мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Биологиялық активті заттар, фармакологиялық заттар және клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалдары, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілері Қазақстан Республикасының аумағынан уәкілетті органның рұқсатынсыз әкетілуі мүмкін.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан биологиялық активті заттарды, фармакологиялық заттарды, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулердің биологиялық материалын, дәрілік субстанциялар мен олардың қоспаларының стандартты үлгілерін әкетуді:
1) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге лицензиясы бар өндіруші ұйымдар;
2) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші шетелдік ұйымдар, олардың уәкілетті өкілдіктері (филиалдары) немесе олардың сенім білдірілген жеке және заңды тұлғалары;
3) денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар жүзеге асырады.»;
53) 84-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға тыйым салу, оны тоқтата тұру немесе айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу»;
1-тармақта:
бірінші абзац өзгеріссіз қалдырылсын;
1), 2) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника Қазақстан Республикасы заңнамасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген;
2) дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілмеген дәрілік заттардың адамның денсаулығына қауіпті жанама әсерлері анықталған немесе нұсқаулықта көрсетілген елеулі жанама әсерлер немесе төмен терапиялық тиімділік (терапиялық әсердің болмауы) жағдайларының анықталу жиілігінің артуы немесе пайда мен қауіптің келеңсіз арақатынасы бар елеулі жанама әсерлердің анықталуына байланысты оны тоқтата тұру және (немесе) басқа елдердің нарығынан кері қайтарып алу туралы ақпарат болған кезде;»;
«6) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолданудың қауіпсіздік деңгейін төмендетуді қамтамасыз ететін, өндіріс технологиясы мен сапаны бақылаудың ғылыми-техникалық деңгейінің жеткіліксіздігі туралы деректер алынған;»;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тіркеу куәлігі иесінің тіркеу куәлігін тоқтата тұру, кері қайтарып алу немесе дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы айналыстан алып қою не олардың қолданылуын шектеу туралы негіздемесі алынған жағдайларда, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қолдануға, өткізуге немесе өндіруге тыйым салуы немесе оны тоқтата тұруы, сондай-ақ айналыстан алып қою немесе қолданылуын шектеу туралы шешім қабылдауы мүмкін.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға тыйым салу, оларды тоқтата тұру, айналыстан алып қою немесе шектеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
54) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын:
«84-1-бап. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника
1. Қазақстан Республикасының аумағында жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге, әкелуге, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салынады.
2. Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жойылуға жатады.
3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы адамдар мен субъектілер жалған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіргені, сақтағаны, таратқаны, өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жалғандығына (сипаттамалары және (немесе) шығу көзі туралы анық емес мәліметтер ұсыну) сонымен қатар жалған өнімді өндіру үшін дайындалған және соған арналған аксессуарлар, бөліктер және материалдар, сондай-ақ өнімге немесе оның өндірісіне және (немесе) таралуына қатысты құжаттар жатады.
5. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жалғандығын болдырмауды және оған қарсы күресті уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен, өндіруші ұйымдармен, денсаулық сақтау субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен бірге жүзеге асырады.
6. Уәкілетті орган жалған дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.»;
55) 85-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«85-бап. Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалау және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингі
1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды жүргізеді.
2. Дәрілік заттарды фармакологиялық қадағалауды және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Денсаулық сақтау субъектілері уәкілетті органды дәрілік заттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу ерекшеліктерінің байқалу фактілері және жанама әсерлері, оның ішінде дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымды қолдану жөніндегі нұсқаулықта және медициналық техниканы пайдалану жөніндегі нұсқамада көрсетілмеген жанама әсерлері туралы хабардар етуге міндетті.»;
56) 86-баптың тақырыбындағы «Жаңа дәрілік» деген сөздер «Дәрілік» деген сөзбен ауыстырылып, мәтініндегі «жаңа» деген сөз алып тасталсын;
57) 88-бапта:
1-тармақ 11) тармақшадағы «өтініш беруге құқығы бар.» деген сөздер «өтінішхат беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) өлгеннен кейін өздерінен тіндерін (тінінің бөлігін) және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлігін) транспланттау мақсатында алу мүмкіндігі туралы ерікті түрде еркін білдіруіне құқығы бар.»;
4-тармақ «шектеулі» деген сөзден кейін «азаматтарға» деген сөзбен толықтырылып, «азаматтарға» деген сөз «адамдарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және көлемде, барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетіледі.»;
58) 90-баптың 4-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шаралар жүргiзуге;»;
2) тармақшадағы «санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды» деген сөздер «санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) медициналық қарап-тексеруден, гигиеналық оқудан өткендігін куәландыратын құжаты жоқ адамдарды жұмысқа жібермеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары анықтаған инфекциялық, паразиттік аурулармен ауыратын науқастарды және инфекциялық, паразиттік аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды жұмыстан шеттетуге;»;
15) тармақшадағы «жүргізуге міндетті.» деген сөздер «жүргізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) өздері өткізетін дәрілік заттар туралы толық және анық ақпарат ұсынуға міндетті.»;
59) 91-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дәрігерді немесе медициналық ұйымды, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын шетелдік дәрігерді таңдауға, ауыстыруға;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) медициналық ұйымда аудио- және (немесе) бейнебақылау және жазба жүргізілетіндігі туралы хабарландырылуына;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Медициналық көмек хабардар етілген пациенттің ерікті түрдегі ауызша немесе жазбаша келісімі алынғаннан кейін көрсетілуге тиіс. Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.»;
60) 92-баптың 1-тармағы 7) тармақшадағы «орындауға міндетті.» деген сөздер «орындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) медициналық ұйыммен жасалған шартқа сәйкес амбулаториялық деңгейде медициналық және дәрілік көмек алу кезінде тағайындалған барлық нұсқамаларды орындауға міндетті.»;
61) 95-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасы «, оның ішінде қан мен оның компоненттерінің донорлығы кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қан мен оның компоненттерінің донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшiн жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi олардың рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол берiлмейдi.
Қан мен оның компоненттерінің донорлығына байланысты жағдайлардан басқа, жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi пайдалану кезiнде жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың рұқсатынсыз басқа дерекқорлармен байланыстыратын желiлерге қосуға жол берiлмейдi.»;
62) 96-баптың 1-тармағының 5) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзаларының тінінің донорлығына;»;
«11) жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тінін, эмбриондарды сақтауға құқығы бар.»;
63) 98-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
64) 99-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Некеде тұратын және некеде тұрмайтын әйел мен ер адамның медициналық араласуға екіжақты хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар. Жалғыз басты әйелдің де медициналық араласуға хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын қолдануға құқығы бар.»;
65) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Суррогат ана болу сыйақы төлене отырып, суррогат ана мен ерлі-зайыптылар арасындағы шарт бойынша балаға (балаларға) жүкті болуды және, мерзiмiнен бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала (балалар) тууды бiлдiредi.»;
66) 101-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«101-бап. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығы
1. Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық зерттеп-қараудан өткен азаматтардың жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлары болуға құқығы бар.
2. Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық жасушаларының, ұрпақты болу ағзалары тінінің кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
3. Жыныстық жасушалардың, ұрпақты болу ағзалары тінінің донорлығын жүргізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган айқындайды.»;
67) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге жiберудiң негiзi мен тәртiбi
1. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу пациенттерді туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда оқшаулау арқылы туберкулезге қарсы және симптоматикалық емдеуді қамтиды.
2. Туберкулезбен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың медициналық құжаттамада тіркелген, дәрігер тағайындаған емделуден бас тартуы, сондай-ақ туберкулезге қарсы ұйымдардан және алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарынан өз бетінше кетуі және ондағы емдеу режимін бұзуы негіз болып табылады.
3. Туберкулезбен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді сот денсаулық сақтау ұйымдарының ұсынуы бойынша қабылдайды.
4. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды сот медициналық құжаттама келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде және денсаулық сақтау ұйымы өкілінің қатысуымен қарайды.
5. Туберкулезбен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.»;
68) 108-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Туберкулездің жұқпалы түрімен», «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «Туберкулезбен», «туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) 109-бапта:
тақырыптағы және мәтіндегі «туберкулездің жұқпалы түрімен», «Туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «туберкулезбен», «Туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулезбен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеу және оларды шығару уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
70) 110 және 111-баптардың тақырыптарындағы және мәтіндеріндегі «Туберкулездің жұқпалы түрімен», «туберкулездің жұқпалы түрімен» деген сөздер тиісінше «Туберкулезбен», «туберкулезбен» деген сөздермен ауыстырылсын;
71) 112-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тегін негізде құпия медициналық зерттеп-қараудың қолжетімділігі мен сапасына, динамикалық байқауды қамтамасыз етуге, психологиялық-әлеуметтік, заңдық және медициналық консультациялар беруге;»;
72) 113-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«АИТВ жұқтырған, тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты медициналық манипуляция жасайтын медицина қызметкерлері тері қабаттарының немесе сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты емес басқа жұмысқа ауыстырылуға жатады.»;
73) 114-баптың 5) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар жүргізу үшін сенім пункттерін, достық бөлмелерін құру;
6) халыққа тері қабаттары мен сілемейдің бүтіндігінің бұзылуымен байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.»;
74) 115-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тегін негізде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралуға және консультация алуға құқығы бар.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) прокуратура, тергеу органдарының және соттың сұрау салуы негізінде адамдар;»;
75) мынадай мазмұндағы 135-1-баппен толықтырылсын:
«135-1-бап. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету
Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекіткен тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.»;
76) 140-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы «жақын» деген сөздің алдынан «уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын;
77) 144-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік органдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту кезінде оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісуге міндетті.»;
78) 146-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«146-бап. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу
1. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім тізбеге сәйкес және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органда мемлекеттік тіркелуге жатады.
2. Өнімді мемлекеттік тіркеу:
1) халық пен мекендеу ортасына ықпалын сараптамалық бағалау;
2) заттар, өнімнің жекелеген компоненттері құрамының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі нысанасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
3) арнаулы шараларды, оның ішінде заттарды және өнімдердің жекелеген түрлерін кәдеге жарату мен жою шарттарын, олардың халық пен мекендеу ортасына зиянды әсерін болдырмау жөніндегі арнаулы шараларды әзірлеу негізінде жүргізіледі.
3. Мемлекеттік тіркелуге жататын өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және ғылыми негіздеме жүргізумен байланысты шығыстарды өтініш берушілер көтереді.
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылуға жатады.
5. Адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімді мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.»;
79) 147-баптың 2-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
80) 148-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«148-бап. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуының және таралуының, халықтың улануының алдын алу мақсаттарында санитариялық-эпидемиологиялық нормалаудың мемлекеттік жүйесінің құжаттарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитариялық қорғауды жүзеге асыру, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу жөніндегі, өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты, халықтың декреттелген тобындағы адамдарды және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, жерасты жұмыстарында істейтін адамдарды медициналық қарап-тексеруді, профилактикалық егуді, гигиеналық оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
2. Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық iс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжаттарына енгiзiлуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Гигиеналық оқыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен және гигиеналық оқыту бағдарламалары бойынша халықтың декреттелген тобының инфекциялық және паразиттік ауруларының профилактикасы мақсатында жүргізіледі.»;
81) мынадай мазмұндағы 148-1-баппен толықтырылсын:
«148-1-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылау
1. Радиациялық бақылауды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары жүзеге асырады, ол халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды қамтиды.
2. Радиациялық бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тексеру нысанында жүзеге асырылады.»;
82) 149-баптың 2-тармағында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
83) 150-бапта:
1-тармақтағы «осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттік органдардың бөлімшелері басшыларының» деген сөздер «өзге де мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 151-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті орган белгілейді» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «уәкілетті орган белгілеген» деген сөздер «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
85) 152-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Адамның инфекциялық және паразиттік аурулары ошақтарындағы және инфекциялық және паразиттік аурулардың табиғи ошақтарындағы ошақтық дезинфекцияны, дезинсекцияны, дератизацияны санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және медициналық ұйымдар инфекциялық және паразиттік аурулардың профилактикасы және (немесе) оларды жою мақсаттарында жүргізеді.»;
86) 155-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Міндетті медициналық қарап-тексерулер алдын ала, мерзiмдiк және ауысымалды болып бөлiнедi.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ауысымалды міндетті медициналық қарап-тексерулер жеке тұлғада аурудың барын немесе жоғын анықтау немесе растау, денсаулық жағдайын, сондай-ақ еңбекке уақытша қабілетсіздігін, шығатын ауысымындағы жұмысқа кәсіптік жарамдылығын айқындау мақсаттарында жүргізіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Жұмыс берушілер міндетті медициналық қарап-тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеуге тиіс.»;
87) 156-бапта:
1-тармақтағы «міндетті» деген сөз «құқылы» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Профилактикалық екпені енгізу алдында медицина қызметкері егілетін адамды қарап-тексеруді жүргізеді. Медицина қызметкері оған не оның заңды өкіліне профилактикалық екпе, ықтимал жанама әсерлері, олардан бас тарту салдарлары, вакцинадан кейінгі ықтимал асқынулар туралы толық және объективті ақпарат береді.
Жазбаша нысанда берілген келісімнің не бас тартудың болуы профилактикалық екпе жүргізудің шарты болып табылады.».
4-тармақ алып тасталсын;
88) 159-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«159-бап. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың профилактикасы және оны шектеу халықтың денсаулығын қорғауға, темекі, алкоголь өнімдерін сатып алуға құқығы бар адамдар үшін жас мөлшерін шектеуді енгізуге, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынуға халықтың өмірі мен денсаулығы үшін аса қауіпті фактор ретіндегі көзқарасын қалыптастыруға, темекі бұйымдары мен алкогольді тұтынудың таралуының профилактикасы жөніндегі келісілген іс-шаралар жүргізуге бағытталған.»;
2-тармақтың 9) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«9) темекі бұйымының қорабына темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту енгізілмесе;»;
«11) темекі бұйымының қорабында, темекі бұйымының қаптамасында «құрамында шайыр аз», «жеңіл», «өте жеңіл» немесе «жұмсақ» деген сөздер не басқаларымен салыстырғанда темекі бұйымы зиянының аз екені туралы жалған әсер қалдыратын және жемістердің, жидектердің, кондитерлік өнімдердің дәмі бар деген ұғымды білдіретін өзге де, оның ішінде шет тілдердегі сөз тіркестері болса;»;
3-тармақтағы «шегудің» деген сөз «бұйымдарын тұтынудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Темекі бұйымдарын тұтынуға:»;
6 және 7-тармақтардағы «шегу» деген сөз «бұйымдарын тұтыну» деген сөздермен ауыстырылсын;
10 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Құрамындағы никотин және шайырлы заттар халықтың санитариялық-эпедемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын, жол берілетін шекті деңгейден асатын темекі бұйымдарын, сондай-ақ оларға қатысты санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленбеген темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады.»;
«12. Темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынған орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салынғаны туралы белгілер орналастырылуға тиіс.»;
13-тармақтағы «шегудің» деген сөз «бұйымдарын тұтынудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
2-тармақтың 88) тармақшасының он сегізінші абзацы жарияланған күнінен кейін жиырма төрт ай өткен соң қолданысқа еңгізілді
«15. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік етуге және алкогольдік ішімдіктерді имитациялайтын өнімді жарнамалауға тыйым салынады.
Темекіні әкелуді, өндіруді, сатуды және таратуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайырымдылық көмек көрсетуіне жол беріледі.»;
89) 161-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ас тұзын, жемдік тұзды және міндетті түрде байытылуға жататын басқа да тамақ өнімдерін йодтау Қазақстан Республикасының йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.»;