Осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайда, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы осы баптың 4-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген екінші салық кезеңі үшін қосылған құн салығы бойынша декларация табыс етілген айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарады.
6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша:
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;
2) осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлға үшін - қылмыстық әрекет басталған күннен бастап;
3) осы баптың 4-тармағының 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнінен бастап;
4) осы баптың 4-тармағының 8) тармақшасында белгіленген жағдайлар туындаған күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылды деп танылады.»;
10 және 11-тармақтар алып тасталсын;
148) 572-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібіменқағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.
Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініштітабыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.
3. Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.»;
4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
149) тармақша 2015 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
149) 573-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «бастап жүргізеді.» деген сөздер «бастап;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Кодекстің 571-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес салық органының шешімі бойынша салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған жағдайда - қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен бастап жүргізеді.»;
150) 574-бапта:
150) тармақшаның екінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2, 4, 5, 6, 7 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу болып табылады.»;
150) тармақшаның бесінші - сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлері бойынша (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізуді қоспағанда) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі деректерінің негізінде тиісті лицензиясы болған жағдайда жүргізіледі.
Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.
5. Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда) және 9) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісін, резервуарды, мұнай өнімдері базасын, жанармай құю станциясын, қойма үй-жайын (темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу кезінде) жалға алу шарттарының біреуі бір жылға дейінгі кезеңге жасалған кезде, осы шарттың не мұнайды берушілер үшін мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының (шартқа ерекшеліктерінің қосымшасымен бірге) көшірмесін қоса бере отырып, табыс етіледі.
Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда, шарттардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға қажет.
6. Салық органы:
1) салықтық өтініш берілген күннен бастап;
150) тармақшаның он бірінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) лицензиялауға жататын қызмет түрлері бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен мәліметтер алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.
7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындар) болған жағдайда тіркеу есебіне қою әрбір ойын мекемесі (стационарлық орындар) бойынша бөлек жүзеге асырылады.
Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызметтер көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.»;
«9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу есебіне алу әрбір салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект бойынша бөлек жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының мақсаттары үшін салық салуға байланысты объектілер деп мұнай өнімдерін өндірушінің өндіріс объектісі, мұнай өнімдері базасы, резервуар, жанармай құю станциясы, мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартында немесе мұнай өнімдерін өндірушімен (мұнайды берушілер үшін) жасалған шартқа қосымшада (ерекшелікте) көрсетілген мұнайдың және (немесе) газ конденсатының және мұнай өнімдері көлемінің шығымы, осы баптың 1-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.»;
150) тармақшаның он жетінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақ алып тасталсын;
151) 575-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушi тiркеу деректерінде көрсетiлген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтер өзгерген кезде өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердiң тiркелген жері бойынша салық органына осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті беруге мiндеттi.
2. Салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, салық органы осы Кодекстiң 574-бабының 4-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiшті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді жүргізеді.
Осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші салықтық өтінішке осы Кодекстiң 574-бабының 5-тармағында көрсетiлген, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгергенін растайтын құжатты қоса береді.
Салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасы табыс етілмеген жағдайда, шарттардың және (немесе) шарттарға қосымшалардың көшірмелері нотариатта куәландырылған болуға тиіс.»;
3-тармақ алып тасталсын;
152) 576-бапта:
1-тармақта:
152) тармақшаның үшінші - төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық органы салық төлеушіні осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініштің негізінде, лицензиялауға жатпайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен мынадай:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тіркеу деректерінде көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығаруға тиіс.»;
152) тармақшаның жетінші, сегізінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Салық төлеушіні лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған лицензия қолданысының тоқтатылуы туралы мәліметтердің негізінде жүргізеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу деректерінде көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есептен шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.»;
3-тармақта:
152) тармақшаның он екінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу шартының және (немесе) мұнай өнімдерін өндірушімен жасалған мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу шартының қолданысы тоқтатылған;»;
«3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодексте акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін үш айлық кезең ішінде оларды табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.»;
153) 579-баптың 5, 6 және 7-тармақтарымынадай редакцияда жазылсын:
«5. Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
6. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер:
1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындағаннан;
2) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін салық төлеушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұлдар қолданылған жағдайда, олар төленгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қабылданған салық органының бұйрығына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.
7. Әрекетсіз деп танылған салық төлеуші туралы мәліметтер салық органының тиісті бұйрығы қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады.»;
154) 580-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда - тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;»;
155) 581-бапта:
бірінші бөлікте:
1), 3), 3-1), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банк шоттарынан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шоттарынан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға банк шоттарын ашу кезінде уәкілетті органды олар ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдік пен жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы, көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы баптың осы тармақшасында және 3), 4), 6), 9) және 12) тармақшаларында көзделген міндеттерді орындауы мақсатында оларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық төлеуші туралы, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғалар туралы ақпарат табыс етіледі.
Көрсетілген шоттардың ашылғаны туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;»;
«3) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға арналған төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру қағидаларына және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті.
Төлем құжатында көрсетілген сәйкестендіру нөмірі сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның деректерімен сәйкес келмеген не ол болмаған жағдайларда, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осындай төлем құжатының акцептінен бас тартады.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 55-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетелдік және азаматтығы жоқ адам төлеген кезде қолданылмайды;
3-1) жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжаттарын қабылдаған кезде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның деректеріне сәйкес көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуін бақылауға міндетті. Бұл ретте осы бақылау жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірінің дұрыс көрсетілуіне ғана қолданылады.
Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлем құжатында көрсетілген жеңіл және жүк автомобильдерінің, автобустардың сәйкестендіру нөмірі жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерге сәйкес келмеген жағдайда, жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартады.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган табыс еткен деректерде көлік құралының сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, банктер немесе банк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдары салығын төлеуге арналған төлем құжатының акцептінен бас тартуға құқылы емес;»;
«8) нұсқамасы болған кезде, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның банк шоттары бойынша ақшасының бар-жоғын және жасалатын операцияларын тексеруге салық органдарының лауазымды адамын жіберуге;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;»;
12) тармақшада:
үшінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«салық салуға байланысты мәселелер бойынша - дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған, тексерілетін жеке тұлғаның;»;
«орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімнен кейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, алты ай өткенге дейін осы есептілікті табыс етпеген, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;»;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен аспайтын уақыт кезеңі үшін - осы Кодекстің 43-1-бабына сәйкес дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған жеке тұлғаның;»;
155) тармақшаның жиырма бірінші және жиырма екінші абзацтары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы Кодекске сәйкес табыс ететін мәліметтерді салық органдары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдаланады.»;
156) 583-бап мынадай мазмұндағы 7-2 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
156) тармақшаның екінші абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2020 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылады
«7-2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым бюджет қаражаты есебінен алған қосылған құн салығы сомасы субсидияларының сомалары жөніндегі мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша табыс етуге міндетті.»;
«9. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді берген кезде осындай көлік құралының Қазақстан Республикасының аумағына алғаш әкелінген күні туралы, сондай-ақ оны дайындаушы ел туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді.»;
157) 584-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы:
салық есептілігі үшін - пошта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
салықтық өтініш үшін - салық органдары алған күн;»;
158) 595-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың;»;
159) 597-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор - жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі.
Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың дербес шотын жабу жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;»;
160) 598-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қойылған жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі кезінде, осындай тұлғаның берешегі жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер осы Кодекстің 5-тарауында белгіленген шарттар сақталған кезде беріледі.»;
161) 607-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы - хабарламасын жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген оны табыс ету мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетін, корпоративтiк табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда, бұзушылық анықталған күннен бастап жіберіледі.
Уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателіктер туындауы себебінен осы тармақшада көрсетілген хабарламаны жіберу мерзімі бұзылған жағдайда, осы хабарлама мерзімінде жіберілген деп есептеледі. Бұл ретте осындай хабарлама бойынша салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу жөніндегі міндеттемелерді салық төлеуші осы Кодекстің 608-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде орындауға тиіс.
Осы тармақшаның ережелері осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушіге қатысты қолданылмайды;»;
162) 609-бапта:
1-тармақтың 2) және3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың банк шоттары бойынша (корреспонденттiк шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші - заңды тұлғаға осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.
Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін бір мезгілде қолданады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Заңды тұлға өзіне салық берешегін өтеу туралы хабарлама тапсырылғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде салық берешегін өтемеген жағдайда, салық органы заңды тұлғаның салық төлеуші құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.»;