2. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
2015.22.04. № 308-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын заңды тұлғаларды құра алмайды, сондай-ақ басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
136-бап. Мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын
1. Мүлiктiк меншiк ретiнде мемлекеттік кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктің барлық түрлері, оның ішінде ғимараттар, құрылыстар, жабдық, құрал-сайман, шикiзат, өнiм, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлеулерге (фирмалық атауы, тауар таңбалары) құқықтар және басқа да ерекше құқықтар кіреді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, осы кәсіпорын бiрыңғай мүлiктiк кешен ретiнде әрекет ететін тұста мәмiлелер (кепiл, жалға алу және басқалары) жасау - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық мемлекеттік кәсiпорынға қатысты жергiлiктi атқарушы органның шешімімен немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен жүргізіледі.
137-бап. Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою
Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.
138-бап. Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жыл сайын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды.
Қазыналық кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекке ақы төлеу жүйесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн - тиісті саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесiн жергілікті атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгiлейдi.
139-бап. Мемлекеттік кәсіпорынды басқару
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті органымен;
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жергілікті атқарушы органмен немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді.
2. Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы Заңда көзделген жағдайларда, басшыны тағайындау, басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттік білім беру және мәдениет кәсіпорындарының бірінші басшыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын іске асыру нәтижелілігіне және тиімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
6. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банк шоттарын ашады және өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шартын бұзады, егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше көзделмесе, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты басшының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынуы бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттік кәсіпорын басшысы орынбасарларының және басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін басшы белгілейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен мемлекеттiк кәсiпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
140-бап. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін қаржыландыру
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметі даму жоспарына сәйкес өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорынның қызметі өзінің меншікті кірісі есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептер тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олардың өздері айқындайды.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударымдарды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының белгіленген нормативтер бойынша бір бөлігі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.30.11. № 112-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің белгіленген бөлігін бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік кәсіпорындар таза табыстың бір бөлігін тиісті бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде таза кірістің бір бөлігінің мерзімінде төленбеген сомасына мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2,5 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
3-параграф. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын
141-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi
1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, кез келген мүлiк шаруашылық жүргiзу құқығының объектiсi болуы мүмкін.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның қарамағында не оның жарғылық мақсаттарында көзделген қызметтi қамтамасыз ету үшiн өзіне қажеттi, не осы қызметтiң өнiмi болып табылатын мүлiк қана бола алады.
2018.04.07. № 171-VІ ҚР Заңымен 142-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.28.12. № 208-VІ ҚР Заңымен 142-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
142-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың органдары
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның органдары оның басшысы, сондай-ақ осы Заңның 148-бабында көзделген жағдайларда байқау кеңесі немесе құрылуы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге алқалы басқару органдары болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша:
1) атауы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын алқалы орган немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылатын орган;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.
143-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталы
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бірақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттік тiркеу кезіне жарғылық капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.
2. Егер Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi туралы заңдарында жарғылық капиталды қалыптастырудың өзге де тәртіптері мен мөлшерi белгiленген болса, онда шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындар оларды Қазақстан Республикасының осы заңдарында көзделген, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетiлгеннен кем болмайтындай мөлшерде қалыптастырады.
144-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың ерекшеліктері
1. Осы Заңның 128-бабының 4-тармағында көзделген шаруашылық жүргiзу құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен бөлек, шаруашылық жүргiзу құқығы меншік иесінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін заңды түрде алып қойған жағдайларда тоқтатылады.
Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда:
1) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық қызметiнiң мақсатына сай келмейтін мүлiктi алып қою (осы Заңның 141-бабының 2-тармағы);
2) артық, пайдаланылмаған не өз мақсатында пайдаланылмаған мүлiктi алып қою жатады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлеттi орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлiкті өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп-ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімдерiн белгiлейді.
145-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өзiне шаруашылық жүргiзу құқығында бекітілiп берiлген, негiзгi құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлiкке дербес билiк етеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен:
1) филиалдар, өкілдіктер құруға;
2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесілі акцияларына билік етуге;
3) үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік немесе кепілдік беруге құқылы.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті сала уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келісуімен ғана дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше белгіленбесе немесе меншік иесі (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкiлетті орган, жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) өзгеше белгілемесе, осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мүлiкпен жасалған мәмiлелерден алынған ақшаны шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын дербес пайдаланады.
146-бап. Шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын өндiретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның оларды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемдері шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен келісу бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiлейдi.
2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегін көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Табиғи монополия немесе мемлекеттік монополия субъектісіне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптары ескеріле отырып белгіленеді.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 147-бап өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
147-бап. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жауаптылығы
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.