствосы өзінің ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі сараптама қызметін құрады.
Осы қызметтің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының басшысы бекітеді.»;
38) 62-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына арналған зерттеулер, шуылға, дірілге, электр-магниттік өрістер мен физикалық факторларға өлшеу жүргізуге, радиометрия мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып табылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін (санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
39) 63-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама кезінде дәрілік субстанциялардың, дәрілік шикізаттың, дәрілік заттар балк-өнімдерінің, бірегей дәрілік заттардың, дәрілік препараттардың (қайта өндірілген (генериктер), биологиялық жолмен алынған, биотехнологиялық, иммундық-биологиялық, гомеопатиялық, биосимилярлар, авторы белгіленген генериктер), медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар балк-өнімдерінің қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына талаптар қойылады.