Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.
6. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мән белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт тіркелуге жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға қатысты хабарлама режимін белгілеуге құқылы тіркеу режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-бап. Хабарлама режимі
1. Хабарлама режимі валюталық операцияларға қатысушы резиденттердің және (немесе) уәкілетті банктердің, сондай-ақ клиенттер тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерістері туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.
Уәкілетті банктер және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тұрақты негізде есептер беру нысанында жүзеге асырылған валюталық операциялар туралы хабарлама беруге рұқсат етіледі.
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер хабардар етілуге жататын валюталық операцияларға қатысты тұрақты негізде есептер нысанында хабардар ету талабы белгіленбесе, валюталық операцияға қатысушы резидент валюталық шарт жасалғаннан кейін, бірақ ол бойынша міндеттемелерді тараптардың бірі орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге міндетті. Егер хабарлама тәртібі валюталық шартқа ол бойынша міндеттемелерді орындау процесінде қолданылған болса - валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлануға тиісті күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабарлайды.
Шетелдік банкте шот ашқан жағдайда хабардар ету осы Заңның 25-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайлар мен мерзімде жүзеге асырылады.
Егер резидент талапты басқаға беру немесе борышты аудару нәтижесінде хабарлама режимі қолданылған валюталық шарттың тарапы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде осындай валюталық шарт туралы хабардар етуге міндетті.
3. Тұрақты негізде есептер беру нысанында хабардар ету жағдайларын қоспағанда, хабарламаны растауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттің валюталық шарт туралы ақпаратты табыс еткен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Бұл ретте, валюталық операцияға қатысушы резидентке белгіленген үлгідегі құжат - хабарлама туралы куәлік беріледі.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негізінде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.
5. Уәкілетті банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары хабарлама туралы куәлік болмаған жағдайда клиенттердің валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлай отырып жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде мәміленің сомасына қатысты шекті мәні белгіленіп, одан асып кеткен кезде валюталық шарт хабарлануға жатады, хабарламаның нысаны мен тәртібі, сондай-ақ хабарлама режимінен ерекше жағдайлар белгіленеді.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 10-бап өзгертілді
10-бап. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар
Резиденттер қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тiгілген және қолтаңбамен (жеке және заңды тұлғалар үшін) және жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалар үшін мөрмен куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалаp үшiн);
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) заңды тұлғалар үшін - құрылтай құжаттарының (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
6) 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
8) өтінiш берушінiң талаптарға, оның iшiнде осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген біліктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;
9) резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы;
10) валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi танысу үшiн осы бапта аталған құжаттардың түпнұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.
Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылып ұсынылады.
11-бап. Валюталық мониторинг
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық мониторингтi Қазақстан Республикасының төлем балансының тұрақтылығын бағалау мақсатында жүзеге асырады.
Валюталық мониторингтің негізгі міндеттерi:
1) валюталық мониторинг объектілерi жүзеге асыратын валюталық операциялар бойынша ақпарат базасын жасау;
2) Қазақстан Республикасы төлем балансының, сыртқы борышының және халықаралық инвестициялық позициясының статистикасын, оларды талдау мен болжауды жетiлдiру болып табылады.
2. Резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс iстейтін филиалдары мен өкілдiктерi валюталық мониторинг объектiлерi болып табылады, Валюталық мониторинг қолданылатын қызметтiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайды.
3. Валюталық мониторинг белгіленген есептілік нысандарына сәйкес валюталық мониторинг объектiлерiнiң резиденттермен және резидент еместермен iске асыратын жобалары бойынша олардан ақпарат жинау әдiсiмен жүзеге асырылады.
4. Валюталық мониторинг жүргiзу үшiн есептілік мерзiмдерi мен нысандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде белгіленедi.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;
2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.
Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады.
Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.
2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:
1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;
4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.
3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді.
5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.
Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Осы бап талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды мемлекеттік кіріс органдарымен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
3-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ ПРИНЦИПТЕРI
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Резиденттер арасындағы валюталық операциялар
Резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:
1) тараптардың бірi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болатын операциялар;
2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;
3) валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;
4) номиналдық құны шетел валютасымен көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;
4-1) тазартылған құйма алтынды сатып алу және сату жөніндегі операциялар;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
4-2) мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын операциялар;
5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;
6) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;
7) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызмет көрсету кезінде есеп айырысуға байланысты операциялар;
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;
2015.16.11. № 403-V ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылықты жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;
10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.
Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай міндеттемелер, егер осындай міндеттемелер бойынша валюталық операциялар рұқсат етілсе, шетелдік валютада көрсетілуі мүмкін.
14-бап. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар
1. Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімi бойынша резидент еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер жасасуға құқылы.
2. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.
3. Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары және осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы.
4. Егер осы Заңның 20-24-баптарында аталған валюталық операцияларға қатысты валюталық реттеу режимдерi белгiленбесе, резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар хабарлама режимін белгiлеуге құқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртіппен шектеусіз жүзеге асырылады.
Осы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бірi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды.
15-бап. Резидент еместер арасындағы валюталық операциялар
1. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операциялар осы Заңның 16-бабында белгіленген талаптарды ескере отырып шектеусiз жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операцияларды жүргiзуге шектеулер осы Заңның 32-бабында көзделген жағдайларда ғана енгiзiлуi мүмкін.
16-бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі банктік шоттар арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар кірмейдi:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлғалардың ұлттық валютамен төлемдерi және ақша аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдары;
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 3-тармағына сәйкес жеке тұлғалардың уәкiлеттi банктерде банктік шот ашпай жүзеге асыратын ақша аударымдары;
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды сату кезінде, сондай-ақ халықаралық тасымалдаулар кезіндегі жүру жолында жолаушыларға тауарлар сату және қызметтер көрсету кезінде есеп айырысулар;
4) жеке тұлғалар мен уәкілетті банктердің немесе уәкілетті ұйымдардың арасындағы олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын төлемдер;
5) резидент заңды тұлғалардың резидент емес қызметкерлерге, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес қызметкерлерге шетел валютасымен жалақы төлеуі;
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты шығыстарын, оның ішінде өкілдік шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығуына байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) өз қызметін әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынастар үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;
2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар мен теңіз порттарында шет мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсетілгені үшін резидент еместер мен резидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ резидент еместердің аэронавигациялық қызмет көрсету, әуежай қызметі көрсететін қызметтерге және теңіз порттарының халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуі;
2016.26.07. № 12-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) резидент заңды тұлғалар мен өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгiленген сома шегiндегі ұлттық валютадағы төлемдер;
9) чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдер;
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердегі шоттар арқылы резидент еместер жүзеге асыратын операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары, сондай-ақ шетелдік банктердегі уәкілетті банктердің корреспонденттік шоттары арқылы төлемдер мен ақша аударымдары;
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)
10-1) осы Заңда белгіленген тәртіппен резиденттер ашқан шетелдік банктердің шоттары арқылы жүзеге асырылатын, мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес жасалатын резиденттермен операциялар бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда, резидент еместер резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын олардың шетелдiк банктердегi шоттарынан ақша аударымдары.
Резидент және резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргiзген кезде алған қолма-қол шетел валютасы олардың уәкілетті банктердегi банктік шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері тараптарының бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын операцияларға қолданылмайды.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңда оларға қатысты келісімшарттың есептік нөмірін тіркеу, хабарлау немесе алу талабы белгіленген валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы төлемдер қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүзеге асырылады.
3. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар белгіленген сома шегінде уәкiлеттi банктерде шот ашпай-ақ:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусiз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдердi, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттердi, гранттарды және басқаларын);
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) жеке тұлғаның кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты емес және осы Заңға сәйкес оған қатысты келісімшарттың есептік нөмірін алу, тiркеу, хабарлама талабы белгіленбеген өзге де ақша аударымдарын Қазақстан Республикасынан жүзеге асыруға құқылы.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Резиденттердiң және резидент еместердiң қолма-қол шетел валютасын пайдалану және банктік шотқа аудару тәртібі, сондай-ақ банк шотын ашпай-ақ ақша аударымдарының сомасы мен оларды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Шетел валютасын сатып алу және сату
1. Өздеріне берілген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен берілген құқыққа сәйкес шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктер шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елдерде сатуға және сатып алуға құқылы.
2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар уәкілетті банктерден, осындай уәкілетті банктердің айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізеді.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Уәкілетті банктер ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен есептеме беруге міндетті.
2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-бап өзгертілді; 2012.06.01. № 530-ІV ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттық бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптары сақталған кезде резиденттер мен бейрезиденттер шектеусіз жүзеге асырады.
2. Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациялаусыз Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.