3. Тексеруді жүзеге асыратын тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясын не коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшін жауапты болады.
4. Уәкілетті органның қызметкерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеру барысында алынған мәліметтерді жария етуге не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
5. Өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген өкiлеттiктер шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері оқшауланған бөлімшелерінің, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру топтарының қызметін тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар анықталған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мынадай шарттардың бірін:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органынан аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуы;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісімнің, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингінің болуы орындалған кезде сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 46-бап өзгертілді; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 46- бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); ҚР 2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттер
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтер:
жарғылық капиталдың ең төмен мөлшерін;
төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін;
өтімділігі жоғары активтердің жеткіліктілігі нормативін;
активтерді әртараптандыру нормативтерін қамтиды.
Сақтандыру топтарына арналған пруденциялық норматив төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативі болып табылады.
Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтер, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша нормативтер белгілеуге құқылы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру холдингтерін не олардың лауазымды тұлғаларын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына ірі қатысушыларды немесе сақтандыру холдингтерін жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін бұзған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жіберуге тиіс. Бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың толық сипаттамасы мен мерзімдері бар жоспар төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативін бұзған күннен бастап бір ай ішінде берілуге тиіс.
4. Сақтандыру холдингтері, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының төлем қабілеттігі маржасының жеткіліктілік нормативтерін сақтау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының меншікті капиталын ұлғайту жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
5. Төлем қабілеттігі маржасы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелерінен активтердің асып түсуін білдіреді.
6. Кепілдік қоры сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында төлем қабілеттігі маржасының белгіленген ең аз мөлшерден төмендеуі нәтижесінде құрылады.
7. Сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғасымен (үлестес тұлғаларымен) жасалған шарты (шарттары) бойынша, сондай-ақ сақтандырудың және қайта сақтандырудың жекелеген сыныбы (түрі) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
8. Уәкілетті орган ипотекалық сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін төлем қабілеттігі маржасының ең аз деңгейіне, сондай-ақ ипотекалық сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы үшін сақтандыру резервтерін есептеу тәртібіне қойылатын қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаржылық есептілікке кірмейтін туынды қаржы құралдарының болуы және оларды пайдалануды шектеу туралы мәліметтерді уәкілетті органға береді.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.
11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобына қатысушы уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген, қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 46-1- баппен толықтырылды; 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 46-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және (немесе) сақтандыру холдингтерін жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.
2. Сақтандыру холдингі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иемденетін жеке тұлғалар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
3. Сақтандыру холдингі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру холдингі жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру холдингі уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерде ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 47-бап өзгертілді
47-бап. Сақтандыру резервтерi
1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.
2. Сақтандыру резервтерiнiң қаражаты тек қана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданылып жүрген сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз мiндеттемелерiн орындауға байланысты сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.
3. Сақтандыру резервтерiн есептеу әдiстемесiн қалыптастыруға және олардың құрылымына, соның ішінде қызметі лицензиялануға тиіс қоғамдарға қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 164-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 48-бап өзгертілді; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 48-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру холдингтері үшін тыйым салынған немесе шектелген қызмет
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
2014.10.06. № 206-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандыру холдингтерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелікті, сондай-ақ осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, операциялар мен мәмiлелердi кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерiн немесе акцияларын иемденуге, коммерциялық емес ұйымдарды құруға және олардың қызметiне қатысуға және осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асыруға тыйым салынады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу:
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымды;
қызметтің ерекше түрі ретінде сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларды;
сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерінің жүзеге асырылуына кепілдік беретін ұйымды;
сатып алынатын акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келуі шартымен орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он пайыздан аз мөлшерінде заңды тұлғаларды;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңына сәйкес 3-тармақтың 1) тармақшасының жетінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
қаржы ұйымдарын, сондай-ақ банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар, өзінде сақтандыру холдингі бар болған кезде орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алғандарын шегере отырып) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды. Бұл ретте, сақтандыру холдингінің болуы жөніндегі талап дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) сақтандыру холдингтерінің:
қаржы ұйымдарын;
банктер, сақтандыру ұйымдары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар мәртебесі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес заңды тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын сатып алуы бір заңды тұлға үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауы тиіс. Бұл шектеу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін не акцияларын иеленуіне, оның ішінде оларды құрған кезде қолданылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының елу пайызынан аспауға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының еншілес ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап Қазақстан Республикасының резиденті-еншілес банктеріне қолданылмайды.
Сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ғана сатып алуға құқылы. Бұл талап:
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына;
Қазақстан Республикасының резиденттері-еншілес банктерге;
сақтандыру холдингі аталған заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне тікелей иелік ететін (дауыс беруге, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал етуге мүмкіндігі бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе Қазақстан Республикасының резиденттері банктің акцияларына иелік ету арқылы (дауыс беру, шешімдерді айқындауға және (немесе) қабылданатын шешімдерге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) бас ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға;
сақтандыру холдингі болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері емес еншілес ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті еместерге мынадай талаптардың біреуін орындаған кезде:
сақтандыру холдингінде тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ аталған тұлғалардың шыққан елінің қаржылық қадағалау органынан олардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы бар болғанда;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі болған кезде қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген тыйым салу меншігіне мынадай:
1) сақтандыру холдингтерінің:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын;
талап етілетін ең төмен рейтингі бар облигацияларды сатып алуы жағдайларына қолданылмайды. Талап етілетін ең төмен рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының:
тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін қаржы құралдарын (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақта белгіленген шектеулер бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді осы ұйымның қайта құрылымданатын міндеттемелері тізбесіне енгізу шартымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің бұдан бұрын сатып алынғандардың орнына қайта құрылымдау процесіндегі ұйымдардың облигацияларын сатып алуы жағдайларына қолданылмайды.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына:
1) акциялардан басқа, бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
2) банктерден меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғаларына және қызметкерлеріне бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға қаржылық көмекті қоспағанда, өтеусіз негізде қаржылық көмек көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кез келген тәсілдермен қарыз беруге тыйым салынады.
6. Сақтандыру холдингтері осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызметтен басқа мынадай қызмет түрлерімен:
1) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғадан өз мұқтажына сатып алынған мүлікті сатып алумен;
2) қаржылық қызметімен байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетумен;
3) сақтандыру холдингінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын тұлғаға меншікті мүлкін сатумен айналысуға құқылы.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру холдингтеріне, тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасалған операцияларды қоспағанда, туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға тыйым салынады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің еншілес ұйымдарына, капиталында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру холдингінің қомақты қатысуы бар ұйымдарға тиесілі сақтандыру тобының бас ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) жиынтық үлесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын лимиттерден аспауға тиіс.
9. Осы баптың талаптары:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 ж. 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мынадай талаптардың бірін:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің А рейтингінен төмен емес жеке кредиттік рейтингі, сондай-ақ сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілеріне иеленген тұлға шыққан елдің қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауының болуын;
уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім, сондай-ақ рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар болғанда сақтандыру холдингі, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленген тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері еместерге қолданылмайды. Ең төменгі рейтинг пен рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
2) банк конгломераттарының құрамына кіретін банк холдингтері болып табылатын сақтандыру холдингтеріне;
3) аталған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына тікелей иелік ететін (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру холдингінің акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иелену (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігінің болуы) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларына жанама түрде ие (дауыс беру, шешімдерді айқындау және (немесе) қабылданатын шешімге шарттың күшіне қарай немесе өзгеше түрде ықпал ету мүмкіндігі бар) сақтандыру холдингтеріне;
4) қаржы ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру холдингтеріне қолданылмайды.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзіндік ұстап қалуының мөлшерінен асатын, өзі қабылдап алған сақтандыру тәуекелдерінің бір бөлігін Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына беруге міндетті. Рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бір үлестес тұлғасымен жасасқан сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша өзіндік ұстап қалудың жиынтық мөлшері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталының он пайызынан аспауға тиіс.
11. Осы баптың талаптары сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі резервтік қорының активтерін инвестициялауға қолданылмайды.