Əскери, арнаулы оқу орындарында əскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тəртібін құрылымында әскери, арнаулы оқу орны бар уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Әскери, арнаулы оқу орнын бітірген және бітіргеннен кейін он жыл қызмет өткермеген (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшісі не Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, мемлекеттік органдар құрылымына әскери, арнаулы оқу орны кіретін мемлекеттік органды бұл туралы бір ай ішінде хабардар етуге міндетті.
11. Осы Заңның 47-бабында көзделген құқықты пайдаланған, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде өзін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған ақшаны өтеуге міндетті.
12. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оны әскерге шақыру мерзімі ауыстырылған жағдайда әскери қызмет мерзімі өткенге дейін қызметтен шығарылуға жатады.
13. Әскери қызметтен шығарылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметтен шығару туралы шешімге шағым жасауға құқылы.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 26-1-баппен толықтырылды
26-1-бап. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві
1. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резерві Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының лауазымдарына орналасу үшін әскери қызметшілерді сапалы іріктеу мақсатында қалыптастырылады.
2. Қарулы Күштердің Жоғарғы Қолбасшылығының президенттік резервін қалыптастыру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
5-тарау. ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
27-бап. Азаматтарды әскери қызметке шақыру
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыру - бұл әскери міндеттілік негізінде Қарулы Күштерді, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жеке құраммен жасақтауға бағытталған мемлекеттік органдар жүргізетін iс-шаралар кешенi.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыру:
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды;
2) запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыруды;
3) әскери жиындарға шақыруды;
4) жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыруды қамтиды.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жергіліктi атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар әскери басқару органдарын жабдықталған әскерге шақыру (жиын) пункттерімен, оларды күтіп-ұстауды, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, өртке қарсы, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз етеді.
Азаматтарды әскери қызметке шақыру үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен әскерге шақыру комиссиялары құрылады.
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметi айқындайды.
4. Ұйымдардың басшылары әскерге шақырылуға жататын азаматтарды iссапарлардан шақыртып алуға, оларды хабардар етуді және азаматтарды, олар әскери қызметке шақырылған кезде медициналық куәландырудан өткізу үшін әскерге шақыру пунктіне уақтылы келуiн ұйымдастыруға міндетті.
5. Уақытша шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұрғылықты жеріне қайтып келгеннен кейін әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату құқығы болмаса, осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Азамат облыстың (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) жергiлiктi әскери басқару органы бастығының оны әскери қызметке шақыру туралы бұйрығы шыққан сәттен бастап әскери қызметке шақырылды деп есептеледi.
7. 2020.04.05. № 321-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28-бап. Әскерге шақыру комиссиялары
2013.16.01. № 71-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың əскерге шақыру комиссиялары жергіліктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша əскерге шақыруды жүргізу кезеңiнде мынадай құрамда құрылады:
1) комиссия төрағасы - ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органы басшысының (əкімінің) орынбасары;
2) комиссия мүшелері:
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті əскери басқару органының бастығы;
ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөлімшесінің өкілі;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасының тиісті жергілікті органы бастығының (бас дəрігердің) орынбасары - медициналық комиссия төрағасы;
хатшы.
Əскерге шақыру комиссияларының құрамына мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзге де өкiлдерi кiруi мүмкiн. Əскерге шақыру комиссиясының сандық құрамы тақ болуға тиiс.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əскерге шақыру комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы басшысының орынбасары кіреді.
Азаматтарды əскери қызметке шақыруды жүргізу графигін жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi.
Əскерге шақыру комиссиясының мүшелері азаматтарды мерзімді əскери қызметке заңсыз шақырғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың) әскерге шақыру комиссиясы:
1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының қызметiне басшылық жасау мен бақылауды жүзеге асырады;
2) азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру және одан босату дұрыстығын тексереді;
3) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссияларының шешiмдерiне азаматтар берген шағымдар мен өтiнiштердi қарайды;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әскерге шақыру комиссиялары шешiмдерiнің күшiн жояды.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) әскери қызметке шақыруға жатады;
2) әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;
3) әскери қызметке шақырудан босатылсын;
4) әскери міндеттi атқарудан босатылсын.
Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.
Азамат әскерге шақыру комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
4. Уәкілетті органдардың басшылары денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз адамдарға қатысты әскерге шақыру туралы әскерге шақыру комиссиясы шешімінің күшін жояды және олар әскери ант қабылдағанға дейін оның орнын басқа адаммен ауыстыра отырып, әскерге шақыру комиссиясына қайтарады.
29-бап. Медициналық комиссиялар
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалармен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылады, олар:
1) əскерге шақыру жасына дейінгілерді;
2) əскерге шақырылушыларды;
3) əскери жиындарға шақырылатын əскери міндеттілерді;
4) əскери оқу орындарына, əскери кафедраларға, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына келісімшарт бойынша əскери қызметке кіретін азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді.
2. 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Медициналық куәландыру тәртiбi және медициналық комиссиялардың құрамы Әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргізу қағидасында айқындалады.
30-бап. Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың мiндеттері
Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар жергiлiктi әскери басқару органының шақыру қағазы бойынша әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті. Шақыру қағазын азаматтың жеке өзіне жергілiкті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйымның басшысы қол қойғызып тапсырады.
Шақыру қағазын азаматтың жеке өзiне тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиiстi iшкi iстер органына жүктеледі.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру
Азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде жылына екi рет жүргiзіледi.
Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жатады.
Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-бап. Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру
Әскери қызметке жарамды, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері уәкілеттi органдардың өтiнiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметінің қаулысы негiзінде бейбiт уақытта офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскерге шақырылады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33-бап жаңа редакцияда
33-бап. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде:
әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) (аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;
әскери басқару органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) – Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығы негізінде;
2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.
34-бап. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскерге шақыру
1. Азаматтарды жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлығы негiзiнде және осы Заңда белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
2. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған әскери міндеттiлер мен әскерге шақырылушыларға жұмыс (қызмет) орны бойынша толық есеп айырысу жүргізiледі, нақты жұмыс iстеген уақыты үшін жалақы, жұмыстан шығу жәрдемақысы және пайдаланылмаған демалысы үшін өтемақы төлемдері төленеді. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында шақырылған азаматтардың өздерi тұрған тұрғын алаңы сақталады. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырылған азаматтардың отбасыларын мемлекеттік қамсыздандыру (жәрдемақылар, зейнетақылар) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
3. Жергіліктi атқарушы органдар, ұйымдар жұмылдыруды жүргiзу кезiнде, соғыс жағдайы енгізілген және соғыс уақыты кезінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды уақтылы хабардар етуді және оларды шақыру пункттеріне немесе әскери бөлiмдерге жеткiзуді қамтамасыз етуге міндеттi.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
35-бап. Әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыру
1. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бойынша беріледі.
Кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша:
1) отбасы жағдайлары бойынша;
2) білім алуды жалғастыру үшін;
3) денсаулық жағдайы бойынша;
4) басқа да себептер бойынша беріледі.
2. Отбасы жағдайлары бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында онымен бiрге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде заң бойынша аталған отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
әкесi, анасы, зайыбы, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
ата-анасы болмаған жағдайда, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері;
әскерге шақырылушыдан басқа бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын немесе он сегiз жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) тәрбиелеп отырған анасы (әкесi);
өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адамдар болып табылатын бiр және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды жұбайынсыз (зайыбынсыз) асырап отырған анасы (әкесi);
бiріншi немесе екiншi топтағы мүгедектігі бар адам болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа он сегiз жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;
отбасы мүшелерінің бірінің мүгедектігі бар және әскерге шақырылушы отбасында жалғыз ер бала болып табылады;
2) өзiнiң асырауында:
анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары);
ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сот бас бостандығынан айыруға соттауына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтарға;
2022.15.04. № 114-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтарға мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.
2020.10.06. № 344-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
1) білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға - оқу кезеңіне;
2) тиiстi білім беру ұйымдарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған ретте - бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн;
3) жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға - оқу кезеңіне беріледі.
Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру қашықтан оқытуды қолдана отырып арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға әскерге шақыру комиссиясының шешiмiмен бiр жылға дейінгi мерзiмге беріледi.
5. Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге - жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңіне;
2) тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге - денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына - олардың депутаттық өкілеттігi мерзiміне;
4) өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға - тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) азаматтық әуе кемелерінің ұшу экипажының мүшелеріне, тиісті білімі бар азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) кемелер экипаждарының тиісті білімі бар мүшелеріне су көлігі ұйымдарында жұмыс істеген бүкіл кезеңге;
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға беріледі.
6. Офицерлер құрамының әскери атағын бере отырып, запасқа қойылған азаматтарға отбасы жағдайлары бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуды жалғастыру үшін және басқа да себептер бойынша әскери қызметке шақыру кейiнге қалдырылады.
7. Әскери жиындарға шақыру кейінге қалдырылмайды.
8. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақыру кезiнде азаматтарды әскерге шақыруды кейінге қалдыру тоқтатыла тұрады.
9. Денсаулық жағдайы бойынша әскерге шақыруды кейінге қалдыруды қоспағанда, жеке өтiнішін және мүдделi адамдар мен халықты әлеуметтiк қорғау органдарынан нотариат куәландырған тиiстi құжатты ұсынған кезде азаматтар әскерге шақыруды кейiнге қалдырудан бас тартуға құқылы және әскери қызметке шақырылуы мүмкін.
10. Осы бапта көзделген әскерге шақыруды кейiнге қалдыру үшін негiздерінің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгіленген тәртiппен әскерге шақырылуға жатады.
36-бап. Әскери қызметке және әскери жиындарға шақырудан босату
1. Бейбiт уақытта әскери қызметке шақырудан:
1) денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған;
2) жиырма жеті жасқа толған, заңды негiздер бойынша мерзiмдi әскери қызметке шақырылмаған;
2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе оған бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген;
4) басқа мемлекетте әскери (баламалы) қызмет өткерген;
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткергендер;
5) ғылыми дәрежесi бар азаматтар;
6) тіркелген діни бірлестіктердің дін қызметкерлері босатылады.
2. Әскери жиындарға шақырудан:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында қорғанысты, қауiпсiздiк пен құқықтық тәртiпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс iстейтiн адамдар;
2) мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиациялық персоналы;
3) ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс iстейтiн адамдар, егіс және егiн жинау жұмыстары кезеңiне;
2019.27.12. № 294-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарының педагогтері, оқу жылы кезеңiне;
5) күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
6) әскери мiндеттi әйелдер;
7) әскери мiндеттілер, запасқа шығарылғаннан кейiнгі екi жыл ішінде;
8) он сегiз жасқа дейiнгі үш және одан да көп баласы бар адамдар;
9) оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
2021.24.05. № 42-VII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергіліктi өкілді органдардың депутаттары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері болып сайланған әскери міндеттілер босатылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген әскери міндеттілер арнаулы жиындардан өтуден босатылмайды.
4. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери қызметке шақырудан босатылады.
5. Әскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген азаматтардан басқа, мүдделі адамдардан нотариат куәландырған тиісті құжаттарды және өтінішін ұсынған кезде олардың қалауы бойынша әскери қызметке шақырылуы мүмкiн.
6. Соттылығы бар азаматтар бейбiт уақытта әскери қызметке шақырылуға жатпайды.
7. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген әскерге шақырудан босату үшін негiздерiнің күші жойылған азаматтар осы Заңда белгiленген тәртіппен әскерге шақырылуға жатады.
6-тарау. КЕЛІСІМШАРТ БОЙЫНША ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
37-бап. Әскери қызмет өткеру туралы келiсімшарт
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердiң, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардың уәкілеттi лауазымды адамымен Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшарт жасасады.
2. Келiсiмшарт ерiктi түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екi тарап арасында жазбаша жасалады және өз қолданысын:
1) мерзiмнің өтуi бойынша;
2) әскери қызметшiнiң мерзiмiнен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшарт жасасқан күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
3. Әскери қызмет өткеру туралы келісiмшартта азаматтың әскери қызметке кiруiнiң ерiктілiгi, азаматтың әскери қызметті өткеруге мiндеттенген мерзiмi және келiсiмшарттың басқа да талаптары бекiтіледi.
2017.13.06. № 69-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Әскери қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың талаптары азаматтың келiсiмшартта белгiленген мерзiм ішінде Қарулы Күштерде, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарда әскери қызмет өткеру мiндеттiлiгiн қамтиды. Келiсiмшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепiлдiктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзiнің отбасы мүшелерi құқықтарының сақталу құқығы көзделеді.