«64-1) мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау - маманның біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін білімі мен дағдыларын бағалау рәсімі;»;
65) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«65) маман сертификаты - жеке тұлғаға клиникалық мамандыққа сәйкес келу және оны клиникалық практикаға (пациенттермен жұмысқа) жіберу құқығын беретін, белгіленген үлгідегі құжат;»;
мынадай мазмұндағы 68-1) тармақшамен толықтырылсын:
«68-1) медициналық білім беру - медицина қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі, сондай-ақ оқуды аяқтағаны туралы ресми құжатпен расталған медициналық мамандықтар бойынша даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқу барысында алынған, медицина қызметкері үшін қажетті білім мен дағдылардың жиынтығы;»;
69) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 78-1) және 80-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«78-1) медициналық техниканы берудің ұзақ мерзімді шарты - халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өндірілген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі айналыс үшін тауардың шығарылғаны туралы сертификаты бар медициналық техниканы беруге Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғамен бірыңғай дистрибьютор жасасатын азаматтық-құқықтық шарт;»;
«80-1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - өнімнің (тауарлардың) санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігі бөлігінде оның қауіпсіздігін растайтын құжат;»;
84-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84-1) ошақтық дезинфекция - инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсаттарында олардың ошақтарында жүргізілетін дезинфекция;»;
мынадай мазмұндағы 84-2), 84-3), 90-1) және 90-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«84-2) өндірістік бақылау - өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам мен мекендеу ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені;
84-3) өнiм қауiпсiздiгiнiң мониторингi - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдi анықтауға, әкелiнуiнiң, өндiрiлуiнiң, қолданылуының және өткiзiлуiнiң алдын алуға және жолын кесуге бағытталған iс-шаралар жүйесi;»;
«90-1) психологиялық көмек - мыналарға:
адамның психологиялық проблемалардың алдын алуына, оларды шешуіне, өмірдегі қиын және дағдарысты жағдайлар мен олардың салдарын еңсеруіне психикалық және соматикалық денсаулықты қолдауға, психикалық дамуын оңтайландыруға, өмір сүруге бейімдеуге және оның сапасын арттыруға, оның ішінде адамның жеке мүмкіндіктерін жандандыру арқылы арттыруға ықпал ететін жәрдемдесуге;
адамдарды психологиялық проблемалардың себептері, олардың алдын алу және оларды шешу тәсілдері туралы хабардар етуге;
жеке басты дамытуға, оның өзін-өзі жетілдіруіне және өзін-өзі танытуына бағытталған іс-шаралар кешені;
90-2) психологиялық проблема - адамның өзіне, өзінің қызметіне, адамдармен арадағы қарым-қатынастарға, отбасындағы жағдайға және (немесе) жеке өміріндегі басқа да проблемаларға қанағаттанбаушылығынан туындаған ішкі күйзеліс жағдайы;»;
91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«91) реципиент - донорлық қан немесе одан бөлінген компоненттер және (немесе) препараттар құйылатын, еркектің немесе әйелдің донорлық материалы (шәует, аналық жасушалар, эмбриондар) енгізілетін не донордан алынған тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаны (ағзаның бөлігін) транспланттау жүргізілетін пациент;»;
мынадай мазмұндағы 93-1) тармақшамен толықтырылсын:
«93-1) санитариялық-профилактикалық іс-шаралар - халық арасында инфекциялық, паразиттік, кәсіптік және басқа да аурулардың профилактикасы, сондай-ақ Қазақтан Республикасының аумағына халық арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуінің (енгізілуінің) алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар;»;
95) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«95) санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар - халық арасында пайда болған инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың ошақтарын оқшаулау және жою мақсаттарында қолданылатын шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 99-1) және 99-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«99-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет - дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді және есепке алуды қоса алғанда, олармен халықты қамтамасыз етуге байланысты қызметі;
99-2) телемедицина - пациент немесе пациентті тікелей зерттеп-қарауды немесе емдеуді жүргізетін дәрігер ұлттық стандарттарға қайшы келмейтін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан басқа дәрігердің консультациясын алатын, қашықтықтан медициналық консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, қаржылық және технологиялық іс-шаралар кешені;»;
101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«101) темекі бұйымдары - шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдалануға дайындалған шикізат материалы ретінде толық немесе ішінара темекі жапырағынан жасалған өнімдер;»;
мынадай мазмұндағы 101-1) және 104-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«101-1) темекі бұйымдарын тұтыну - адам организмінің никотинге тәуелділігін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі бұйымдарын тұтынбайтын адамдардың денсаулығына кері әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі;»;
«104-1) темекіге демеушілік ету - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген төлемдерді және жарналарды қоспағанда, темекі бұйымдарын сатуды немесе темекі тұтынуды тікелей немесе жанама ынталандырудың нәтижесін немесе ықтимал нәтижесін мақсат тұтып кез келген оқиғаға, іс-шараға немесе жеке адамға салынатын салымның кез келген түрі;»;
105) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 105-1) тармақшамен толықтырылсын:
«105-1) тиісті фармацевтикалық практикаларға сәйкестікке фармацевтикалық инспекция (бұдан әрі - фармацевтикалық инспекция) - дәрілік заттар айналысы саласындағы объектінің және денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында оларды бағалау;»;
107-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«107-1) тін - құрылымы, функциялары және шығу тегі бірдей жасушалардың және жасушааралық заттың жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 107-2), 107-3), 107-4) және 109-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«107-2) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) донорларының тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) өтеусіз донорлыққа келіскен адамдардың дерекқоры;
107-3) тін (тіннің бөлігі) және (немесе) ағзалар (ағзалардың бөлігі) реципиенттерінің тіркелімі - HLA жүйесі бойынша типтелген тінді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттауға мұқтаж адамдардың дерекқоры;
107-4) уақытша бейімдеу - адамды масаң күйінен шығару және оны қоршаған орта жағдайларына бейімдеу жөніндегі процесс;»;
«109-1) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары - қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау);»;
110) тармақшадағы «клиникалық сынақ объектісі» деген сөздер «клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулер объектісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 111-1), 112-1) және 112-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«111-1) фармацевтикалық білім - фармацевтика қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесі;»;
«112-1) фармацевтикалық өнімге арналған сертификат (СРР) - отандық дәрілік заттарды шетелде тіркеу және олардың экспорты үшін уәкілетті орган беретін құжат;
112-2) халықтың декреттелген тобы - халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін және айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік аурулар жұқтырудың анағұрлым ықтимал қаупін төндіретін адамдар;»;
113) тармақшадағы «уәкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
115) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«115) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет - мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды, санитариялық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық бақылауды, санитариялық-эпидемиологиялық нормалауды, тамақ өнімін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигиеналық оқытуды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалауды қамтитын қызметі;»;
4) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттелген құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші:
1) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын өтеу;
2) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу;
3) тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшін медициналық техниканы сатып алу;
5) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде қолданылмайды.»;
5) 4-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттар мен технологиялардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін және технологияларды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені енгізу;»;
17) тармақшадағы «жатқызу принциптері негізінде жүргізіледі.» деген сөздер «жатқызу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.»;
6) 5-баптың 2-тармағында:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық көрсетілетін қызметтердің бағаларына мемлекеттік реттеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.»;
7) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
«12-2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларын бекітеді;»;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) бірыңғай дистрибьюторды айқындайды;»;
8) 7-баптың 1-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) денсаулық сақтау саласындағы стандарттар мен регламенттерді әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) пациенттер құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсаттарында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылау құралдарын, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
8) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;»;
«11) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) денсаулық сақтау саласындағы құрметті атақтар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
15), 20) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;»;
«20) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық көрсетілетін қызметтердiң бағаларын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру;»;
«22) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушілерді таңдау және олардың шығындарын өтеу;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалу барысы мен сапасын бақылауды жүзеге асыру;»;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) осы Кодекстің 15-бабының 3-тармағында көрсетілген, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу;»;
мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттауды өткізу тәртібін айқындау;
25-2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу;»;
«27-1) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалауды және біліктілік сәйкестігін растауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу;»;
28) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
29-5) тармақша «диагностикалық» деген сөзден кейін «ғылыми» деген сөзбен толықтырылсын;
29-7) тармақша алып тасталсын;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді (әкетуді) келісу;»;
33), 34) және 36) тармақшалар алып тасталсын;
42) тармақшадағы «гигиеналық оқытуды ұйымдастыру,» деген сөздер алып тасталып, «қалыптастыру» деген сөз «қалыптастыруды ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;
47) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
«49) медициналық қызметтер көрсету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;»;
51) және 55) тармақшалар алып тасталсын;
56) тармақшадағы «егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру» деген сөздер «егуді ұйымдастыру және жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
57) 57-1), 58) және 60) тармақшалар алып тасталсын;
68) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«68) бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың тізімін айқындау;»;
«70) Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 70-1) және 71-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«70-1) уәкілетті органның формулярлық комиссиясының құрамын және ол туралы ережені бекіту;»;
«71-1) биологиялық активті заттардың, фармакологиялық және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың клиникаға дейінгі (клиникалық емес), клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін ұйымдар тізбесін бекіту;»;
77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«77) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау;»;
103) тармақшадағы «бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 104), 105), 106), 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 114), 115), 116), 117), 118), 119), 120), 121), 122) және 123) тармақшалармен толықтырылсын:
«104) пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
105) медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
106) фармацевтикалық өнімге сертификат (СРР) беру;
107) келісімшарттық фракциялау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындау;
108) орфандық препараттар тізбесін бекіту;
109) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту;
110) орфандық (сирек кездесетін) аурулардың тізбесін бекіту;
111) ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту;
112) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға бағаларды қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
113) Қазақстан Республикасында медициналық техникаға сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
114) Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингте және оның еншiлес ұйымдарында, сондай-ақ «Назарбаев Университетінде» немесе оның медициналық ұйымдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының медициналық ұйымдарында кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған адамдарды қоспағанда, шетелдік мамандарды клиникалық практикаға жіберу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
115) тиісті фармацевтикалық практикаларды әзірлеу және бекіту;
116) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
117) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын әзірлеу және бекіту;
118) қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау мақсатында оларды тірі кезінде ерікті түрде беру тәртібін айқындау;
119) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдарға осы қарап-тексеруден өтуі үшін жұмыс берушілердің жағдай жасау тәртібін айқындау;
120) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды, алгоритмдер мен әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;
121) денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін әзірлеу және бекіту;
122) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік тіркеу және олардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау кезінде сараптаманы жүзеге асыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібін айқындау;
123) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.»;
9) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құзыреті
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;
3) регламенттерді әзірлеу және бекіту;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіру;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ғылымның дамуын қамтамасыз ету және ғылыми қызметті үйлестіру;
9) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;
10) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу тәртібін айқындау;
11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ғылыми ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
12) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
13) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметі мен тұрмысының ерекше шарттары бар халыққа шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу;
14) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу тәртібін айқындау;
15) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
16) жеке және заңды тұлғалардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
17) халықты гигиеналық оқытуды ұйымдастыру;
18) тағамнан улану, инфекциялық және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
19) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру;
20) инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
22) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
23) халықты профилактикалық егудің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
24) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
25) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп айқындау;
26) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;
27) эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту;
28) тәуекелге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы, тәуекелге бағалау жүргізу тәртібін айқындау;
29) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау;
30) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;