Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің
тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңын iске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесiмдердiң тiзбесiн қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 216-1-баппен толықтырылсын:
«216-1-бап. Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын, банкті мәжбүрлеп таратуға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің ірі қатысушысы-жеке тұлғаның, ірі қатысушысы-заңды тұлғаның бірінші басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының, банктің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын орындайтын тұлғаның қасақана іс-әрекеті (әрекетсіздігі), -
үш мыңнан алты мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі мыңнан төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
2) 220-баптың екінші бөлігіндегі «бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға» деген сөздер «екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар):
1) 8-бапта:
1-тармақта:
«осы баптың 2 және 3-тармақтарында» деген сөздер «осы Заңда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сатып алуға» деген сөздерден кейін «, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қаржы ұйымдарының және екінші деңгейдегі банктердің күмәнді және үмітсіз талаптарын басқару және (немесе) оларды кейіннен өткізу, қайта құрылымдау және (немесе) секьюритилендіру үшін сатып алатын ұйымдардың;»;
2) тармақшадағы «листингтің ең жоғары санаты бойынша» деген сөздер «уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттары бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды. Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
2) 11-1-бапта:
5-тармақтың 7) тармақшасы «өтініш берілген күнгі» деген сөздерден кейін «және құжаттарды қарау кезеңінде» деген сөздермен толықтырылсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3) 17-бапта:
2-тармақтың екінші сөйлеміндегі «Қазақстан Даму Банкінің ғана» деген сөздер «Қазақстан Даму Банкінің және осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:
1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;
2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.
Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.
Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігі талаптарының бұзылуы анықталған кезде:
1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;
2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.»;
4) 17-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «ірі қатысушысының» деген сөздер «ірі қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «4-7» деген цифрлар «4, 5, 6, 7, 7-1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша «банктің акцияларын» деген сөздерден кейін «, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3) табыстары мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына табыс етілетін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге де құжаттарды;»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Банк холдингі мәртебесін иемденуге келісім алу үшін өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымы мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінен талап етілетін ең төмен рейтингтің болуын растайтын құжатты;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан алынатын, Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауды;
3) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иемденуге жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат (келісім) талап етілмейтіні туралы өтінішін табыс етеді.»;
9-тармақтың он екінші абзацындағы «болмауы негіз болып табылады.» деген сөздер «болмауы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не қаржы ұйымының ірі қатысушы-заңды тұлғасының бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Аталған талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.»;
12-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған немесе өтініш берушінің ірі қатысушы немесе банк холдингі мәртебесін иемденуі нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы бұзылған немесе банктің ірі қатысушылары немесе банк холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға өзіне тиесілі банк акцияларының санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
18-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк акциялары санының банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының санына және (немесе) банктің дауыс беретін акцияларының санына проценттік арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес проценттен кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап бір ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдайды.»;
5) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
«17-2-бап. Банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің сатып алу ерекшеліктері
1. Осы Заңның 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын Үкімет не ұлттық басқарушы холдинг сатып алатын акцияларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг орналастырылған акциялардың жалпы санының кемінде он проценті мөлшерінде сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы.
Банк акцияларына мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органға тіркеледі.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің банк акцияларын сатып алу туралы шешімі мыналарды:
банктің жарияланған орналастырылмаған немесе сатып алынған акциялары болмаған жағдайда не олардың саны жеткіліксіз болғанда, банктің жарияланған акцияларының жалпы саны соншама ұлғайтылатын акциялар санын;
мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасын және санын қамтуға тиіс.
3. Мәжбүрлеп орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың орналастыру (өткізу) бағасы және саны ұлттық басқарушы холдингтің не Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, акцияларды орналастыру (өткізу) туралы шешім қабылданған күні қалыптасқан нарықтық баға бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік органның не ұлттық басқарушы холдингтің бастамасы бойынша акцияларды орналастыру бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындауы мүмкін.
Акцияларды орналастыру бағасын бағалаушы айқындаған жағдайда бағалаумен байланысты шығындарды банк көтереді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің жарияланған акцияларын сатып алу және оларды ұлғайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізеді;
2) проспектіге өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
3) банкке акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді және тіркеуші мен орталық депозитарийді жарияланған акциялар санының ұлғайтылғаны жөнінде хабардар етеді.
Банк акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәліктің тұпнұсқасын қайтаруға міндетті.
5. Банк акцияларын сатып алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг құрамның отыз процентінен аспайтын санда банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындайды, олар мемлекеттің немесе ұлттық басқарушы холдингтің мүдделерін білдіретін өкілдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мемлекеттік меншікке билік етуге уәкілеттік берген мемлекеттік орган не ұлттық басқарушы холдинг банктің лауазымды адамдарын немесе қызметкерлерін ауыстыру, банк активтерін оңтайландыру, жарғылық капиталды ұлғайту туралы мәселелерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өзге де мәселелерді қарау үшін банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырады.
6. Банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауына алып келген, оның қаржылық жай-күйі жақсарған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі осы бапқа сәйкес сатып алынған банк акцияларын тікелей атаулы сату жолымен не қор биржасында сауда-саттық жолымен өткізу жөнінде шаралар қолданады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі банктің осы бапқа сәйкес сатып алынған акцияларын оларды сатып алған күннен бастап бір жыл ішінде өткізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жыл ішінде банктің қаржылық жағдайының жақсаруы болмаған кезде банк акцияларын өткізу мерзімін ұзартуға құқылы.
7. Банктің жарияланған акцияларының санын ұлғайту, банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы, сондай-ақ осы баптың негізінде банктің атқарушы органының және (немесе) басқару органының мүшелерін тағайындау банк органдарының шешім қабылдауынсыз жүзеге асырылады.
Акционерлердің банктің осы баптың 1-тармағына сәйкес орналастырылатын (өткізілетін) жарияланған акциялары бойынша басымдықпен сатып алу құқығы жоқ.»;
6) 19-баптың 3-тармағында:
6) тармақшасының екінші - бесінші абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«а) нотариат куәландырған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген құрылтай құжаттарының (жарғы, құрылтай шарты) төрт данасы, құрылтай жиналысы хаттамасының көшірмесі;»;
мынадай мазмұндағы б-2) тармақшасымен толықтырылсын:
«б-2) растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, акцияларды сатып алу үшін пайдаланылатын көздер мен қаражаттың сипатын қоса алғанда, банк акцияларын сатып алудың шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;»;
6) тармақшасының алтыншы абзацы 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
д), ж), з) тармақшалары алып тасталсын;
6) тармақшасының жетінші - тоғызыншы абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«и) құжаттарға қол қоюға құрылтайшылар уәкілеттік берген тұлға бекіткен, жаңадан құрылатын банктің қызмет стратегиясын, қызмет бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар есебі, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру жоспары), еңбек ресурстарын тарту жоспары), тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыруын ашып көрсететін бизнес-жоспары;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
7) тармақша 2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді
7) 20-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы «бас бухгалтері» деген сөздерден кейін «, ірі қатысушысы-жеке тұлғасы, ірі қатысушы (банк холдингі) заңды тұлғасының бірінші басшысы» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарма мүшелерінің саны кемінде үш адам болуға тиіс.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «банк басқармасының мүшелері» деген сөздер «банктің директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарма мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Директорлар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ тек қана банк қауіпсіздігі мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.»;
5-тармақта:
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның келісімінсіз банктің басшы қызметкерінің міндетін осы тармақта белгіленген мерзімнен артық атқаруға (уақытша жоқ болғанда оны ауыстыруға) тыйым салынады.»;
9-тармақта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасындағы «шеттету негіздері бойынша кері шақыртып алуға құқылы.» деген сөздер «шеттету;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) алынбаған немесе өтелмеген соттылығының болу негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.»;
екінші бөлік «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақ «бұзуға» деген сөзден кейін «не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөніндегі шараларды қолдануға» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ:
«бапта» деген сөзден кейін «банк басқармасының бірінші басшылары үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, бірінші басшы осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.»;
8) 24-баптың 1-тармағында:
8) тармақшасының екінші- алтыншы абзацтары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді
а) тармақшасындағы «банкінің» деген сөз «құжаттардың толық емес пакетін табыс ету не банктің» деген сөздермен ауыстырылсын;
г-1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысының:»;
мынадай мазмұндағы д-1) тармақшасымен толықтырылсын: